«Ағылшын тілі сабағында жаңа педтехнологияларды қолдана отырып, оқушылардың тілдерін дамыту»

Жарияланған материалдың жеке номері: 57


«Ағылшын тілі сабағында жаңа педтехнологияларды қолдана отырып, оқушылардың тілдерін дамыту»
«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз.
Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні–қараң, келешегі тұман»,-деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет - оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру.
Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. Ағылшын тілі сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту тұрғысынан тиімділігін арттыру бүгінгі жоғары және орта мектепте ағылшын тілін оқыту теориясы мен әдістемесінің педагогикалық мәселелерінің бірі. Оқушы қабілеті дегеніміз оның педагогикалық ықпал аясында білім алу әрекеті, жеке тұлғаны дамыта оқыту әдістері, оның шығармашылық қабілетінің дамуына әсерін тигізеді.
«Қазақстан-2030» атты еліміздің стратегиялық бағдарламасында ең негізділерінің бірі-жоғары интелектуальды жастарды жан-жақтылыққа тәрбиелеу, олардың потенциалдық деңгейінің көтерілуіне үлес қосу. Сондықтан, ұстаз-мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі- жаңа технология негіздері болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн. Оқушы қызметін активтендіру негізінде педагогикалық технологияларының бірі-деңгейлік саралау технологиялардың элементтерімен қатар ақпараттық технологияны да қолданып жүрмін.
Қазіргі қоғамымызда болып жатқан түбірлі өзгерістерге байланысты әрбір мұғалім оқытудың сан қилы әдістері мен формаларын білуі қажет. Сабақ барысында шәкірттің білімге құштарлығын арттыру, өздігінен ойлау қабілетін жандандыру, еңбек етуге баулу, жауапкершілік сезімін қалыптастыру мұғалімнің басты талабы. Жаңа талаптарға сай көптеген оқыту технологиялары бар. Солардың бірі –профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы. Бұл технология оқушының ой-өрісінің дамуына, пәнге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Әрбір тарау бойынша деңгейлік тапсырмалар –дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлауын, елестету мен еске сақтауын, белсенділігін, дағдысын, білім сапасын қамтамасыз етеді. Еліміздің, қоғамның экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты азамат тәрбиелеп шығару ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы басты міндетті. XXІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адам қалыптастыру бағытындағы білім беру ісі –бүгінгі күн талабы. Бұл талапқа жету жолы-білім берудің тиімді жолдарын таңдай білу. Сондай тиімді жолдардың бірі – ағылшын тілі пәнін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту. Оны меңгеру мұғалімнің өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдесін ұйымдастыруына көмектеседі. Оқытудың жаңа технологияларын алдымен жете меңгеріп, одан соң оқу мазмұнына, оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне қарай таңдап пайдаланудың маңызы зор.
Осы технологияны қолдану негізінде әрбір бала бойындағы дара қабілет анықталады, әр оқушы әр сабақ кезінде жаңа білім қосып қана қоймай, соны өзі игеріп, ізденіп, пікір таластыру деңгейіне жетіп, даму үстінде болады.
Академик В.Л.Беспальконың анықтамасы бойынша педагогикалық технология тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы. Ал педагогикалық жүйе дегеніміз оқытудың әдістемелік жүйесі, формасы мен құралдары мен оған сәйкесті дидактикалық дербес деңгейлік принциптердің талаптарына сәйкес жаңа тұрпаттағы оқулықтар және оларға қосымша төрт деңгейдегі тапсырмалары берілген жұмыс дәптері. Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың әр түрлі білім дәрежесіне сай ұсынылады.
Деңгейлік тапсырмаларды орындағанда мұғалім – бақылаушы, кеңесші.
Деңгейлік тапсырмаларды қолдануда оқушылардың ақыл-ой еңбегін жетілдіру талабы қойылады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар оны орындау әдістемелік кешенімен ұсынылады.
Деңгейлік тапсырмалардың тиімділігі: оқу шығармашылық сатыға мұғалім арқылы емес, оқушының өзі, іс-әрекеті арқылы жүзеге артады. Бұл технологияның негізгі ерекшелігі, ұтымдылығыда осында. Мұнда оқушының шығармашылық білігі қалыптасады.
Бүгінгі күннің ұстаздарына қоғамымыздың экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын әлемдік талапқа сай келетін білімді, мәдениетті азамат дайындап, тәрбиелеп шығару міндеті жүктеледі. Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын ізденіп әзірлену- ғалымдар мен тәжірбиелі ұстаздардың бірлесе отырып атқарар ісі.
