«Мәнгілік Ел» ұлттық идеясын білім беру ұйымдарында жүзеге асыру жолдары.

Жарияланған материалдың жеке номері: 150


«Мәнгілік Ел» ұлттық идеясын білім беру ұйымдарында жүзеге асыру жолдары.

Канапиянова Б.С, химия- биология пәнінің мұғалімі. «№23 орта мектеп» КММ. Өскемен қаласы.

«Ұлтын сүю - ұлтшылдық емес, ұлтжандылық»
Бауыржан Момышұлы.
«Мен мәнгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары, Қазақстан -2050 стратегиясының түпқазығы етіп алдым», «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тақырыбында өрбіген Жолдау Отанымыздың әлемнің дамыған елдері қатарынан орнымызды ойып алып, саяси беделімізді арттыра түсуге негіз болмақ.
Шыны керек, Елбасымыз Мәңгілік Елге бастайтын, абыройлы әрі мәртебелі жолды жалғастыратын жастарға, яғни тәрбие беретін болашақ ұрпаққа зор сенім артып отыр. Өйткені, Отанымыздың болашағын баянды етіп, аға буын салып кеткен сара жолды жалғастыратын – жастар! Сондықтан, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену жолында аянбай еңбек етіп, Қазақ Елін төрткүл дүниеге таныту – тікелей жастардың қолында! Ұлт Көшбасшысының, ел ертеңі – жастарға көбірек жүгіне сөйлеуі – осының айшықты дәлелі. «Бұл Стратегия Сіздерге арналған. Оны жүзеге асыратын да, жемісін көретін де сіздер. Елдің болашағын бірге жасаңыздар!» деген Елбасы Қазақстанның болашағын жастармен байланыстырады. Бұл бағытта ең алдымен берілетін тәрбие – азаматтық-патриоттық тәрбие болуы тиіс.
Мақсаты:
Қазақстандық патриотизмді сезіне білетін, өресі биік, рухани ойлау дәрежесі жоғары болып қалыптасқан, бәсекеге қабілетті, парасатты, іскер, Отан мен туған жерді құрметтейтін ұрпақты оқытып-тәрбиелеу.
Міндеттері:
1. Білікті азамат, елжанды тұлға ретінде белсенділіктерін қалыптастыру;
2. Туған өлкенің тарихи-мәдени дәстүрлерін тануға, құрметтеуге баулу;
3. Тұлғаны толерантты болуға, биік мәдениетке, адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу .
4. Оқушылар бойында борыш, ар, азаматтық ізгілік түсініктерін қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер:
1. Салауатты өмір салтын ұстанатын, дені сау жан-жақты жетілген алған білімін өмірде қолдана алатын жеке тулға тәрбиеленіп шығады;
2. Өз Отанын мақтан ететін білікті және елжанды, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптасады.
Азаматтық - патриоттық тәрбиенің негізгі элементтеріне мыналар жатады: ар-намыс, сезім, тәртіп , басқа адамдарға және мемлекетке құрмет, сенім, Отанын, ұлтын сүю, оны жаудан қорғау .
Азаматтық- патриоттық тәрбиенің негізгі мақсаты - Қазақстандық патриотизмді сезіне білетін, өресі биік, рухани ойлау дәрежесі жоғары болып қалыптасқан, бәсекеге қабілетті, парасатты, іскер, Отан мен туған жерді құрметтейтін ұрпақты оқытып-тәрбиелеу.
Осындай қойылған мақсатқа жету үшін көп жылдар бойы еңбектену керек.
Бірақ патриоттық сезім адамда өзінен өзі, не туғанда пайда болып қалмайды. Ол ерте жастан адамға әсер ететін, ұзақ мақсатты түрде бағытталған тәрбиенің қорытындысы. Патриотизм отбасынан , балабақшадан , ортадан, мектептен, қоғамдық мекемелерден, және түрлі қоғамдық ой-пікірлердің әсер етуімен қалыптасады.
Мектеп жеке тұлғаның рухани жан дүниесі мен патриоттық сезімінің қалыптасуына жүйелі жолға қойылған тәрбие беру негізінде қол жеткізеді. Демек, бала тәрбиесі – Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасының 12 бағытқа негізделген кешенді бағдарламаның 1 бағыты -қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға, Қазақстанның басқа халықтарының мәдениетін зерттеу және игеруге негізделген азаматтық ұстанымды және патриоттық сананы, қалыптастыруды көздеген.
Негізі, балаларымыз нағыз патриот болып өссін десек, үлкендерден бастау керек. Себебі, олар бізге қарап бой түзейді. Егер ата-аналарының, аға-әпкелерінің, ұстаздары мен тәрбиешілерінің туған жерін шексіз сүйетінін сезінсе, олардың жүректерінде де сүйіспеншілік арта түседі. Алдыңғы дөңгелек қалай жүрсе, соңғысы соның ізін басады емес пе?!
Мектеп қабырғасында Азаматтық-патриоттық тәрбие арнайы бекітілген жоспар бойынша жоспарланып сол құрылған жоспарға сай тәрбилейтін іс –шаралар өткізіледі. Өткізілетін іс- шаралардың мақсаты.
Жастардың туған жерін сүйіп, өз халқының тілін құрметтеуге , Отанының мүддесін қорғауға , өткен тарихын, халқының әдет-ғұрыптарын және салт-дәстүрлерін сыйлауға, жастарымыздың бойына елжандылық, азаматтық, жоғары ізгілік пен адамгершілік сезімдерді қалыптастыруға дамытуға бағытталған .

