Жоғарғы сынып оқушыларының оқу үрдісінде стресске ұшырауының себептері.

Жарияланған материалдың жеке номері: 143


Жасөспірімдік кезеңді стресс, қорқыныш және қарама-қайшылық кезеңі ретінде бейнелеу өзінің ұзақ тарихымен белгілі. Бұндай суреттеуді ең алғаш рет француз ойшылық және ғалымы Жан- Жак Руссо ұсынды. Ол өзінің 1762 жылы шыққан «Эмиль немесе тәрбие» туралы трактатында жасөспірімдік кезеңді «екінші дүниеге келу», «дауыл және шектеу» ретінде жазған.
Жасөспірімдік кезеңді бұлай суреттеуді неміс романтиктері жалғастырды. Олардың көрсетуінше бұл кезең адамның қайғылы тағдыр уақыты дейді.
Ішкі қысым, тұрақсыздық және қарама-қайшылық басым болатын бұл кезеңге эмоционалдық дауыл ретінде қарау қазіргі кезеңдік психологияға да келді. Оның келуіне ұйытқы болғандардың бірі-Стэнли Холл болды.
Ол 1904 жылы өз еңбегін, жасөспірімдік кезеңге арналған, жариялады. Бүгіннің өзінде де бұл еңбектегі үлкен мөлшердегі ақпаратқа таң қалмау мүмкін емес. Онда жасөспірімдік кезеңге тән денелік жетілу, патология және құқық бұзушылықтың көптеген аспектілері қарастырылған. Оның “Storn and stress” концепциясы «Sturn and Drang»-тан тікелей шығатын («дауыл және шектеу» неміс романтиктерінен) көбірек жасөспірімнің ішкі әлеміне тән ұшып-қонуды адекватты бейнелейді.
Стресс – тұлғаның эмоционалдық өмірін зақымдайды. Стресс көңілдің бұзылуы мен мазасыздануына әкеледі. Жасөспірімдік шақта бұндай кездер жиі кездеседі. Көңіл түсіңкі және еш нәрсеге қызығушылығы болмайды. Стресс түсінігінің әлі дұрыс анықтамасы жоқ екенін жоғарыда айтқанбыз. Әр түрлі жиынтықтарда үш негізгі моменттер берілген. (И.Вайнер, 1980):
1. Стресс танымдық ұстаным ретінде өзіне, әлемге және болашаққа жағымды қатынасты қосады.
2. Стресс «үйретілген дәрменсіздік» жағдай ретінде, өзінің өмірлік жайттарын қадағалауға қабілетсіздік сезімі.
3. Стресс тұлғаға қажетті жағымды бекітулер алу үшін әрекет жасауға қабілетсіздік.
Жасөспірімдерде стресс жүруінің белгілері мен сипаты үлкен адамдардағыдай біркелкі емес. Дегенмен, оларда кейбір жастық ерекшеліктер бар:
Жасөспірімдерде стресстің басталуы мектептегі, жанұядағы драмалық өмір кезеңдерімен байланысты (У.Хадженс, 1974). Сонымен бірге маңыздысы индивидуалды-типологиялық факторлар, соның ішінде локус қадағалау. Айта кететін жайт, бұл түсінік бойынша индивид маңызды оқиғаларға жауапкершілігін өзіне (ішкі, интерналдық локус) немесе сыртқы факторларға- өзге адамдарға, объективті жағдайларға, тағдырға (сыртқы экстерналдық локус). Экстерналдық локусы бар жасөспірімдер стресске ұшырауға бейімдірек және оны ауыр кешеді. (Л.Зигель және Н.Гриффин,1984).
Стресстің пайда болуына жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктерінің өзгермеуі мен сәтсіздіктері әсер етеді. Лангитюдтік мәліметтерге сәйкес (М.Селигман және Г.Элдер, 1986) бұл қажеттілік жанұялық ортада (балалар оны әке-шешелерінен қабылдайды), жақындардан айырылуымен, сонымен бірге мұғалімдер жағынан сынаулармен байланысты ерте уайымдаулар пайда болады.
