АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК- РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ АУДАНДАРЫ

Жарияланған материалдың жеке номері: 24


АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК- РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ АУДАНДАРЫ
Есенкулова А. Б
№154 И. Қ. Мандоки атындағы ЖББМ география пән мұғалімі
Қазақстанның қай аймағы болмасын табиғи, тарихи орындарының көптігінің арқасында туризм саласын дамытуға мүмкіндігі бар. Саяхат саудасын жүргізуде "жер жаннаты" саналатын Жетісу өңірінің мүмкіндігі мол. Әлемде мемлекет қазынасын тек осы саяхаттың арқасында толықтырып отырған мемлекеттерде бар. Алматы облысы туризмнің қай түрі болса да дамытуға қолайлы өлке.
Қазақстанның тарихи- мәдени ескерткіштерін шетелге таныстыру ел беделіне оң оң ықпал етері сөзсіз. Елімізде ежелден аты аңызға айналған және бүгінгі күнге дейін болып келген қаншама тарихи- мәдени орындар бар, сондай өлкелердің бірі Алматы облысына қарасты Панфилов ауданы.
Панфилов ауданы- табиғи- рекреациялық ресурстар жағына бай, тарихи ескерткіштер мен туристтік орталықтар өте көп, туризмнің әр түрлерін дамытуға ыңғайлы аймақ. Қазақстандағы әсем де, көрікті табиғаты көркем аймақтардың бірі.
Панфилов ауданы- Алматы облысының оңтүстік- шығысындағы, әкімшілік- аумақтық бөлік. 1923-1942ж. Жаркент ауданы, 1942 жылдан 28 гвардияшы атқыштар дивизиясының командирі И. В. Панфилов есімімен аталды. Жер аумағы- 10,6 мың ш.ш. Халқы 125,6 адам. Орталығы- Жаркент қаласы.
Аудан солтүстік және батыс жағында Кербұлақ ауданымен, шығысында Қытаймен(ҚХР)және оңтүстігінде Іле өзені арқылы Ұғыр ауданымен шектеседі. Солтүстік- батысында Жетісу (Жоңғар).Оңтүстік шығыста аласа Ақтау тауы(883 м) орналасқан.Климаты-континенттік, қысы-біршама жылы, жазы-ыстық,қуаң.[1]
" Әулиеағаш"-Алматы облысы Панфилов ауданы,Жаркент қаласынан 40 км жерде орналасқан.Женр шарындағы бір сызықтың бойында орналасқан 3 ағаштың бірі болып саналады. Бүкіл әлемде дәл осындай ағаш үш-ақ жерде ғана бар:Қытайда,Түркияда, Қазақстанда. Діңінің жуандығы соншалық-жеті аадам қол ұстасып құшақтаса ғана құшағына сыйғыза алады.Тереңде жатқан тамырынан 62 жас шыбығы әулие ағашты айнала қоршап,бир гектарға жуық жерді алып жатыр.Жуандығы 5-6 адамның құшағы әрең жететін алып қара ағаштың жасы қазір 600-700 жыл деп есептеледі.Әулиеағаштың саясына тыныққан апдамдар жағымсыз энергиядан арылып, бір тамырынан тараған жеті баласының ортасынан шығатын емдік суы асқазан, жүрек, тері ауруларына ем ретінде қолданады.Әулие ағаштың тамырынан өнген 7 ағаш оның балалары саналады.[2]
"Жаркен-Арасан"-1967 жылы ашылған Республикалық маңызы бар бальнеологиялық ауықтыру орны.Понфилов ауданы Сарықзек темірдол бекетінен 170км , Жаркен қаласынан 40 км жерде орналасқан.Климаты: қысы-жұмсақ, жазы-қоңыржай.Ауаның орташа температурасы қаңтарда-5,шілдеде-26. Санаторидің негізгі емі-құрамында радоны бар хлорсульфат натрийлі минералды су.Қан айналу.жүйке жүйесі, аяқ-қол,буын, тері және гинекология ауруларын емдейді.
"Керімағаш"-шипалы сумен емдейтін бальнеологиялық санаторий.Алғаш рет 1986 жылы маусым айында Орта Азия бұрғылау экспедициясы Керімағаш ауылының жанынан 3000м тереңдіктен ыстық су бұрқағын атқылатты.Мұнда тыныс алу органдары,ас қорыту, қан айналу, жүйке жүйелері, қимыл-қозғалыс мүшелері, тері,урологиялық,гтнекологиялыұ, ауруларын емдейді.Демалушыларға минералды суы бар ванна,сауықтырғыш минералдыұ ванналар,ішек шаю, сылап булау, мәрмәр тасты қыздырғышы мен бассейні бар сауна,бассейні бар душ,физиотерапиялық ем,массаж,қызметтер көрсетіледі.[3]
"Өсек шипалы балшығы"Алматы облысының Панфилов ауданындағы Үшарал ауылынан 32 км жерде Өсек көлінің шипалы балшығы.Химиялық құрамы хлоридті-сульфатты,магниййлі болып келеді.
Панфилов ауданының болашаұта туризмнің барлық түрлерін дамытуға мүмкіншілік бар.Туристік рекрияциялық орындарға қамқорлық жасау-бүгінгі өскелең ұрпақтың міндеті.Туристер демалуына тамаша жерлер кқп. Алматы облысының сарқылмас табиғи емдік байлығы химилялық құрамы әр алуан минералды бұлақ көздеріәртүрлі климаты мен әсерлі көрікті жерлері-жергілікті курорт,санаторий жүйесін дамытуға өте қолайлы.жалпы туризм саласының өркендеп өрлеуі,ьтікелей табиғат жағдайларының қолайлылығына байланысты.[4]


Пайдаланған әдебиеттер:
1.Жетісу энциклопедиясы.Алматы."Арыс" баспасы, 2004.712-б.
2.Қазақстанның көрікті жерлері.Алматы."Қазақ мемлекет баспасы", 1959. 354-б
3.Е.О.Омаров Жерұйық өлке.Алматы."Жалын" баспасы.2003. 240-б
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Жетісу энциклопедиясы.Алматы."Арыс" баспасы, 2004.712-б.
2.Қазақстанның көрікті жерлері.Алматы."Қазақ мемлекет баспасы", 1959.354-б
3.Е.О.Омаров Жерұйық өлке.Алматы."Жалын" баспасы.2003. 240-б

РЕЗЮМЕ-SUMMARY
В статье рассматриваются природно-рекреационные ресурсы и возмозности их использования.Дана характиристика главным туристко-рекреацонным предпосылкам формирования территориальных рекреацонных систем Алматинской области Панфиловского района.
In this article consider the natural recreation resources and their application.The short description of touristy-recreation preconditions for organization of the territorial recreation systens of the Almaty region is made.

Есенкулова Асемгуль Болатхановна

Алматы қаласы Алатау ауданы И.Қ.Мандоки атындағы №154 ЖББМ

Ұстаздарға арналған сертификаттар
18
Декабрь
0
2039

Пікірлер: 0

avatar