1. «Мәнгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру аясында оқушыларды тәрбиелеудің азаматтық-патриоттық жүйесін құру үшін
1.1 .Мұғалім сол жүйеге қатысты нормативті құжаттарды қарап , өзі жақсылап оқып танысып , анықтап содан кейін ғана қолданудың тиімді жолдарын іздестіру керек. Яғни, ұстаздардың біліктілігі, жан-жақтылығы, шығармашылдығы талапқа сай болуы тиіс. Сондай-ақ, мектеп директорлары, тәрбие ісінің меңгерушілері, барлық ұжым бұл іске белсенді араласуы керек.
Ең бастысы - оқушының бойында Отанына, Елбасына, туған өлкесіне деген сүйіспеншілігін оятуымыз керек.

1.2. Оқушыларға азаматтық-патриоттық білім қалыптастыру , үшін мұғалім сынып сағаттарын, қосымша сабақтар, өткізу керек. Сонымен бірге, әрбір пәннің өзінің патриоттық тәрбие берер тұсы бар. Кез келген тақырыптағы сабақта оқушыларды отансүйгіштікке баулитын жақтарды пайдалануға болады. Әсіресе, ақындар, жазушылар, сазгерлер жайлы сабақтардың берер мүмкіндігі мол.
Сабақта түрлері. – Оқулықтармен жұмыс.
-Аралас сабақтар
-әңгімелесу.
-сұхбаттасу ( соғыс ардагерлері, ауған соғысының ардагерлері,халық қаһармандары)
- шығармалармен таныстыру.
- түрлі ойындар ұйымдастыру.
- көрме ұйымдастыру.
- экскурсия ұйымдастыру (көрмелерге, қойылымдарға апару)
- фильмдер көрсету.
- суреттер байқауын ұйымдастыру.
- флеш- мобтар ұйымдастыру. Т.б.
Осындай әдіс – тәсілдерді қолданып ,Өткізген іс шаралар « Менің Президентім», «Менің туған өлкем» тақырыбында оқушыларға өлке тарихы, тарихи ескерткіштері, белгілі азаматтары туралы мағлұмат беретін стенд жасақталды. «Біздің ортақ үйіміз -Қазақстан», «Қазақстанның болашағы балалар көзімен» тақырыптарында сурет байқаулары, «Бабалар мұрасын сақтаймыз» атты ұлттық қолөнер көрмесі, Халықаралық тілдер фестивалі, «Мемлекеттік нышандар тарихын білесің бе?», «Тіл – достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы», «Тәуелсіздік туы желбірей берсін», «Қазақстан – менің мақтанышым, , «Ата Заң», «Бейбітшілік белдері» тақырыбында сынып сағаттары , 7-мамыр ҚР қарулы күштерінің құрылған күніне арналған ерлік сабақтары, патриоттық әндер байқауы т.б. игі шаралар өтеді.
Нәтижесі. Білім берудің әдіс- тәсілдерін , жаңа технологияларды қолдану арқылы осындай жүргізілген іс шаралардың нәтижесінде ғана біз оқушының көкейіне патриотизм туралы ой сала білсек, үлгі көрсетсек, онда заманға сай, қоғамға керекті азамат, отансүйгіш, елсүйгіш азамат, елге қызмет ететін қайраткер тәрбиелейміз деп ойлаймын.