Жоғарғы сынып оқушыларының оқу үрдісінде стресске ұшырауы оның тек оқу әрекетіне ғана байланысты емес, сонымен қатар әр түрлі өмір жағдайларына, әр түрлі басқа қызмет түрлеріне, қарама-қатынасқа, қоршаған ортасына да бойланысты болады. Сондықтан стресстің пайда болу себептерін анықтағанда, стресстің пайда болуының көзі болуы мүмкін әр түрлі өмірлік жағдайларының ықпал ету ерекшеліктерін ескереотырып қарастыру керек.
Күнделікті өмірдегі стресс аймағы П.Т.Вонг бойынша
Ортаңғы ішкі шаршыда «мен күші», «ақыл –ой күші», психикалық энергия немесе ішкі ресурстар деп аталатын біздің тіршілік етуіміздің мәні белгіленген. Ол өмірлік дағдарыстарды индивидке жеңуге көмектеседі және стресске қарсы тұру интенсивтілігін анықтайды. Бұл ресурстың төмендеу стресспен байланысты әр түрлі бұзылыстарға, мысалы, үрей, қорқыныш, орын таба алмаушылық дипрессияға ұшырауына әкелуі мүмкін.
Келесі бөлім – тұлғаішілік стресс. Көптеген біздің сыртқы әлемге талаптарымыз және олардың бізге әсері осы стресс түрімен байланысты. Бұл бөлім біздің барлық өмір сферасына ықпал жасайтын орталықтанған күш ретінде болып табылады. Егерде біз әлемімізде өз-өзімізбен болмасақ, онда біздің ішкі қайғыруларымыз, уайымдауларымыз сыртқы әлемге әсер етіп және тұлға аралық өзара байланыстың бұзылуына жағымсыз қатынас негізінде көрінеді. Бұл стресс категориясына жүзеге аспаған қалаулар, іске аспаған қажеттіліктер, пайдасыз және керексіз қылықтар, ауыр еске алулар, оқиғаларды адекватсыз бағалау және т.б. сияқты жағдайлар жатады.
Тұлғаралық стресс бөлімі белгілі бір өмір салаларымен өзара байланыс жасайды. Себебі әр адамға өз әрекетінде әр түрлі әлеуметтік сұрақтарды шешуге тура келеді, өзге адамдармен әрекеттесу және оның бағалауы біздің қабылдауымызға, уайымдауларымызға, жағдайларға және сыртқы әлем құбылыстарына қатынасымызға елеулі ықпал жасайды. Көптеген өмірлік мәселелер адамдар арасындағы қатынастың проблемасы болып табылады.
Тұлғалық стресстің индивид не жасап жатқанына және оған берілген мысалы, ата-ананың, ерінің, қызметкердің ролін және т.б. әлеуметтік ролдерді қалай жүзеге асырады және бұзатын уақытта онымен не болатынына қатынасы бар. Ол денсаулықтың бұзылуы, жағымсыз әдеттер, сексуалдық қиындықтар, ішпісу, қартаю, зейнетақыға кету сияқты құбылыстармен байланысты көрінеді.
Жанұялық стресс өзіне жанұя ішіндегі барлық қиындықтарды қосады. Ол-үй ішіндегі жұмыс, тектер арасындағы қарама-қайшылық, жанұядағы ауру немесе өлім, ішімдік, ажырасу және с.с.
Еңбектік стресс көбіне ауыр жұмыс күшімен, жұмыс нәтижесін қадағалаудың жоқтығынан, ролдік анықсыздықтан және ролдік қарама-қайшылықпен байланысты. Жұмыс қауіпсіздігін нашар қамтамасыз ету,
еңбекті әділетсіз бағалау, оның ұйымдастырылуының бұзылуы стресс пайда болуының көзі болуы мүмкін.
Қоғамдық стресс адамдардың үлкен топтары бастан кешетін проблемаларға жатады. Мысалы, экономикалық тоқыру, кедейшілік, расалық қысым, банкрот болу және дискриминация және т.б.
