«Заманға сай тәлімгер. Ол қандай?». (Эссе)

Жарияланған материалдың жеке номері: 164


Тәлімгер деген құрметті атаққа ие болудың өзі бір бақыт. Тәлімгер-өмірлік тәжірибесі мол, нағыз еңбекқор, ізденімпаз, ұшқыр ойлы маман. Жақсы тәлімгер шәкіртінің мәңгілік мақтанышына айнала алады.. Нағыз мықты тәлімгер ғана салауатты да, саналы, рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыра алады.
Тәлімгер – тәлім- тәрбие беріп, бағыт-бағдар көрсетуші, бар адами қасиеттерді бойына жиған талантты адам.
«Баланың бақыты жақсы тәлімгердің қолында» деген орыстың ұлы жазушысы Л.Толстой. Келешекте елдің тұтқасын ұстайтын бүгінгі жас ұрпақ болса, оны тәрбиелеп, ұшар биігіне шығаратын жақсы тәлімгер. Бүгінгі жаңа ғасырдың жаңашыл шәкірттерді тәрбиелеуші тәрбиешілер-тәлімгер деген есімнің ұлылығын дәлелдеген, ұлы тәлімгерлердің еңбегін жалғастырған жандар.
Бүгінгі таңдағы тәлімгердің жан-жақты дамыған, жеке тұлға қалыптастыруда атқарып жатқан еңбектері ұшан-теңіз.
Ұлы тәлімгерлердің жолын жалғастыра отырып, жаңашыл тәлімгер болмысын сомдар болсам, біріншіден , тәлімгер-үздіксіз ізденуші. Кез келген тосын сұраққа жауап беріп, кез келген ситуациядан шыға алатын білімдар жан. Ізденіс негізінде ол әрқашан теориялық білімін кеңейтіп, методикалық шеберлігін арттырады.
Білім жетілдіріп отыру-алға жылжудың ,жеңіске жақын жүрудің нышаны.
Түрлі тақырыптардағы курстарда бас қосып, тәжірибе алмасып, жүретін тәлімгер келешек ұрпақтың сапалы тәрбие алуы қажеттігін жадынан шығармай, кәсіби мәдениетті, жоғары білімді де білікті болуға тырысады.
Екіншіден, тәлімгер- еркін шығарамшылық иесі. Оны үйрете жүріп үйренуші деуге әбден болады. Өз бетінше іздене жүріп әрекетіне сараптама, талдау жасаумен қатар шығармашылығын да шыңдай түседі. Шығармашылықпен айналысатын өзге тәлімгерлер еңбегімен таныса жүріп, өзінің де шығармашылық , ізденіс жұмыстарымен бөліседі.
Үшіншіден, қазіргі заман талабына сай, жеке тұлға қалыптастыру үшін жаңа технологияны меңгерген тәлімгер дайын дүние бере салмай, шәкіртінің өзіне қажет мағлұмат алуына жол көрсетіп , бағыт-бағдар беруші болып табылады.
Өз бетінше қызыға , іздене бір нәрсені немесе бір әрекетті әр қырынан қарап, талдау жасауына көмектеседі.
Төртіншіден, тәлімгер шәкіртін үнемі қадағалаушы, жалпы сабаққа қатысуын, бос уақытын өткізуін қадағалаумен қатар , баланың жан-дүниесіне үңіліп, ішкі сырын, ойын, өмірге көзқарасын байқап, бақылап отырады.
Сондай –ақ тәлімгер—шебер ұйымдастырушы. Ата-анамен түрлі жұмыс түрлерін жүргізе отырып, бала, ата-ана, ұстаз арасындағы бірлікті күшейтеді.
Тәлімгер –жетелеуші, алға ұмтылдырушы. Әр баланың табиғи дарынын дер кезінде тани біліп жетілдіруші.
Алдына қойған мақсаты айқын, ісіне сүйіспеншілікпен, жауапкершілікпен қарайтын осынау тәлімгер бойынан байқағыштық, төзімділік, өз ісіне, шәкіртіне деген ерекше ілтипат пен мықты сенімділік төгіліп тұрады.
«Бала- балқытылған алтын, оны қандай қалыпқа құйып , нендей мүсін жасайтыны тәрбиешінің қолында деген екен бір дана. Елімізді 2030 жылында барысқа айналдыратын күш- бүгінгі жасөспірім. Сауатты , белсенді, іскер, тілі мен ұлтын қадір тұтатын ұрпақ тәрбиелеу тәлімгер қолында.

Казыбекова Арзия Мелсовна

Ақтобе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді орта мектебі

Ұстаздарға арналған сертификаттар
18
Декабрь
0
473

Пікірлер: 0

avatar