Ит пен қасқыр киесі

Жарияланған материалдың жеке номері: 133


Ит пен қасқыр киесі

Қазақта итті жеті қазынаға жатқызады. Бірақ, соның ішінде – құмай тазы. Басқа иттер сияқты емес, ол ерекше киелі жануар . Ит – үй жануары .Ол қасқырлар тегінен шыққан . Ертеректе бабаларымыз көкбөрінің ұрпғымыз деп иісінен жын – шайтанның өзі аулақ жүреді деген сенім бар.

Ит адамның досы, қамқоршысы . Ол иесіне адал қызмет етеді. Жақсы қарап баптасаң , ол да саған солай қарайды. Итті қараптан қарап өзін немесе күшіктерін өлтіруге болмайды. Онда оның киесіне ұшырап , бір жаманшылық болары хақ. Ит, жалпы қасқыр тұқымынан тараған дедік .

Қазақтың аңшылары қасқырды жаппай бірдей ата бермеген . Киелісін таныған. Қасқырлар өте ақылды болған . Жай ғана аш қасқырлар малға шапқан. Олар өздерінің жемтігін іздейді. Қасқырлардың ішінде басшысы болады. Олар да үйір болып жүреді екен.

Қасқырдың бәрі бірдей адамға жаманшылық әкеле бермейді. Қасқырдың да пайдасы бар . Мысалы , жол жүріп келе жатып орманда немесе тау арасында, жапан түзде адасып қатты қиналғанда , кейбір адамдарға « ақ қасқыр» көрінеді екен. Ол сол адасқанға жол көрсетіп, ерітіп әкеліп жолға шығарып жіберетін.

Татар аңызы да қызықты . Ерте заманда тау мен орман арасында көшіп жүрген татарлар жаудың қоршауына тап болып , қырылуға шақ қалғанда бұларды ғайыптан пайда болған ақ қасқыр келіп құтқарған. «Қорқыт ата кітабы» дейтін атақты эпоста оның кейіпкерлерінің өмірінде қасиетті қасқырдың маңызы зор екені айтылған. Қасқырды киелі деп табыну қазақ бақсыларының арасында да сақталған. XIX ғ. Өмір сүрген ақын Сүйінбай Аронұлы :
Бөрі басы - ұраным,
Бөрім менің байрағым,
Бөрілі байрақ көтерсе
Қозып кетер қайдағым, - деп жазған.
Қасқырдың киесіне ұшырау деген де бар .Оған Т.Әубәкіров былай дейді : « Бірде киесі бар қасқырды атып алғаным бар. Бір жыл кешірім сұрадым. Ол қасқырды төрт күн бойы қуалап, ата алмадық . Төртінші күні бір өзім әбден шаршатып, болдырған қасқырға жеттім. Қасымдағы жігіттер артымда қалып кеткен.Күн батып қалған кез. Қасқыр маған қарап шоқиып отыр. Қасына барып екеуміз сөйлесе бастадық. Қолымда винтовкам. Маған тесіліп қараған қасқыр бір кезде винтовкама қарап қатты да қалды.Бір кезде винтовкамның оқ салғышы сырт етіп өзінен өзі жерге түспесі бар ма. Менде де қимыл жоқ. Жайлап орнынан көтеріле берген қасқырға «Мынаның ішінде әлі бір оқ бар ,секірсең бірден өлесің» деп едім, түсінген секілді қайта отырды. Шанаға түсіп кеткен магазинді бір қолыммен алып орнына салып қойдым. Әлі күнге дейін түсінбеймін. Күні бойы тау мен тастан түспеген магазинім қасқыр қараған кезде қалай түсті? Сөйтіп қасқырмен арбасып отырған кезде жігіттер де жетті.Бұл қасқырды жайдан- жай атуға болмайтынын бір түйсігім сездіріп тұрды.Өзі де дәу екен. Тістері де аппақ. Қасқыр болса шоқиып әлі отыр. Суретке түсрдік. «Жігіттер мынаны жіберейік. Жайдан – жай атпайық,жүз мердей ұзасын ,бір рет атайық, тисе тиді ,болмаса жөнімен кете берсін» дедім. Ажалы жеткен екен ,бір атқаннан мұрттай ұшты . Қыстың күні болғанымен, күн жарқырап тұрған. Пысынап сырт киімімізді шешіп жүргенбіз ғой. Аңшылық бітті,үйге қайтайық деп,өлген қасқырды шанаға салып, қырық шақырымдай жердегі көлігімізге қарай бет алдық.Аяқ астынан күн алай – дүлей бұлттанып ,ызғар аяз тұрыпборан болып кетті. «Бұл киелі қасқыр,табиғат өз патшасымен қоштасып жатыр.Мұнымыз ақмақтық болды» деп шошынған жігіттерге түсіндірдім. Келесі жылы мүлдем жолым болмады. Ай толғанда қасқыр ұлиды,солардың түні болып саналады. Бір жыл бойы ай толған сайын кешірім сұрап жүрдім.Содан кейін ғана бір жыл өткен соң қасқырды қайтып атып алып жүрдім.
Тағы да бір дәлел,қазақтың «Шал» кинофильміндегі қасқырдың киесіне ұшыраған бір топ адамдарды да айтуға болады.
Міне, сондықтан әрбір жануардың да, ит – құстардың да киесі бар.Бостан босқа атып,қарғысқа қалмайық ,осыған сақ болайық !

Жумалиева Гулнар Тлегеновна

Маңғыстау обл,Бейнеу ауд,Боранқұл ауылы,Опорный орта мектебі

Ұстаздарға арналған сертификаттар
18
Декабрь
0
1974

Пікірлер: 0

avatar