Меню
Артқа » » » Материал жариялау

Ағылшын тілін оқытуда оқыту технологияларының тиімділігі

  • 0.0 Рейтинг
  • 339 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 125

Ағылшын тілін оқытуда оқыту технологияларының тиімділігі
Кез келген мемлекеттің болашағы - бүгінгі жас ұрпақ. Ертең осы елге ие болып, ел тізгінін ұстар азаматтар - бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар. Ендеше елдің болашағын түзеу сол мектеп оқушыларына сапалы білім, саналы тәрбие беру ісіне тікелей байланысты. Қазіргі таңда жемісті еңбегімізбен шығармашылық ізденісіміз арқылы ғана жаңару жолына шыға аламыз. Мектептегі барлық пәндер бойынша оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ болып қалыптасқан. Сабақтың ең басты белгісі - оның дидактикалық мақсаты. Ал дидактикалық мақсаты - оқытушының алға қойған жоспарын көрсетеді.
Әр сабақтың мақсаты баланың басқаға ұқсамайтын қасиетін таба білу, әр оқушының бойында бұғып жатқан өзіндік дара қасиетін ашып, оның өзіне деген сенімін қалыптастыру. Сондықтан қазіргі таңда білім беру саласында қолданылып жүрген оқыту технологиялары баланың тұлғалық дамуына бағытталған. Оқыту технологиялары оқушылардың білім сапасын арттыруға, ой-санасының дамуына мүмкіндік жасайды. Үнемі өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді толассыз дамытуды талап етеді. Мұғалімнің негізгі мақсаты - өз бетінше дами алатын жеке тұлғаны қалыптастыру, оқушыларға өз бетінше танымдық әрекет етудің әдістері мен дағдыларын меңгерту, ақыл - ой қабілетін жетілдіру.
Ағылшын тілі қазіргі кезеңде заман талабына сай 1- сыныптан бастап жүргізілуде. Ағылшын тілін бастауыш мектептен бастап оқытудың артықшылығы әрбір балаға психологиялық ойлауына, шет тілі сөзіне көңіл аударуына, түсінуіне оң әсер ететіндігі, содан соң негізгі мектепте білімін беріп нығайтуын, білім сапасын арттырып, шетел тілінде қарым - қатынасқа түсіп, ерте мәдениет аралық коммуникацияға мүмкіндік беретіндігіне. Жаңа тілге үйретуде оқытудың жаңа тәсілі төмендегідей талаптарға сәйкес келуі көзделеді:
- оқушыға қолайлы оқу орта қалыптастыру;
- оқушының оқуға деген қызығушылығын арттыру;
- ой - тілектерін ояту;
- оқушының эмоциялық сезіміне әсер етіп, жеке тұлға ретінде қалыптастыру;
- ойын түрінде оқыту арқылы оқушының белсенділігін арттыру;
- шет тілін оқушының жеке қызығушылығымен байланыстыру;
- оқушы субъект, оқытушы - кеңесші болу;
- сатылап өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.
Бастауыш сыныптағы әрбір сабақ бастан аяғына дейін мейірімге толы болуы керек. Осы бағытта Ш.А. Амонашвили «Мектептегі әрбір күн, әрбір сабақ мұғалім тарапынан оқушыға сыйлық болу керек. Әрбір оқушының мұғалімімен тілдесуі бала бойына қуаныш пен өмірге құлшыныс беру керек» деген екен. Сондықтан да әрбір ағылшын тілі сабағы қызығушылықты ояту, ой ашардан басталады.
Ерте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін, қызығушылығын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бастауыш сыныпта оқу бағдарламасы бойынша ағылшын тілі аптасына 1 сағат. Сабақта өтілген жаңа сөздердің мағыналарын, оқылуын, сөйлеуде қолданылуын келесі аптаға дейін ұмытып қалатын болғандықтан, сабақты есте қалатындай қызықты етіп өткізу қажет. Осы орайда оқушылардың белсенділігін арттыру үшін модульдік технологиямен жұмыс істей бастадым. Модульді құрастырғанда олардың жас ерекшеліктеріне байланысты ойын түрлерін көп қолданамын.
Әріптерге байланысты Оқу ережесіне байланысты
Ойындар
Сөйлеу қабілетін Сан есімге байланысты
дамытуға арналған Грамматикалық

