Меню
Артқа » » » Материал жариялау

Сырласайық, жеңеше...

  • 0.0 Рейтинг
  • 3621 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 77

№ 23 жалпы орта мектебі

Баяндама
«Сырласайық жеңеше...»

Орындаған:
әлеуметтік педагог
Г.Казакбаева

Дана халқымыз: «Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі», «Шешесі отырып, қызы сөйлегеннен без», «Қызым, саған – айтам, келінім сен -тыңда», - деген. Ата бабаларымыз қыз баланың тәртібі мен тәлім-тәрбиесін жоғары бағалап, қыздарды адамгершілікке, ізгілікке, әдептілікке, ар-ұяттылыққа, нысаптылыққа, мәдениеттілікке, тәртіптілікке, еңбекшілдікке, сұлулыққа, сымбаттылыққа баулыған.
Қыз тәрбиесі қай заманда да өз өзектілігін жоғалтқан емес. Себебі ұлттың болашағы – қыз тәрбиесімен тікелей байланысты. Қыз баланы ертеңгі елдің азаматтарын тәрбиелейтін ана деп өсіру – қазақ халқының сонау ғасырлардан бойына сіңген жақсы қасиеттерінің бірі.
Бүгінгі таңда заман талабына сай қыз балалары өз алдына мақсат қойып, сол мақсатқа жету үшін білім алып, еңбек етуге толықтай мүмкіндігі бар және де сол үшін бар жағдай жасалған. Қазіргі білім беру ошақтары қыз балаларға тек білім берумен ғана шектеліп отырған жоқ. Қыз баланың үйден тыс жердегі тәрбиесі, өзін өзі ұстауы, әрбір басқан қадамы үшін ата-анасымен бірге мектеп ұжымы да жауап береді.
Бүгінгі күні қасиетті Түркістан қаласы мен оны айналасындағы елді-мекендегі оқушы болып жүріп аяғы ауыр болып қалған қыздардың санын айтудың өзі жүрекке қорқыныш ұялатады. Сол себепті мектепте оқитын оқушы қыздардың шалыс қадам баспауына, ар абыройын биік ұстауына, қоғамда өзінің орнын табуына ықпал ету біздің тікелей міндетіміз. Ол әрине оқушы қыздардың күнделікті мектепке келіп кетуінен бастау алады.
Бүгінгі менің баяндамам «Сырласайық жеңеше...» деп аталады. Бұл баяндаманы жазудағы мақсатым оқушы қыздарға өмірлік пайдалы кеңестер беру арқылы, түзу жол көрсету, тәрбиелік мәні бар ақпараттарды беру.
Қазақта «Қызға қырық үйден тыйым» деп аталатын тәрбие бар. Еліміздің ертеңі қыздар, өздеріңізде. Сол себепті қыз баланы тәрбиелеуде дәстүрдің озығын тиімді пайдалануымыз керек. Қызға қырық үйден тыйым деген сөзді естігенімізбен сол қырық тыйымды біріміз білсек біріміз біле бермейміз. Олар:
1. Үлкенге сәлем бер, жолын кесіп өтпе, жалғыз қыдыруға тыйым;
2. Үлкендер алдында жарыса сөйлеме;
3. Талтайып отырма;
4. Шалқайып жатпа;
5. Көп алдында ұятқа қалмауды, ағайынға жеккөрінішті болмауды әрқашан ойлап жүр;
6. Орынсыз іске ұрынба;
7. Өтірік, өсек айтпа және оны айтушыларды тыңдама;
8. Әурет жерлеріңді ашық-шашық жруге тыйым;
9. Өзгелерге тіл және қол тигізуге тыйым;
10. Кісіге қарап керілуге, есінеуге тыйым;
11. Дастархан үстінде әдемі отыр, әдепті сөйле. Орынсыз сөйлеме;
12. Ұрлық қарлыққа тыйым;
