Адамгершілік тұлға тәрбиелеудегі «Өзін – өзі танудың» рөлі

Жарияланған материалдың жеке номері: 255


Адамгершілік тұлға тәрбиелеудегі «Өзін – өзі тану» пәнінің рөлі рухани құндылықтарды болашақ ұрпағымызды оқытып, үйрету, тәрбиелеу басты мақсат . Адамгершілікке тәрбиелеу ісі тек білім берумен ғана шектелмейді. Баланың сезіміне әсер ету арқылы да оның ішкі жан дүниесі дүниетанымын оятуға болады. Адамгершілік – адамдардың күнделікті қарым – қатынасына қатысты ізгілік ұстанымдарын бейнелейтін моральдік қасиет. Мұнда адамдарға деген ізгі ниеттілік , құрмет , жанашырлық пен сенім , кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аямаушылық сияқты жеке қасиеттер қамтылған. «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім берудің басты мақсаты -жас жеткіншек ұрпақтарды құндылық және адамгершілік идеалдарғабаулу, оқушылардың, студенттердің өзін оңды қабылдауын қалыптастыру, адамның жоғарғы мақсаттарын түсінуі іске асырылады.Тұлға адамның келешек өмірінің қалыптасу жобасының келбеті. Адам тәрбие негізінде жетіліп , қалыптасады. Адам болашағын шешетін тәрбие екендігі белгілі , ал оны жүргізу педагогикалық – психологиялық тұрғыдан шеберлікке байланысты. Рухани адамгершілік тәрбиесіндегі басты мәселе баланың назарын үнемі өз өміріндегі елеулі өзгерістерге бұрын, сапалы түсінуіне баулу көзделеді. Баланың жас ерекшеліктеріне қарай, олардың көңіл-күйлерін көтеріңкі ұстау үшін әуен, саз-күй, гүл өсімдіктер, тордағы құстар және әр түрлі суреттерді өзін-өзі тану сабақ үрдісінде, орынды қолдана білу қажет.

Рухани адамгершілік тәрбиесіндегі басты мәселе баланың назарын үнемі өз өміріндегі елеулі өзгерістерге бұрын, сапалы түсінуіне баулу көзделеді. Баланың жас ерекшеліктеріне қарай, олардың көңіл-күйлерін көтеріңкі ұстау үшін әуен, саз-күй, гүл өсімдіктер, тордағы құстар және әр түрлі суреттерді өзін-өзі тану сабақ үрдісінде, орынды қолдана білу қажет. Қазіргі кезеңде «Өзін-өзі тану» пәні ұстаздар қауымының алдында тұрған міндет - жастарға рухани тәрбие беру, және осы мақсатта ұлтымыздың ұлы ғұламаларының рухани мұраларын жаңғырту, рухани құндылықтарымызды басшылыққа алу. Бұл жұмысты жүзеге асыру аса қиын емес. Себебі ата-бабаларымыздың салып кеткен сара жолы, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпқа негізделген жас ұрпақты тәрбиелеу әдістері бар. Дана бабаларымыз мен кемеңгер ғұламаларымыздың баға жетпес құнды еңбектері бар. Рухани тәрбиені теориялық тұрғыдан қазіргі заманға сай саралап, қазақ тілінде кемеліне жеткізген кемеңгер Абай мен Шәкерім аталарымыз бар. Тек біз осы қазыналарды орнын тауып қолдана білуіміз керек. Сондықтан рухани тәрбиені қайдан аламыз, қалай береміз дегенді алыстан іздемей-ақ өзіміздің осындай дара ойшылдарымыздың дана өсиеттерін басшылыққа алуымыз міндетті. Тек қазақ халқының қанында бар рухани асыл қасиеттердің өзге халықтарда кездесе бермейтіндігіне жастарымыздың көзін жеткізуіміз керек. Енде- ше егемендігіміз мәңгілік болсын десек, оның болашағы жастардың тәрбиесін, оларға рухани тәрбие беру ісін кешіктірмей қолға алуымыз керек. Осы айтылғандардың толыққанды іске асыру үшін отбасы мен мектеп тәрбиесінде тығыз байланыс қажет. Баланы жан-жақты дамытып, өзінің ішкі дүниесін тану арқылы өмірдің мәнін пайымдауға үйретуді мақсат ететін «Өзін-өзі тану» пәні рухани-адамгершілік білімінің қағидалары мен әдістеме нұсқаулардың ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтардан негіз алады. Бұл пән адамды жеке тұлға ретінде тәрбиелеуге бағыт ұстайды. Тұлғаның рухани санасы - өмірдің мәні өзінің өмірдегі орнын, өз тағдырын халықтың тағдырымен ортақ деп түсіну қабілетін дамыту, жақын адамдардың алдындағы жауапкершілігін сезіну, өзінің жеке басына тән азаматтық және адамгершілік парызын орындау.«Өзін-өзі танудың» басты мақсаты - оқушыларды тұлғалық қасиеттерін адамгершілік бағытта дамыту. Қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе - мектеп оқушыларын рухани дамыту.

Рухани даму дегеніміз - өзінің өмірдегі орнын, атқаратын міндетін, дүниетанымын, және өзін-өзі үздіксіз, бірқалыпты жетілдіру.

Зиятова Маржан Жумагадиловна

ШҚО, Абай ауданы, М.Әуезов орта мектебі

Ұстаздарға арналған сертификаттар
18
Декабрь
0
536

Пікірлер: 0

avatar