"Әйел бақыты-қоғам бақыты" дөңгелек үстел

Жарияланған материалдың жеке номері: 159


Хасенова Гульжан Балыкбаевна
Шакен Айманов атындағы Баянауыл
жалпы білім беретін мектеп-интернаты


"Әйел бақыты – қоғам бақыты"

Мақсаты:
Оқушыларға дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен таралатынын ұғындыру. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатқан, тот баспайтын,отбасы тәрбиенің қайнар көзі екендігін санамызда жаңғырту.
Өту формасы: дөңгелек үстел
Көрнекілігі: ұлағатты сөздер, ой толғау сұрақтары, шақыру билеті, фото-сурет, бейнекөрініс

Барысы:
І. Жүргізушінің кіріспе сөзі.
ІІ. Ән - жырдан шашу.
ІІІ. Қонақтарды қарсы алу.
IV. Тақырыпқа байланысты ой бөлісу.
V. Құттықтаулар, қорытынды сөз.

Бейнекөрініс: Мен қазақ қыздарына қайран қалам.mp4 (Қосымша)
Жүргізуші:
Армысыздар құрметті аналар, аяулы ұстаздар, көктемгі жауқазындай құлпырған әсем де сұлу қыздар!
Сіздерді «"Әйел бақыты – қоғам айнасы" атты дөңгелек үстелге қош келдіңіздер дейміз.
Жүргізуші: «Қазақстан-2050» стратегиясы –қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында әйел отбасының, мемлекеттің тірегі ретінде танылған.
Жүргізуші: Сонымен бірге “Әйелдердің саяси құқы туралы” және “Тұрмыстағы әйелдердің азаматтығы туралы” конвенцияларды, Халықаралық Еңбек ұйымының “Әйелдер мен еркектерді бірдей бағадағы еңбекте тең марапаттау туралы” конвенциясын да бекітті.
Жүргізуші: Яғни елімізде әйелдер мәселесіне байланысты құқықтық негіз жасалған.
Ұлттық жоспарды іске асыру нәтижесінде әйелдердің қоғамдық белсенділігі артып, саяси мәдениеті өсті.
.
Жүргізуші: Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді деген екен бір ғұлама. Қандай нақты айтылған ой десеңізші! Расында бар әйел қауымынсыз мына әлемді елестету мүмкін емес!
Жүргізуші: Иә, Құдайдан кейін құдірет иесі – ана. Мына жарық дүниеге әкелген Ана алдында бәріміздің де бас иетініміз сондықтан десек, бүгінде ұрпақ өсірумен қатар, ел еңсесін көтеріле түсуіне өз үлесін қосып келе жатқан қазақ әйелдері қандайда болмасын құрметке лайық.
Жүргізуші: Бүгінде қоғам өмірінің әйелдер араласпайтын саласы жоқ десе болады. Бірі ғалым , бірі саясаткер, енді біреулері дәрігер, кәсіпкер тізе берсең жалғаса береді. Солардың бірі аяулы ұстаздар. Аналар өмірдің барлық саласын меңгергеніне сөз жоқ, бас иеміз.
Жүргізуші: Енді, бүгінгі кештің көркін кіргізетін, тақырыпты танымды толғаныстарымен талқылайтын, салиқалы ақылдарын, тұжырымды ойларын ортаға салып,
қыздарымызбен еркін сырласатын қонақтарымызбен таныстырсақ. Олар.............................
Жүргізуші: Енді әсерлі әңгімемізді бастасақ. 8 наурыз халықаралық деңгейде аталып өтілетін мерекелердің бірі ғой.
Жүргізуші:
1. Ана – барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана – ұлы адам, Ана – құдіретті жан.
Құрметті .........................................., «...анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды» дегендей, сіз бақытты жансыз. Анаңызды әрдайым аялап, қуанышқа бөлеп жүрсіз, себебі арқашан жылы әрі көркем жүзіңізді көреміз үнемі.
-Сіздің анаңыз туралы, сол кісінің тәлімі жайлы аз - кем әңгімелеп кетсеңіз.
-Осы мейрам сіздердің жанұяларыңызда қандай ерекшелікпен өтеді?
Жүргізуші:
2. Ақыл парасатымен бір әулетті айрандай ұйытып, аузына қаратқан ару аналарымыз бірі - ..........................................
- «Қызым саған айтам, келінім сен тыңдае» дейді халық. Өз келіндеріңіздің басқан қадамын қаншалықты бақылауда ұстайсыз?
- Қыз баланы қонақ, жатжұрттық санап, оның бетінен қақпай, мейлінше еркін жіберіп, не кием, не ішем дегізбей өсіріп жатқан жанұялар бар. Алайда осындай тәлімнің кесірінен келін болған қыздар барған жерінде мінезін көрсетіп, керісіп жатады. Бұған қарсы айтар уәждеріңіз болса тыңдайық.
Бүгінгі келін ертеңгі ене еккенін ескерсек, енелермен келіндер тату болса, ел аман, жұрт тыныш болады. Рахмет сізге,.............
Жүргізуші:
3. Біздің сөздік қорымызда «әйел бақыты, ана бақыты» деген тіркестер бар. Осы райда, бүгінгі кешіміздің қадірлі қонағы, 70 пайыз әйелдер қоғамынан тұратын беделді басшы, 4 баланың анасы, сіз ...................................., осы ана бақыты туралы әңгімені жалғастырып жіберсеңіз.
Жүргізуші:
4. -. Данагөй халқымыз «Аяғын көріп асын іш, анасын көріп қызын ал» дегенді тегін айтпаса керек. Бұл сауалға мектебіміздің өзін-ізі тану пәнінің ұстазы, 4 баланың анасы ..................................қоймақшымыз. .........................., анаңыздың қай тұстарын өмірлік жолда қаншалықты тиімді қолданудасыз?
Жүргізуш:
5. Қазіргі уақытта бала тәрбиесінде кездесіп қалатын қиындықтарға бірден заманды, қоғамды кінәлай саламыз. Барлықтарыңыз бір - бір жанұяның әлпештеп өсірген қыздары болдыңыздар. Бүгін салыстырмалы түрде осы күнгі баланың тәрбиелену процесіне көзқарастарыңызды білсек? Бұл сұраққа жауап табу үшін, аяулы ана, ардақты жан, оқушыларымыздың сүйікті ұстазы, тіл маманы ................................... береміз.

