ТӘРБИЕ ТАЛ БЕСІКТЕН

Жарияланған материалдың жеке номері: 272


Отбасым тірегім.
Отбасы-сыйластық жарастық орнаған орта, кішкентай - Отан. « Отан-отбасынаң басталады» дегендей отанды сүю -отбасынан басталатыны рас. Себебі, отбасы- бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдін жылуы -оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәнгі есінде жүреді. Отбасы- табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуге отбасы - алғашқы қадам. Отбасы -өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ деп ойлаймын.Отбасының басты қызығы – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың баланың міндетін атқару ғана емес, береке, бірлік, сүйспеншілікпен араласса, босағасы берік, шанырағы биік отбасына айналары сөзсіз. Ата мен ана - бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі. «Ата асқар тау, Ана- бауырдағы бұлақ,Бала-жағасындағы құрақ» -деп ата-ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран қаларсың.Адалдық пен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те отбасында шын ықылас пейілменен баланың көкірегінде орын тебеді. Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін ана, бұлар - жанұя мектебінің ұзтаздары болады. Әке мен ананың баласына қоятын ең бірінші басты талап -тілектері ,баланың әдепті болып өсуі. Қазақ халқы отбасындағы тәрбиені ең бірінші орынға қойған. Ата-ана балаларына қандай тәрбие берсе, ертең ол бала өскенде сол тәрбие арқылы өмірдің жаңа баспалдақтарынан өтеді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»,- деп қазақ халқы бекер айтпаған. Бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Ұлын ұлтжанды, қызын инабатты, сыпайы етіп өсіру ол әр ата-ананың міндеті болып табылады.

ТУЛПАИСОВА ГУЛЬМИРА ЖУНЫСКАНОВНА

"Бүлдіршін" бөбекжай балабақшасы

Ұстаздарға арналған сертификаттар
18
Декабрь
0
66

Пікірлер: 0

avatar