1.3. Әрбір іс- шараны өткізгенен кейін Азаматтық-патриоттық туралы білімдері қалыптастыма, қаншалықты қалыптасты соны тексеру үшін келесі жүйе ол- бағалау жүйесін қолдануға болады. Бағалау кезінде сабақтың төмендегідей әдіс – тәсілдерін қолдануға болады .
- Тест тапсырмаларын орындату.
- Сауалнамалар жүргізу.
- Ребустар шештіру.
- Сөзжұмақтар шештіру.
- Нақыл- сөздер айттыру.
- Мақал- мәтелдер .
- Сұрақтар беріп, жауаптар жаздыру т.б.
1.4. Келесі жүйе ол- бақылау. Қазақстандық патриотизмді сезіне білетін, өресі биік, рухани ойлау дәрежесі жоғары болып қалыптасқан, бәсекеге қабілетті, парасатты, іскер, Отан мен туған жерді құрметтейтін ұрпақты толық қанды біліммен қаруландырып , оның білімін бағалап алағаннан кейін енді ол оқушы осы алған білімдерін практикада қолдана алама соны зерттейтін жүйе бақылау.
Журнал немесе кітапша жасау, эссе, шығарма, басқа сыныптармен , мұғалімдермен іс- шаралар өткізсін, акциялар , конференция ұйымдастырсын, волонтерлік істер жасасын.
Қорыта келе.
«Мәнгілік Ел» ұлттық идеясы жүзеге асыру аясында
оқушыларды азаматтық-патриоттыққа тәрбиелеуде осы ұсынып отырған жүйемнен.
Күтілетін нәтижелер:
1.Салауатты өмір салтын ұстанатын, дені сау жан-жақты жетілген жеке тулға тәрбиеленіп шығады;
2.Өз Отанын мақтан ететін білікті және елжанды . бәсекеге қабілетті тұлға қалыптасады деп ойлаймын.
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты мақсатының бірі – жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, отан сүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру болып табылады.

Олай болса Қазақстандық патриотизм мен толеранттылыққа тәрбиелеу - басты парызымыз.
Тәуелсіздігіміздің тірегі – білімді әрі саналы, парасатты, жан-жақты мәдениетті, еліміздің еңсесін өркениетке жетелейтін патриот азаматтарымыздың көп болуы үшін бәріміз жұмыла атсалысақ ғана нәтижеге жетеміз.

Қолданылған әдебиеттер.
1.Назарбаев Н. Қазақстан – 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. - Алматы: 2012
2. Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы.
3. "Қазақстан-2030" даму стратегиясы.




,

Канапиянова Булбул Слямбековна

ШҚО, Оскемен қаласы №23 орта мектебі

Ұстаздарға арналған сертификаттар
18
Декабрь
0
1140

Пікірлер: 0

avatar