Жүргізуші: бүгінгі кешіміздің тағы бір қонағы, ұлағатты ұстаз, мерейлі ана, өз анасын мәпелеп күтіп отырған, мектебіміздің психологі ................................ сөз кезегін береміз:
6.- Психологияда «байқатпай тәрбиелеу» деген бар. Бұл әдістің бала тәрбиесіне күшті әсер ететіні анықталған. Психологтар: «Құрғақ сөз тәрбие болмайды. Бала ата - анасының істегенін жасайды» деседі. Демек, балаларға қалай өмір сүруді айту емес, көрсету керек шығар? Сіз бұған не дейсіз?

Жүргізуші: Осындай жандардың құрметіне әсем әуенді әнді тарту етеміз. Қабыл алыңыздар. Мектебіміздің ұстазы, үш баланың анасы .............................. қызы ....................... «Қазақ қыздары» әнін орындайды.

Жүргізуші:
Әйел - Ана! Тарих! Өмір! Ұлылық!
Әйел - Ана! Күн шапағы жылылық.
Әйел - Ана! Өмірдің күре тамыры,
Әйел Ана! Пәк махаббат, сұлулық!- деген жыр шумақтарымен сырласу кешімізді аяқтаймыз.

Жүргізуші:
Құрметті аналар, аяулы ұстаздар, әсем де сұлу қыздар! Біздің ұйымдастырылып отырған дөңгелек үстелімізге келіп салиқалы да саналы ақыл - кеңетеріңізбен, ой - пікірлеріңізбен бөліскендеріңізге көп рахмет.

Хасенова Гульжан Балыкбаевна

`Шәкен Айманов атындағы жалпы орта білім беретін метеп-интернаты" КММ

Ұстаздарға арналған сертификаттар
18
Декабрь
0
1277

Пікірлер: 0

avatar