Неге осы ...

Жарияланған материалдың жеке номері: 252


Неге осы...

Неге осы,түсінбейтін бейбақ көп?
Жаман жаққа жақсыларды қимақ көп.
Ырыс кетіп,күнде ұрыс-керіс боп,
Сауаптарын ерте бастан жимақ жоқ.

Неге осы,сүрінетін пенде көп?!
Абай айтты,ешкімге де сенбе деп.
Бір көргенде жылы жүзді болғанмен
Жылы жүзде көрінбейтін перде көп.

Неге осы,шүкіршілік етпейміз,
Өзімізден төмендерге кет дейміз,
Шенді көке шығып қалса мен жақтан
Қаламасын,қалап тұрсын беттейміз.

Неге осы,нәрестелер өз анасын ембейді?!
Тәукенің тұсы қайтіп неге келмейді?
Қоғамынан қысым көрген қария
Өз ұлынан жан жылуын көрмейді.

Тоқтар Думан

С.Сейфуллин атындағы №74 жббм. 10-сынып оқушысы

Ұстаздарға арналған сертификаттар
18
Декабрь
0
195

Пікірлер: 0

avatar