Меню
Артқа » » » Материал жариялау

Адалдық пен адамгершіліктің, әділеттілік пен ізгіліктің алып жыршысы

  • 0.0 Рейтинг
  • 1257 Көрсетілім
  • 1 пікірлер
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 58

Қазақта "Күн ортақ, ай ортақ, жақсы ортақ" деген сөз бар. Бұл ретте қазақтың Жамбылын адамзаттың Жамбылы деп мақтаныш ете аламыз. Шын мәнінде Жамбылды дүниеге әкелген ғажайып қазына, сол рухани қазынаның өн бойындағы адамды шыңдауға арналған, биік парасат пен қоғамды шыңдауға арналған шабытты, серпінді жалпы адамзаттық рухани игілік демеске бола ма?! Мұны өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Жамбылдың қанатты жырлары әлемнің елуге тарта тіліне аударылып, миллиондардың жүрегіне ізгілік нұрын септі. Біз мұны ең алдымен Жамбыл атамыздың өлмес өнері арқылы әлем жұртшылығына қазақ халқының рухани болмысының танылуы деп білуіміз керек. Бұл ретте қазақстандықтар ұлы Жамбылдың өлмес өнері, мәңгілік тозбас құндылықтарды көксеген биік парасаты жалпы адамзатқа ортақ екенін терең сезінеді деп білемін. Егер біз Жамбыл даналығын тәу етіп, ұлылығын ұлағат тұтып жатсақ, оның басты себебі Жамбыл арманының адамзаттық арман-аңсармен ұласып жатқандығында. Сондықтан да, қазақтың Жамбылына адамзаттың Жамбылы ретінде құрмет көрсетіп, өлмес рухының алдында басымызды иеміз.
Тағдыр оған ұзақ, жемісті әрі даңқты өмір сыйлады: ол өзінің жүз жылдығына небәрі екі ай қалғанда дүниеден өтті. Оның шығармашылығы екі ұлы дәуірді - ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың 45 жылын қамтиды. Осының өзі де бірігей құбылыс, өйткені ол Қазақстан мен Ресейдің тарихындағы бетбұрысты кезеңнің жылнамасы.
Жамбыл жастайынан,өзінің халық жыршысы, жырау ретіндегі шығармашылық жолын кезінен-ақ суырыпсалма ақынның даңқына бөленді. Оның бұл жолы тар жол тайғақ кешулі сындарға толы болғаны да рас. "Жамбыл көп уақытқа дейін патшалықтың барлық қолжаулықтарын ашу-ызамен, тікелей әшкерелеп келді,-деп жазды ол туралы Мұхтар Әуезов. - Өзінің бүкіл ашу-ызаға толы, ащы тілді және әділетті айыптауларға құрылған суырыпсалма жырларын ауыр алым-салыққа, әділетсіз сотқа, жүгенсіздікке қарсы бағыштаған ол осымен қатар халықпен бірге, бақытты ел туралы керемет арман мен үмітке толы әндер шығарып, аты аңызға айналған халық арашашысы болған айбынды батырлар туралы да жырлады"... Сөйтіп, ол әлемнің бар байлығын жинағаныңмен одан ізгілік таппайсың, тек қана сенің дүниеге әкелген жақсылығың ғана өзіңді мәңгілік әрі қасиетті даңққа бөлейді, деген тұжырым жасайды.
Жамбыл ғұмыр бойы ең басты тақырыпты - адамдардың достығын, бірлікті, өзара көмек пен махаббатты арқау еткен. Бізге де осындай рух беретін әрі аталы сөздер кейде жетіспей жататынын да айтқан жөн болар.
Тез арада тауып айту, қиыннан қиыстыру, көп салалы өмірдің жәйттеріне сол сәтте үн қосуға қабілеттілік - жыраудың мейлінше шығармашылық ерекшеліктерін құрайтын қасиеттер. Жамбыл қолымен жазған жоқ, тілімен жырлады. Жасы ұлғайған кездің өзінде Жамбылдың жарқын ойлау қасиеті мен шығармашылық дүниетанымының толықтығын сақтай білгені, сөйтіп Қазақстан үшін және біртұтас көп ұлтты халық үшін мақтаныш сезіміне толы шығармалар, жалпы мемлекет және жалпы азаматтық әуендегі өмірге әкелгені таңданарлық құбылыс. ХХ ғасырдың қырқыншы жылдарының өзінде-ақ ол патриоттық поэзияның асыл маржандарын туғызып, "Халық поэзиясының алыбы", "ХХ ғасырдың Гомері" деген әлемдік атаққа ие болды. Ол Ұлы Отан соғысының сұрапыл күндерінде көркемдік деңгейі жоғары саяси поэзияның жаратушысы болды.
"Жыр білмеген өмір де сүре білмейді" деген данышпан қағида қалдырды Жамбыл. Ендеше оның туындыларын еске алып, біздің бабаларымыз бен әкелеріміздің Отанды көркейту жолында даңқты өмір сүргенін бағалайтын болайық.

Байсынова Ғазиза Балтабекқызы

Қызылорда қаласы №138 Абай атындағы орта мектеп

Логин: baysynova84

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

avatar
1
Жақсы жазылған
avatar