13. Жаназа оқылып жатқан жерден айналып кетпе. Жерлеуге бара жатқандардан озба, жолын кеспе;
14. Бұраңдауға, қылымсуға тыйым;
15. Қызыл іңірде жатып, түске дейін ұйықтауға тыйым;
16. Жалқаулыққа, ластыққа тыйым;
17. Кісі алдында қасынуға, киім ауыстыруға тыйым;
18. Аш болсаң да, тоқ болсаң да Аллаһты естен шығарма;
19. Бейәдеп сөз айтудан тыйым;
20. Үйге, мешітке, қасиетті орындарға оң аяқпен кіру керек. Үлкендердің атын атама;
21. Ішімдік шегімдікке тыйым;
22. Ұрыс-керіске тыйым;
23. Беттен алып, төске шабудан тыйым;
24. Ер адамның киімін киме;
25. Біреудің дүние мүлкіне, аұшасына сұқтанба;
26. Түнде суға жалғыз барма;
27. Жат жыныстылармен араласып жатпа;
28. Құран, намаз оқылып жатқанда сөйлеме, қозғалма, тұрып кетпе;
29. Тарс-тұрс жүріс, қарқ-күрк күлме;
30. Ерді қорлама, ғайбаттама;
31. Адамды және жан-жануарларды теппе;
32. Бүйірін және жағыңды таянба;
33. Тәкәппар, сайқымазақ болма;
34. Тамақты өз алдыңнан же, кіс алдындағыға қол созба;
35. Шектен тыс боянба;
36. Қызғаншақ, күншіл болма;
37. Менмен өзімшіл болма;
38. Алдап-арбаушы болма;
39. Көрсеқызар, нәпсіқұмар болма;
40. Тойымсыз болма.
Мықында тұратын (на ведрах) шалбардың зияны туралы айта кетсем.
Кіндікте адам ағзасында кездесетін 12 түрлі нүкте бар. Және осы нүктелердің бәрінің тоғысатын жері тап осы кіндік болып саналады. Алайда ол жер свыртқы ортаның кез-келген әсерінен жеткілікті қорғалмаған. Әсіресе, суыққа бейім. Сондықтан кейде аяқ астынан ішіміз қатты бүріп ауыратыны бар. Халықта мұны «жел қарысқан» деп жатады. Ондайда дәрі дәрмек іздеп сабылатынымыз белгілі.
Адамның ішкі құрылысында орналасқан бауыр, жүрек, өкпе сияқты мүшелер қабырғаның астында орналасқандықтан оларға зиян болады деу қиын. Ал келте киімнің салдарынан ащы ішек кіндікке тым жақын орналасқан. Қатты суық тигенде адамның іші бүріп ауыратыны осыдан болады. Ал бүйрекке суық тигенде ұзақ уақыт бойы білінбейді. Қыз бала тұрмысқа шыққан соң аяғы ауырлағанда немесе қатты суықтағанда ғана білінуі мүмкін. Мұндай кезде екіқабат әйелде аяқтың ісуі, қан қысымы және бас ауыруы жиі байқалады. Бұл да келте киім кигеннен болады. Ал бел омыртқаның айналасында бұлшық ет көп. Сондықтан ол жер көп зардап шеге қоймайды. Тек ауыр зат көтергенде ғана кілт етуі мүмкін.
Түйіп айтқанда, көпшілік ортада жүргенде кіндігі көрініп жүргеннің ерсілігі өз алдына, денсаулыққа да зиян екенін қаракөз қыздарымыз біліп жүрсе екен.
Осы айтылған нәрселерді оң жағынан қабылдап, бойына ең болмағанда жартысын қабылдап сіңірген қыздарымыздың ертеңгі күні өз ар-намысын, абыройын қорғай алатындығына сенімім мол.

Казакбаева Гульзажира Камардиновна

ОҚО Түркістан қаласы №23 жалпы орта мектебі

Логин: Жази

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Пікірді ешкім жазбаған.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз, ойыңызбен бөлісіңіз.
avatar