Армрестлинг-мектептегі қол жетімді спорт түрі!

Жарияланған материалдың жеке номері: 84


Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы,
Ақжар ауылы.
Абай атындағы орта мектеп КММ
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Бақтияров Ерлан Бидахметович

Армрестлинг-мектептегі қол жетімді спорт түрі!
Ежелден ақ қылыш пен семсермен толқындатудан гөрі қолдың күшін сынау ең асыл істің бірі болып саналатын. Дегенмен қол күрес таяудан туындаған спорт түрі болып есептеледі. Ертеде ата-бабаларымыз екі буынды айқастырып, ас-тойларда сайыс өткізген. Ең алғашқы қол күресті спорт түріне еңгізген американдық журналист Билл Соберанес болды. Петалума қаласы Калифорния штатында кешке қарай ең мықты жігіттер жиналып, өзара қолдарының күшімен сынасқан. Ең алғашқы чемпионат Петалума қаласының ең үлкен залында ұйымдастырылды. Турнир өте табысты өтіп, спорт түрі ретінде дамуына өте үлкен үлес қосты.
Қазақстанда қол күрес өз тарихын 1990 жылдары, қазақстандық атлеттер Мәскеу қаласында өткен , бірінші Бүкілодақтық қол күрес турнирге қатысқаннан басталды. Жеңімпазы 61 кг салмақ дәрежесінде Вячеслав Чиванин болды. Республикамызда қол күреске деген қызығушылық арта бастады. Спорттың бұл түрін елге алғаш алып келген Владимир Дреклер мен Мұқан Ағзамовтар болды. 1991 жылы тұнғыш рет ел чемпионаты өтеді. Әр түрлі салмақ бойынша іс- шаралар өтіп тұрды. Өскемен қаласында 1992 жылдың қазан айында ресми түрде ең алғашқы қол күрестен ҚР чемпионаты болып өтті. Барлық санатты жеңімпаздары Спорт шебері атағына ие болды. Сол жылдан бастап республикамызда ҚР чемпионаты ұйымдастырылып тұрады.
Армспорт – арнайы үстелде өткізілетін, өзіндік ережесі бар қол жекпе-жегі. «Армрестлинг» – ағылшын тілінен аударғанда, «arm» – қол, «wrestling» – табан тірескен күрес деген мағынаны білдіреді. Сайысқа қатысушылар бекітілген халықаралық ережеге сай, арнайы үстелдің екі жағында тұрып күш сынасады. Төрешінің бұйрығымен шынтақтары арнайы жұмсақ шынтақшаларға қойылады. Алайда қол күресі кезінде шынтақты көтеруге, қозғауға, жұмсақ шынтақшадан шығаруға болмайды. Ашық алақандар біріктіріліп, бас бармақтар бір-біріне айқастырылады. Білекті бір қалыпты түзу ұстау қажет. «Білекті түзе!», «Иықты түзе!» деген команда берілісімен, спортшылар бос қолдарымен арнайы тіреуден ұстайды. Төрешінің белгісінен кейін ғана күресті бастайды. Төрешінің белгісінен бұрын екі рет ерте бастап қойған ойыншы ары қарай күресу құқығынан айырылады. Шынтақ орнынан тайып кетсе, басы мен иығы үстелдің ортаңғы сызығын қиып өтсе немесе үстелге тиіп кетсе ереже бұзылған болып саналады.
Армрестлинг – арнайы құрал жабдықтарды қажет етпейтін ең бейбіт және демократиялық жекпе-жектің түрі болып саналады. Басқа спорт түрлеріне қарағанда, кез-келген жастағы адамдар қол күрестің жеңімпазы болуға мүмкіндігі бар. Армрестлинг –техникалық жағынан күрделі спорт түрі болғанымен , бұл спорт түрімен 13 жаста да 40 жаста да айналысуға болады. Жеңіске жетудің жолдары нда әр чемпионның өзіндік ерекшелігі болады. Қол күрестің құпиясын білсеңіз, кәсіби әлемде сіздерді барлығы нағыз балуан ретінде құрмет тұтатын болады. Армрестлинг психологиялық тұрғыдан өте ауыр күрес түрі. Бұл күресте жоғары жеңіске жету үшін сіз бұл күрестің барлық қыр сырын меңгеруіңіз керек, тактикалық және техникалық тәсілдерін емін еркін қолдана білуіңіз керек.
Осындай спорт түріне Тарбағатай ауданы бойыншада жасөспірімдердің қызығушылығы артуда. Әр мектептегі дене тәрбиесі пәндерінің мұғалімдерінің жетекшілігімен «қол күрес» үйірмелері ұйымдастырылып, жұмыс жасап жатыр. Жаттықтырушылар мен оқушылардың табанды еңбектері қазіргі уақытта оң нәтиже беріп жатыр.
Тарбағатай аудан спортшылары еліміздің құрама командасының сапында Азия, Әлем біріншіліктеріне қатысып жоғары нәтижелер көрсетті. Атап айтқанда Зеренханова Балжан армрестлингтен Литва мемлекетінде өткізілген әлем біріншілігінің жеңімпазы атанса, Бақытханова Ақерке, Әлижан Мұратов, Айғаным Кәкеновалар қола жүлдегерлері атанды. Бұл жетістіктер қазіргі күнде жалғасын табуда. Соңғы жылдар ішінде жасөспірімдер арасындағы облыстық турнирде ауданымыздың мәртебесін асқақтатып жүрген көптеген жас спортшыларымызды мақтанышпен айтуға болады. Мәселен Исатов Сұлтан, Ақанов Аманбол, Нұрахметов Ермахан, Қалымбек Ердәулет, Толқын Асылбек, Қосын Зұлқажы спорт шеберінің үміткерлері қатарында өз күштерін шыңдауда.
Осындай жас спорт түрі болсада біздің ауданымызда бұл күш сынасу жастарды өте қызықтырып келеді. Түрлі жарыстарға қатысып оқушылар өз күштерін сынап, жетістіктерге жету жолында талмай еңбек ету үстінде. Болашақта бұл спорт түрінің дамуына өз үлестерін әлем біріншілігінде еліміздің мәртебесін асқақтатады деген сеніміміз мол.

Бактияров Ерлан Бидахметович

ШҚО Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылы, Абай атындағы орта мектеп

Ұстаздарға арналған сертификаттар
18
Декабрь
0
6216

Пікірлер: 0

avatar