Қазіргі ұлттық мектеп моделі қандай болуы керек?

Жарияланған материалдың жеке номері: 274


Қазіргі ұлттық мектеп моделі қандай болуы керек?

Еліміздің соңғы жылдарда жүріп өткен жолының ең басты нәтижесі не дегенде- тәуелсіздігімізді сақтап қалғанымыз, оны саяси тұрғыдан баянды ете алғанымыз болса керек. Біз де әлемдегі басқа елдер сияқты тәуелсіздікке соқтықпалы, соқпақсыз ұзақ жолмен, аңсап жүріп, әрең қол жеткіздік. Бұл азаматтық үшін алысқан мың – мыңдаған азаматттардың қасиетті қанының өтеуі. Бұл табиғатында өзгелерге қиянат жасау дегенді білмеген халқымыздың кең пейілінің қайырлы қайтарымы.
Мемлекетімізде болып жатқан әлеуметтік- экономикалық өзгерістер білім беру жүйесінің алдында үлкен міндеттер қойып отыр. Сондықтан, XXI ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды жаңа инновациялық технология бағытында дамыту мақсатымен аттағанымыз – жарқын болашаққа деген үлкен үміттің басты нышаны.
Егемен ел болып өз бетінше өркендеп, өсу үрдісін таңдаған біздің елімізде білім берудің бағыт бағдары Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан -2050 стратегиялық бағдарламасында , ҚР – ның 2016-2019 жылға дейінгі білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында және басқа да құжаттарда негізделген.
Өркениетті мемлекеттерде ұлттық білім жүйесін дүниежүзілік тенденциялармен байланысты жетілдіру процесі жүріп жатыр. Сапаны көтеруге, өз бетінше шығармашылық құзіреттілікті дамытудың іргелі білім жүйесінің тұтастығын жасауға негіз болатын тенденциялар қатарына мыналарды жатқызуға болады:
үздіксіз білім беруге көшу:
компетенцияға негізделген білім:
жаңа ақпараттық технологияны пайдалану:
білім берудің ашықтығы, актуальдандырылуы;
іргелі білім беру;
білімді ізгілендіру;
білім берудегі инновациялық әдістер;
Білім беру саласына қатысты проблемалардың барлығы мұғалімнің мойнына артылатын міндетпен шектеспей қоймасы анық. Сондықтан, мұғалім бойында төмендегідей қасиеттер болуы тиіс:
Нағыз мұғалім: 1. Тұлға
2. Ізденуші
3. Маман иесі
4. Зерттеуші
Осы қасиеттер мен кәсіби шеберлілікке ие болған педагог қана «Ұлттық мектеп моделін» ұсына алады. Демек «Қазіргі ұлттық мектеп моделі қандай болуы керек?» Атақты Ресей педагогы В.Г.Волковтың мына сұжырымдамасымен толық келісцге болады. Ол: Адамды «үй »деп алсақ оның негізгі мазмұны:
Тәрбие сүйіспеншілік
Ғылым-(білім)
Дін- (сенім)
Өнер- (сұлулық)
Ұждан – (ұят)
деп, адам бойында болуға тиіс осы қаситеттер топтамасын халық педагогикасынан алуды көздейді.
Яғни, Халық педагогикасы: Тәрбие деген не? – деп сұрайды.
Халық тәрбиешісі: сүйіспеншілік пен үлгі, өнеге- деп жауап береді.
Халық данасы: «Адам- тұлға» үйінде үш ағайынды тұрады. Олар
Ұждан (рух), Адамгершілік, Ұят.
Бала бойына осы асыл қасиеттерді топтасытру үшін ұлттық мектеп моделі төмендегідей бағытта жұмыстар атқауы тиіс.
1-4 сыныптарда- Өз ұлтының тіліне, мәдениетіне тәрбиеленуі керек.
Бала өзінің туған халқының мәдениетімен
танысып, әдебиетімен сусындап, мақтанышпен өсуі керек.

5-7 сыныптарда- Шет тілдерді меңгеру қажеттілі, өзге
мәдениетке саңылау ашу қажет.
Оқушы дүниетанымын молайту қажет.

8-9 сыныптарда: Өз мәдениеті мен мен өзге мәдениетті
салыстырмалы оқыту.
Оқушы бойындағы өз ұлтына деген мааббаты басым
болады да, өзге ұлттың мәдениетімен салыстыру
арқылы одан сайын қызығушылығы артады.

10-11 сыныптарда: Әлем мәдениетіне қанығады.
Демек оқушы, өзі ізденушіге айналады. Мектеп қабырғасында- ақ әлем мәдениеті арқылы әлемге саяхаттауға, дүниетанымын байытуға мүмкіндік алады.

Нәтижесінде этнокөп мәдениетті тұлға қалыптасады. Бұл біздің қазақ халқы үшін қазіргі интернет жаулаған заманда ауадай қажет деп ойлаймын. Бұл бағыттағы білім күнделікті қазақ тілі мен әдебиеті пәндерімен тығыз байланыстыруға әбден болады.
Еліміздің іргесі берік толуы үшін жан-жақты рухани дамыған мәдениетті тұлға дайындауға ұмтылу- біздің ұстаздар қауымының басты парызы деп білемін.

І.Қуанышбекқызы
Алматы облысы
Райымбек ауданы
№3 Кеген орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Қуанышбекқызы Іңкәр

Райымбек ауданы, Кеген ауылы, "№3 Кеген орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" КММ

Ұстаздарға арналған сертификаттар
18
Декабрь
0
166

Пікірлер: 0

avatar