Білім беруді ақпараттандандыру процесі мұғалімдерге технологияны өз қызметтеріне жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды. Ақпараттық –коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты. Бүгінгі күні мектебімізде интернет желісіне қосылған компьютерлік кабинет, жаңа үлгідегі жабдықталған интерактивті тақтасы бар кабинеттер жұмыс жасауда. Бұл тақталар, компьютерлер тектен тек құрылып жатқан жоқ, яғни кез –келген мұғалім ақпараттық технологияларды тиімді, ұтымды пайдалана білуі керек деген сөз.
Күнделікті сабаққа бейне, аудио қондырғыларын, теледидар мен компьютерді қолдану айтарлықтай нәтиже беретіні белгілі. Күрделі оқып үйретуші программалармен, электронды оқулықтармен жұмыс істеу өте қызықты және оқытуды белсендіріп, педагогикалық әсерін тигізеді. Әрине, бұның бәрі сабақ жақсы техникалық, программалық және әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілген кезде, ал мұғалім компьютермен еркін жұмыс істей алған кезде ғана туады. Мультимедиа, Интернет технологияларының кең етек жаюы ақпараттық технологияларды толық білім сапасына енгізіп, оқытудың жаңа тиімді құралы етуге болатынын дәлелдейді.
Білімді ізгілендіруді шешу проблемасы оқушылардың белсенді шығармашылық мүмкіндіктерін, оның интеллектуальдық және адамгершілік бостандығын дамытуға көмектесетін жағдай жасақтаумен байланысты. Ал бұл өзгерістер мәдениеттану, аксиологиялық, тұлғалық-әрекеттік, полисубъектілік (диалогтік) және жеке шығармашылық тұрғысынан қарастыру негізінде жүзеге асады.
Мәдениеттану тұрғысындағы бағыт білімнің тұлғалық-бағдарлы парадигмасы негізінде дамиды және біліми үрдіс оқушының қоршаған әлем мен ақпараттық іс-әрекетте толық мәнді тіршілігін қамтамасыз ететін мәдениетті оқушы тұлғасының қалыптасуына, оқушыны жалпы және ақпараттық мәдениетті таратушы ретінде қалыптастырумен сипатталады.
Аксиологиялық тұрғыдан қарастыру білімді оқушының қоршаған әлемге, өз әрекетіне, адам ретіндегі өзіне деген көзқарасын анықтайтын жалпы адами құндылықтар жүйесін қалыптастыруға бағыттайды. Адамның құндылық қатынасы оның психологиялық жағдайын, қанағаттанғандығын және өмірінің толықтығын, оның мәнін анықтаса, ал құндылық жүйесі тәртібі мен әрекетін, ынталық қажеттілік саласын, бағыттылығын, оларды өз әрекетінде басшылыққа алу дайындығымен анықталады.
Тұлғалық-әрекеттік тұрғыдан қарастыру білім мақсатына сәйкес қажетті білім, білік және дағды жүйесін меңгертуден оқушының жеке тұлғалық әлеуетін дамытуға бағыттайды. Тұлғалық-әрекеттік бағыт оқушының оқу үрдісінде, кәсібінде өз өмірлік әрекеті мен жеке мүддесін жүзеге асыратын белсенді субъект ретінде қалыптасуымен сипатталады.
- оқушыларға тапсырмалар мен оларды орындау тәсілдерін, формаларын таңдауға мүмкіндік беру;
- қабілетті балаларға мүмкіндік деңгейлердегі тапсырмалар бойынша жұмыс ұйымдастыру;
- жоба әдісі негізінде оқушыларды зерттеу жұмыстарына баулу;
- мұғалім мен оқушының арасындағы ашық қарым-қатынас, сенімділік, диалог негізінде оқушылардың шығармашылық әлеуетінің өзіндік ашылуы мен өзін-өзі жүзеге асыруға жағдай жасау.
Жеке шығармашылық тұрғыдан жүзеге асыру оқушылардың өзін-өзі дамыту мен тұлғалық даму механизмін іске қоса отырып, ақпараттық сауаттылық қалыптастыру үрдісінде оның ынтасын және серпінділігін есепке алуды болжайды. Бұл бағыт оқу үрдісін ұйымдастыруда әрбір оқушының жеке ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктерін анықтауды, осыған сәйкес оқыту әдістері мен формаларын таңдап, оларды оқушылармен педагогикалық өзара әрекет үрдісінде ескеруді талап етеді. Екінші жағынан, жеке тұлғалық бағыт оқушының ерекшелігін, жеке тұлғалық бірегейлігін, тұтас психикасының қайталанбайтын өзіндігін қабылдауға бағыттайды.
Өз зерттеуімде оқушыларда ақпараттық сауаттылық бойынша қалыптастырылатын түйінді компетенцияларды былайша тұжырымдадым:
- ақпараттық қоғамда ақпараттың алатын орнын біліп, онымен сауатты жұмыс істей білу;
- күнделікті қоршаған ортадағы түрлі проблемаларды қазіргі ақпараттық технология құралдарының көмегімен шеше білу;
- меңгерілген білім және ақпарат негізінде жаңа анық, нақты білімдер мен түсініктер құрастыра алу;
- өз пікірімен, көзқарасымен айналасындағылармен бөлісу және өз ақпарат көзін жасақтай білу;
- ақпаратпен жұмыс істеуде қазіргі ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін тиімді қолдана біліп, шығармашылық жұмысқа ұштастыра білу.
Осы аталған түйінді компетенциялар негізінде пәндік компетенциялар келесі мазмұнда анықталды:
- қазіргі ақпараттық технологияларды қолдана білу және соның негізінде объектілер мен үрдістердің жаңа ақпараттық моделдерін құрастыра білу;
