Анама

Жарияланған материалдың жеке номері: 300


Еркелетіп айым деді,күнім деді,
Жалғызым.Шамшырағым,гүлім деді.
Мына мені босанған күн елестейді,
Анамның бір өліп,бір тірілгені.

Тұралмай кей-кездері құлағанда,
Шырылдап сырқаттанып жылағанда.
Түн ұйқысын төрт бөліп оянатын,
Тен келмейді бұл əлем,бұл адамға.

Анашым.Аяулы анам-бұлағымсың,
Шаңырақтың нұры мен шырағысың.
Алпыс екі тамырынан Зəмзəм аққан,
Сен менің мəңгі бақи жұмағымсың

Ердəулет Ауданбаев Сақтағанұлы

Алматы қаласы.Студент

Ұстаздарға арналған сертификаттар
18
Декабрь
0
24

Пікірлер: 0

avatar