Меню
Артқа » » » Материал жариялау

Баланы азаматтыққа баулу

  • 0.0 Рейтинг
  • 267 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 190

Баланы азаматтыққа баулу

Дәл қазір жанұялар да, мектептер де тәрбие ісінде мінсізбіз, бәрі шешімін тапқан, мін боларлық жайлар жоқ дей алмаймыз. Шындықты жасырмай айтсақ, тәрбие мәселелерінің кейбір талаптарын шеше алмай отырғанымызды, тәрбие барысында елеулі кемшіліктер жіберіп алып отырғанымызды мойындамасқа болмайды. Тәрбие әуелі отбасынан тамыр жаяды да, бұталары да, гүлдері де, жемісі де содан өсіп өнеді. Баланың меңгеруге тиісті үлгі өнеге мен өмір сүрудің қырлары мен сырларын ашатындай мектептердің де қолданыстағы бағдарламалары уақыт талабы мен талғамына сай деп айта алмай отырмыз. Балаларды қарым-қатынас мәдениеті мен азаматтыққа баулудың маңызы мектептегі ғылым негіздері пәндерінен кем емес, тіпті маңыздырақ болары сөзсіз. Кез келген адам бәрі бірдей математик, физик, химик бола бермейді, бірақ адамдық қарым-қатынас жасау мәнерін бәрі де білуге тиіс. Қарым-қатынас мәдениеті – адам тану білімі ретінде өркениетті адамзат дәуірінде өмір сүріп жатқан жастар үшін маңызы арта түсері анық.

Тәрбиеде қоғамдық мүдде мен баланың жеке мүддесі табиғи ұштасып жатса құба-құп.. Тәрбие ісі үшін өмір даналығы да, озық тәжірибелер де, шеберлік те, өнер де керек. Бұл іске бүкіл қоғамның рухани күштері жұмылдырылса қандай ғажап болар еді. Тәрбие беру ісіне сана мен сезімнің, даналық пен сүйіспеншіліктің қоғамдық қоспасы ретінде қаралатыны да сондықтан. Баланың ішкі жан дүниесінің байлығы мен тұнықтығын, сұлу да мөлдір болуын, жақсылық пен игілік атаулыға сенімділігін рухани күшпен, сүйішпеншілікпен қана сіңіре аламыз..

- Әлеуметтік-тұрмыстық мүдделер адамдар психологиясын өзгеріске ұшыратып жатқаны белгілі жай. Өмірдегі саналуан құбылыстарға селт етпейтін қуыс кеуделіктен, өзіндік сенімі жоқ, дүние танымы тайыздықтан артық кемдік жоқ екенін бала ертерек білгені дұрыс..Өмірге құштарлық өзекті жарып шығады. Оны қоғамдық сана-сезіммен салыстыра отырып, үнемі жаңартып, тот бастырмау дағдысына үйреткен жөн. Өзгелерге жалтақтап, олар не істеп жатыр, қайтер екен деп өз шешімін, өз толғанысын тап баса алмау – рухани дамудың тоқырауы.

Өмір мұраты, идеал, ақиқат – бәрі де адамды толғандыратын жайлар. Балаға не үшін, қандай қасиеттерді құптап, қандай іс-әрекеттерден аулақ болу, игілік пен кемшін тұстарды аңғара білетіндей естиярлыққа көзін жеткізіп отыру керек. Адамдардың барлығы бірдей кедір бұдырсыз, мүлде мінсіз емес. Албырттықтан немесе білместіктен кеткен қателіктер де аз болмайды. Адамның міні – қателіктері емес, сол өз қателіктерін сезіне білмеушіліктен болады. Күнделікті көріп-біліп, араласып жүретін қарапайым адамдар бойында да игілік пен адами қасиеттіліктің шынайы үлгілері болатынын аңғара білу керек. Идеалды болу дегеніміз өмір сүру салтымыздың тура өзінде екенін ұға алғаны дұрыс.
- Жапондар өз ұландарын қалай тәрбиелейтінін бір видео репортаждан көрдік, Токио базарында бір жасөспірім көтерме жүкші болып жүр. Ол жапонияның жоғарғы бизнес мектебінде оқитын байдың баласы екен. Аста төк өмірдің ортасында бұлаңдап өскен бұл баланы «.. кедей кім, тиын – тебен қолға қалай келеді, соны ұқсын. Қор болмайды. Кедейшілік өмірді көрген ол келешекте қайырымды болады» деп, бір апта базарға әдейі жібереді екен. Біздің әке – шешелері мықты еркетотайлар өлдік десек те көк базарға барып жүк тасымайды . Америка миллионерінің жаз болса бензоколонканың қасынан табылатын баласындай қазақ байының жазда қолына сыпырғы ұстаған перзентін көрмейсің .

. Қазіргі кезде табиғат тепе – теңдігін бұзатын материалдық өндіріс экологиясының проблемалары төңірегінде сан алуан зерттеулер жүргізіледі. Ал рухани өмір экологиясы мен педагогика экологиясы туралы тұжырымды зерттеулер күйі қандай күйде ?. Экология - адамзаттың кез келген қызметінің шекарасы. Ол өз шекарасынан шығып кетсе , адамның да , қоғамның да мүддесін бұзады. Психологтар айтуынша теледидардың 4-6 жастағы балаға ықпалы 3 түрде болатын көрнеді. Олар : - ұқсауға тырысу; - сезімнің топастануы; - өз қылығына жауаптылықты ұмыту. Кітапты түсініп оқу үшін оқуды үйрену керек, ал теледидар мен компьютер бейнесін көру үшін ештеңені үйренудің қажеті жоқ. Теледидар шамамен 3 жастан бастап түсінуге болатын ақпарат құралы. Демек, осы жастан бастап балаға ықпалы жүреді. Осылайша, баланың миы өз өміріне еш қажеті жоқ хабарлармен ластанып жатқанынан қабарсыз емеспіз.

- Жаңа дәуір азаматтарының басты қасиеті – мейірімді , адал да әділ болуға мүдделі болуы. Азаматтық дегеніміз біршама ел көзіне түсіп, бедел қорын жинап алған адамдарға берілетін атақтың атауы емес, парасаттылық пен пайымдылықты айқындайтын ұғым. Кісілік қасиет, ақыл мен парасат табиғат тартқан сый емес, оны адамдар өмір тәжірибесіне сүйеніп, тәрбиелеу нәтижесінде жинақтайды. Баланың бойына оны дарытатындар – оны тәрбиелеген адамдар. Баланың табиғаттан тиген үлесін өзі де үйлестіре алатындай, өз қабылетінің әміршісі өзі боларлық ынтасын оята алсақ үлкен жетістік сол болмақ. Бүгінгі балалардың ертеңгі азамат боларын ескеріп, мәңгі бала күйінде қала беретіндей қарамауымыз керек. Барлық ересектердің өмірлік даналығы – балаларды өмір сүре білуге баулудың маңызына жете мән беруінде жатыр.

Сәкен Бозаев Атырау облысы. Құлсары қаласы.

Сәкен Бозаев

Атырау облысы

Логин: sanbek

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Пікірді ешкім жазбаған.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз, ойыңызбен бөлісіңіз.
avatar