- әр түрлі салада өзіндік іс-әрекет үшін қажетті болып табылатын өзіндік мәнді ақпараттар негізінде жеке білім банкін жасақтай алу;
- ақпаратпен жұмыс барысында қазіргі ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жеке, топпен жұмыс істей алу.
Бүгінгі таңда «сауаттылық» халықаралық деңгейде жаңа тұрғыда «өмірлік дағдылар» ұғымымен байланыстырылып, ол адамның бүкіл өмір бойында қоғамның әрбір мүшесі үшін өмір сүру және бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етудің құралы есебінде қарастырылуда. Ал өмірлік дағдыларды тар мағынада түсіну «компетенция» ұғымына сәйкес келеді, компетенция оқушының жеке біліми салалар бойынша пәндік білім, білік және дағыларды кіріктіре білу қабілеті болып табылып, ол функционалдық сауаттылықтың мазмұнды негізі болып есептеледі.
Осы теорияларды өз тәжірибемде кіргізу кезіне тоқтасам, сабақ ұйымдастыру кезінен басталады. Сәлемдесу кезінен кейін әнуранды орындайды. Оқушылардың тілдерін ұстарту үшін әр күн әр тақырыпқа байланысты сұрақ-жауап жұмысын ұйымдастырамын.
Мысалы,күн тәртібі, ауа райы, бос уақыт, жаңалықтар,т.б. содан кейін міндетті түрде әр дыбысты, әсіресе төл дыбыстарға байланысты жаттығу жүргізіледі.
Өйткені оқушылардың өз ана тілі мен ағылшын тілі арасындағы айырмашылықтарды еске алу үшін немесе әр оқушыға мәтіндер, көлемдері үлкен тақырыптарды беріп, қанша сөз оқығандарын анықтау арқылы тілдерін жаттықтырамын.
Алдыңғы тақырыпты қайталап,үй тапсырмасы сұралады. Үй тапсырмасын кей кезде баланың қабілетіне қарай беремін.
Жаңа сабақтың алдында сабақтың мақсатымен таныстырамын. Әрі қарай жаңа сабақ бойынша жұмыс істеймін. Осындай әдіс-тәсілдерді сабақта қолданамын.
- сұрақ-жауап әдісі
- көрнекілік әдісі
- әңгіме әдісі
- баяндау әдісі
- мәнерлеп оқу әдісі
- тест
- топтық жұмыс әдісі
- техникалық құралдар әдісі
Оқушылардың тілін дамыту үшін мынадай жұмыстар жүргіземін:
Ауызша
- Мәтінмен жұмыс
- Сөздік жұмысы
- Диалог, монолог
- Сұрақтарға жауап
- Мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар
- Тақпақтар
Жазбаша
- Диктант түрлерін жазу
- Мәтінмен жұмыс
Өз сабағымда әртүрлі тірек сызбаларды, кестелерді қолданамын
Кеңінен қолданылып жүрген технологиялардың бірі- Ж.А.Қараевтың «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі».Бұл технология оқушылардың ізденушілік,өзіндік жұмыс істеу,білімді сапалы қабылдау, шығармашылықтарын арттыра түсуге бағыттайды, мәселені тиімді шешудің жаңа мүмкіндіктерін анықтайды.Сабақта осы жобаны енгізбей тұрып-ақ келесі дайындықтар жүргізілді.
Біріншіден, А.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясының мазмұнымен және өзіндік ерекшеліктерімен теория жүзінде таныстым.
Шығармашылықтың І деңгейі -ұстаз бен оқушылардың қарапайым, жайлы, ынтымақтаса қарым-қатынас жасау арқылы шығармашылыққа бейімдеу.Оқушы бұл деңгейде күрделі емес, сөз тіркесін, сөйлем құру сияқты тапсырмаларды орындайды.
ІІ деңгейі- сабақ барысында жоспарлаудан бастап іс- әрекетті тиімді ұйымдастыру. Бұл деңгейде оқу- тәрбие жұмыстарының мазмұны мен әдістері, түрлері таңдалып, іріктеледі.Оқушыға қиынырақ, ойланып, өз пікірін айта алатын тапсырмалар беріле бастады.
ІІІ-деңгей- айқындалу- ұстаз бен оқушы шығармашылық жұмыстың жетекші түрін анықтап, күрделі жұмыстармен айналысады.: шығармашылық кеш ұйымдастыру, өлең шығару, көрме ұйымдастыру, шағын ғылыми жоба жазу...
Ағылшын тілі сабақтарында оқулықпен ғана шектеліп қоймай, әртүрлі қызықты тапсырмалар орындайды.
Қол жеткізген нәтижем:
І,ІІ,ІІІ деңгейлік тапсырмаларды орындауда оқушылардың шығармашылық тапсырмаларды орындау деңгейінің өскені байқалды.
Шығармашылық деңгейлік тапсырмалар арқылы қол жеткізілді:
1.Оқушылардың бойында шығармашылық бейімділіктері жоғарлай бастады.
2.Шығармашылық деңгейдің І және ІІ деңгейлері іске асырылды.
3.Шығармашылық деңгейлік тапсырмалар жасалынды.
4.Шығармашылық жұмыстардың түрлерін қолдану жиілігі артты.
5.Оқушының ізденушілік, танымдылық, өзіндік жұмыс істеу белсенділігі артты.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді. 1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.
2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балараға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.
Деңгейліп оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшін
а) жеке тұлға ерекшеліктеріне,
б) психологиялық даму ерекшеліктеріне,
в) пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отырамын.
Сабақ өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін күнделікті сабаққа қолдануға тырысамын. Көбінесе мына жағдайларға көңіл бөлемін:
1) сабақтың мазмұны,
2) сабақты өткізудегі тәсілдері мен әдістерін таңдау,
3) сабақтың нәтижелігі.