Экологиялық стресс қоршаған ортаның экстремалды жағдайларының ықпал жасауымен негізделеді. Бұндай ықпалды күту немесе оның нәтижесі – ластанған ауа және су, қатал ауа райының жағдайы, нашар көршілер, дыбыстың жоғары деңгейі және с.с.
Қаржылық стресс түсіндіруді қажет етпейді. Есепті төлеу мүмкінсіздігі, қарыз алудағы қиыншылықтар, жұмыс нәтижесінің жалақы деңгейімен сәйкес келмеуі, қосымша қаржылық шығындар, осы және басқа да себептер стресс пайда болуына әсер етеді.
Тұлғаішілік стресс детальды қарастыруды қажет етеді. Ол бірінші жағынан оған жеткілікті көңіл бөлінбегеніне байланысты болса, екінші жағынан, ол әртүрлі өмірлік оқиғаларды жобалауы мүмкін және оған қатынас ерекшеліктеріне ықпал жасап және индивид мінез-құлқына әсер ететініне байланысты.
Көптеген өмірлік проблемелер өткен шақпен байлансты. Жайсыз жанұяда болған ашулар және моральдық жарақаттар, ата-аналармен шешілмеген қарама-қайшылықтар және басқа да көптеген проблемалар адамды көп жылдар бойы мазалауы мүмкін. Ұялу және кінәлау сезімі адамды өткен өміріне байлайды. Кейде жасанды ішімдікпен және басқа да әдістермен басылған жағымсыз еске алулар мен эмоциялар ішкі қысымның өтпейтін көзі болып табылады.
Өмір қзіргі таңдағы ішкі стрессорлармен толы. Тіршілік ету дағдарысы (экзистенционалдық дағдарыс) өмірдегі маңызына қатысты, сонымен бірге өмірдің өзінің маңыздылығы мазлайды. Жағымсыз эмоционалдық дистрессті бастан кешіруге бағыттайды. Эмоционалдық реактивтіліктің жоғары деңгейі әркез бұзылуларды, қысым сезімін, қорқынышты, шағын келеңсіз өмірлік жағдайлардан көңіл түсуін тудырады. Өмір қалаулардың үлкен бөлігінің орындалуы мүмкін болмағанда және армандар орындалмағанда мардымсыз болып келеді.
Ішкі тынышсыздық және үрейі көп жағдайларда келеңсіз, жағымсыз жайттарды сезінулермен күшееді. Болашақ сәтсіздіктермен қайғырулар туралы үрейлер,уайымдаулар ( нақты немесе қиялдағы ) нақты сәтсіздіктермен салыстырғанда үлкен стресс тудырады. Қартаю және өлім қорқынышы өмір қуанышын басуы мүмкін, өмірдің позитивті ( жағымды ) мәнін бұрмалауы мүмкін және өмірді тек қара түсте көруге мәжбүрлейді.Кейбір өмірлік жайттар созылмалы стресстың ( рөлдік қысымның ) және қысқа жарақат кезеңдерінің комбинациясы болып табылады. Бұл өмірлік жайттар әртүрлі уақытқа созылуы мүмкін, бірақ олар рөлдік қысымнан ерекшеленеді. Себебі, оларда нақты бастауы мен соңы болады. Келеңсіз жайттар – ( соқтығысулар, қарама-қайшылықтар ) – бұл қысқа уақытқа созылатын жағдайлар.
Соңында американ психологы Арнольд Гезеллдің пайымдағанымен қорытындылайық. Оның айтуынша 15-17 жастағыларда – осы жастағы жаңа қалыптасу – тәуелсіздік рухының өсуі. Бұның өзі жзанұядағы және мектептегі қатынастарды шиеленістіреді деп көрсетеді. Жалпы айтқанда, жасөспірімдер, стресске ұшырамай қоймайды, оған осы кездегі дағдарыс, сонымен бірге жаңа қалыптасулар мен болашақ белгісіздігі әсер етеді.

Ахметова Айгерим Адельбиевна

ЖББМ №49 мектеп психологы Ахметова А.А Алматы қаласы

Ұстаздарға арналған сертификаттар
18
Декабрь
0
1248

Пікірлер: 0

avatar