3- сыныпта алынған модуль «Жыл мезгілдері».
Модуль 3 бөлімнен тұрады:
1.Кіріспе
2.Сөйлесу бөлімі
3.Қорытынды
Кіріспе бөлімінде оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат - міндеттерімен таныстырамын. Әрі қарай жаңа сөздер заттар, суреттердің көмегімен түсіндіріледі.
Сөйлесу бөлімі 4 бөлімнен тұрады. Жаңа сөздерді есте сақтау үшін «Карта» ойынын қолдануға болады. Мәтінді тыңдап түсінгенде «Шындық – жалған» ойыны арқылы тексеремін. Екі орындық қойылып, біреуіне «True» екіншісіне «False» деп жазылады. Келесі «Мұғалім – оқушы» жұптық ойынында «мұғалім» де, «оқушы» да сұрақ пен жауапты өздері құрайды. Мәтінді оқып түсінгендерін «Жауап» ойыны арқылы тексеруге болады. Оқушылар 2 топқа бөлінеді, 1- топқа сұрақтар жазылған карточкалар, 2- топқа жауаптар жазылған карточкалар үлестіріледі. 1- топтан 1 оқушы сұрақты оқиды, 2- топтағы 1 оқушы жауапты тауып оқиды.
Оқу модулінің сөйлесу бөлімі оқушылардың өзін- өзі оқуына және өзін-өзі бағалауына, бірін-бірі оқытуына және бірін-бірі бағалауына құрылған. Тапсырманы тез орындаған оқушылар мұғалімге көмекші бола алады. Олар қалған оқушыларға көмектесе отырып, білімдерін бағалай алады. Ал «Сиқырлы сандықша» ойыны оқушылардың өздігінен ойлауын, шығармашылығын дамытады. Оқушылар өздері суырып алған билетте жазылған жыл мезгілі туралы айтып беруі керек.
Қорытынды бөлімінде оқушылар алған білімдерін ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс. Қорытынды бөлімі 2 сабақтан тұрады. Оқушылар бұл бөлімде «Дұрыс толықтыр», «Сөздерді біріктір», «Жұмбақ ойыны» ауызша әңгіме құрау сияқты тапсырмаларды орындайды. Ал үйге тақырыпқа жазбаша әңгіме құрап клу тапсырылады. Екінші сабағында үйде дайындаған жазбаша әңгімелерін қорғайды және тест жұмысын орындауға болады.
Тіл үйренудің негізі бастауыш сыныптан басталатын болғандықтан, осы кезеңде оқыту жүйесін, әдісін, оқыту технологиясын дұрыс таңдау алдағы уақытта нәтиже берері сөзсіз. Сабақ тақырыбы заман талаптарына сай жаңарып отырса, оқушыларға оның әсері ерекше болады.
Қай технологияны алсақ та оның түпкі мақсаты – нәтижеге жету. Ал ол нәтижені көру оқушылардың білімін бағалау арқылы жүзеге асырылады. Мен сабақтың құрылымына қарай бағалаудың бірнеше түрін қолданамын, себебі бағалау да бір сарынды болмай түрліше болуы баланың бүгінгі ортаға бейімделуіне әсер етеді. Оқушылардың білімінің мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкестігін бақылауды ұйымдастырудың бір түрі – тестік бақылау жүйесі. Ол оқушылардың өз бетінше жұмыс әрекетін арттырып, оқытудың тиімділігіне қол жеткізіп, ойлау қабілетін, шығармашылық әрекетін белсендіреді.
Бағалаудың бір түрі – рейтинг. Рейтинг арқылы оқушылардың жұмыстың қандай түрімен айналысқандығы туралы толық мағлұмат алып отыруға болады. Рейтинг – білім мен біліктіліктің оқушының жеке басындағы кешенді сандық және сапалық жиынтығы. Оқушының әр түрлі жұмыстарын саралап өткізу (тыңдап түсіну, жазу, сөйлеу, оқу), оны рейтинг арқылы бақылау оқушының бірден аңғартады. Мұғалім рейтингтік жүйе арқылы сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін, интеллектілік деңгейін білуге болады.

№ Оқушының аты-жөні Тыңдап түсіну Сөйлеу Грамматика Жазу Қорытынды баға
1. Нұрсейіт Ілияс 4 5 5 5 5

Оқушы тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына оқыту технологиялары айтарлықтай ықпал жасайтыны сөзсіз және бұл қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт. Сондықтан әрбір әдіс-тәсілдің ұстаздар үшін маңызы зор.

Әдебиеттер:
1.М.М. Жанпеисова Модульная технология обучения как средство развития ученика. Алматы, 2002
2.Шет тілін оқыту әдістемесі. Алматы 2006, № 3
3.Ағылшын тілі мектепте. Әдістемелік журнал, №4

Сарбасова Бибигайша Мукатаевна

Алматы облысы Сарқан қаласы Ақын Сара атындағы орта мектеп

Логин: Бибигайша_Cарбасова

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Пікірді ешкім жазбаған.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз, ойыңызбен бөлісіңіз.
avatar