Жалпы, менің оқытудағы өз проблемам оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Тақырып бойынша деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырады. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын белсенділігін, дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз етеді. Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі-оқушыларға деңгейлік тапсырма беру.
Оқушының пәнге қызығушылығын арттырудың бір саласы деңгейлеп, саралап оқытуда байқағаным, оның тиімді жақтары.
1) сыныптағы барлық оқушы жұмыспен қамтамасыз етіледі. Оқушы белсендігін оятады.
2) Оқушы өз білімінің деңгейіне жұмыстанады.
3) Оқушының өз бетімен жұмыс істеу тиянақтылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеп, жауапкершілігі артады.
Әр тарау бойынша берілген деңгейлік тапсырмалардың тиімділігі сол тоқсан аяғында жақсы көрсеткішке жетті. Әрине тиімді де орынды пайдаланылған педагогикалық технология сапалы білім негізі бола алады. Бүгінгі шәкірт ертеңгі күнгі әр түрлі саланың маман иесі. Мұндай сабақтарда оқушылардың тапсырылған жұмыстарға іскерлігі қалыптасады. Болашақ өмірінде белгілі бір кәсіби мамандықты таңдап алуға септігін тигізеді.
Қорыта келгенде , деңгейлік тапсырмалар орындау негізінде оқытудың тиімділігі:
- ағылшын тілі сабағының мазмұны мен сапасы артады;
- оқушылардың физио-психологиялық ерекшеліктеріне сай ойлау, сөйлеу қабілеттері дамиды;
- оқушы өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланып, шеберлігі шыңдалады;
- жауапкершілігі артады, шығармашылығы қалыптасады;
- жүйелі оқыту принціптері арқылы оқушы өзін-өзі дамытып, өзін-өзі бағалап білім деңгейін өрбіте алады;
- оқушы өз қызметіне талдау жасайды, қорытынды шығарады, өзіне өзі баға береді , жаңалыққа ұмтылады.
Сабақтарда ақпараттық технологияларды қолдану оқушының білім алу ынтасын арттырады, танымдық қызығушылығын көтереді және де өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға көмектеседі.
Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5 % және көргенін 20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио –және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады.
Білім беруді ақпараттандыру –жаңа технологияны пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асырады. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны яғни компьютерді оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Ақпараттық –коммуникациялық технологияны оқу тәрбие үрдісіндегі қолдану оқушының сабаққа қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті, шығармашыл оқушы даярлауда үлесі мол.
Мұғалім ақпараттық –коммуникациялық технологияларды қолдану кезінде төмендегідей жағдайларды қарастыруы керек.
- оқушылардың жас ерекшеліктерін;
- оқушылардың орнын;
- деңгейін;
- сабақтың мақсаттары мен мазмұнын;
- оқу материалын дайындаған кезде, көрнекіліктердің безендірілуі яғни түсі оқушылардың көзін ауыртпайтындай болуы керек;
- сабақта көз жаттығуларын өткізіп отыру керектігін ескеру.

Нажимова Рахима Каримқызы

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы Абай атындағы жалпы орта мектебі

Ұстаздарға арналған сертификаттар
18
Декабрь
0
1499

Пікірлер: 0

avatar