"Бағбанның ағашы, балабақшаның баласы"

Жарияланған материалдың жеке номері: 115


«Бағбанның ағашы, балабақшаның баласы.»
Белгілі –бір ұлттың ертеңін көргің келсе, оның өсіп келе жатқан бүлдіршіндеріне көз салу керек деген сөз бар. Еліміздің ертеңі болып табылатын жас бүлдіршіндерге жан-жақты біліммен қатар, ұлттық тәрбиені башылыққа алып, ұлтжанды, отан сүйгіш, болашақ патрет азаматтардың мықты фундаментін салуға үлес қосып жүрген мектепке дейінгі мекемелердің орыны ерекше.
Дегенмен, болашақ азаматтарды тәрбиелеу тек қана мектепке дейінгі ұйымдардың қолындағы дүние емес, оған отбасы, қоғам да үлкен үлес қосары һақ.
Отбасы мен балабақша бірлесіп тәрбиеленген бала жеміс берген ағашпен тең. Бұлай деуімнің себебі, жаңа отырғызылған бұтақ пен бала бойындағы қасиеттер ұқсас келеді.
Ең алдымен бұтақты отырғызпас бұрын, топыраққа үлкен мән беру керек. Сол сияқты мықты отбасы пайды болмас бұрын екі жастың бойында бір-біріне деген сүйіспеншілік, сыйластық, құрмет болуы керек, міне, осылардың барлығы құнарлы топырақ сынды.
Жаңа отырғызылған бұтақ нәзік секілді, отбасында да аппақ, кіршіксіз, таза сәби дүниеге есігін ашады.
Бұтақ – ағашқа айналып, қисық бұтақтарын шығара бастайды, онымен қоса, жан-жағына арам шөптер өседі.
Сол сияқты, Сәби балабақша жасына жеткенше өз бойына бірнеше қасиеттер жинап үлгереді. Олар: жылауық, қырсықтықтық, еркелік, өзгелерді жатырқайды, т.б.
Дәл сондай күйде көптеген бала балабақша табалдырығын аттайды. Бала тәрбиесіндегі келесі жұмысқа енді тек отбасы ғана емес оған балабақша ұжымы үлкен жауапкершілік алады. Яғни ағаш өсіруші бір ғана бағбан болса, бала тәрбиесіне жауапты отбасы мен балабақша болып есептеледі. Тұңғыш ағартушы педагог Ы. Алтынсарин айтып кеткендей «Күнәнің ең үлкені – бала жанының нәзік пернелерін дұрыс сезіне алмайтындарда» деген. Сондықтан әр істелген жұмасты мұқият болып орындау міндетті.
Бағбан ағашының қисық бұтақтарын кесіп баптаса, тәрбиеші де дәл сол сияқты бала бойындағы теріс әрекеттерін, кейбір қасиеттерін түзеуге кіріседі. Ағашқа су құйып, жылуын беріп, баптаған секілді, балаға тәрбие беру жұмытарын жүргізеді. Оның ішінде, тәртіпке баулу, қоршаған ортамен таныстыру, табиғатты аялау, бір-бірін сыйлау, үлкенге құрмет – кішіне іззет көрсету, т.б.
Ағашымыз өсіп, қатайғаннан кейін өз кезегінде жапырақтар шығара бастайды, яғни біздің бүлдіршініміз де жақсы қасиеттерді бойына жинап, өзгелерге үлгі көрсете бастайды.
Бағбан - өз ағашына үлкен күш-жігерін жұмсаған секілді тәрбиеші де баланы шын мәнінде сүйе білуі керек.
Бағбан үлкен еңбектен кейін ағашы жеміс беген секілді балабақшаның да атқарған жұмысының нәтижесі көрінеді, ол, бүлдіршін балабақшамен қоштасарда– ес біліп - әріп таниды, түс ажыратып – санау біледі, ертегі мазмұндап – өлең оқиды, ән айтып - би билейді. Міне, осы айтылғандар балабақша жұмысының нәтижі іспеттес.
Ақын ағамыз М. Жұмабаев бір сөзінде «Тәрбие - адам баласын кәміл жасқа толып, өзіне - өзі қожа болғанша азық беріп өсіру» - деген екен. Сондықтан біз балаларымыздың болашағына, тәрбиесіне жауапты жандармыз деп білуіміз керек.

Шериматова Богила Артикбаевна

СҚО Петропав қаласы "Салтанат " бөбекжай-бақшасы МКҚК

Ұстаздарға арналған сертификаттар
18
Декабрь
0
1390

Пікірлер: 0

avatar