Меню
Артқа » » » Материал жариялау

«Бүлдіршіндерді балалар көркем әдебиет әлеміне баулу»

  • 1.0 Рейтинг
  • 1305 Көрсетілім
  • 1 пікірлер
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 43

«Бүлдіршіндерді балалар көркем әдебиет әлеміне баулу»

Сүйінбаева Ж.Қ.
Ақтөбе қаласы, №32 «Қуаныш» МДҰ тәрбиешісі
Мектеп жасына дейінгі сәбилердің дүние танымын кеңейтіп, ойын өрістетіп, тіл байлығын жетілдіру ісінде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше. Көркем сөз өрнегін балаға тыңдатып, санасына сәуле түсіру, халық қазынасының музыкалық үнінен нәр алдыру оның ең сәби шағынан, ана әлдиінен басталады. Балаға әңгімелеп айтуға, оқып тыңдауға, жаттап айтуға, тыңдалған материалдар олардың деңгейіне, жас шамасына лайықты болуы тиіс.Әрбір бөбектің күнделікті іс-әрекеті, неге қызығып әуестенетіні, оның алғашқы ұстазы ата-анаға белгілі. Арнайы жинақталған суретті кітапшалар, әңгіме-ертегілер, мақал-мәтелдер, баланың әдет- дағдыларын тереңдете түседі. Бүлдіршіндерді балалар көркем әдебиет әлеміне баулу үшін өз ойымызды толық жеткізіп, өзімізге қарата отырып, әрбір баланың ойын сұрақ қоя арқылы толықтыру қажет.
Шығарманың баланы Отан сүйгіштікке, достық, жолдастыққа, ата-анаға, айналадағы үлкен-кішіге, ата-әжесіне деген сүйіспеншілікке, мейрімділікке тәрбиелейтін дәрежеде болғаны жөн. Яғни, шығарманың тәрбиелік жағына баса назар аудару қажет. Мұндайда ата-баба мұрасымен бізге жеткен тілек бата, өнеге-өсиетін оқып беруге болады. Оқылатын шығарманың суреттермен көрнекі бейнеленуі, шығарма кейіпкерлерінің мінез әрекеті, көркем образда бейнелеу айқындылығын, нанымдылығы, шынайлығына мән берген жөн.
Психологтардың дәлелдеуінше балалар, оқиғаның басталу, даму процесіне, оның себептеріне, шешіміне, кейіпкерлер мінездерінің әр түрлі іс-әрекет үстінде көріну өзгешілігіне қызыға назар аударады.Оқиғаның негізгі себептері туралы ой жүгіртіп,қорытынды жасауға ынталанады.Оқиғасы бала түсінігіне дөп келетін, оған айрықша әсер туғызған шығарманы тыңдап отырғанда, бала сол оқиғаға өзі араласып кеткендей әсерленетін болады.Оны зейін, қабылдау, таным әрекетін қалыптастырады.Әдеби шығармалардың тілі жеңіл де, көркем, балаға түсінікті, олардың сөз қорын жаңа сөздермен байытатындай болуы тиіс.Бар жақсысын баласынан аямаған халқымыз баланы сыйлаумен өсіре отырып, құлағына бесік жыры әуенін сіңдіре білген.
Көркем әдебиетті шығарма мазмұнына, оқиғаның желісіне қарай кейде жатқа айтып, кейде кітаптан оқып, түсіндіріп отыру қажет.Бұлай түрлендіру баланы мұқият тыңдай білуге үйретеді.

Тақпақты жаттату әдістемесі
Тәрбиеші тақпақты мәнерлеп оқып, тақтадағы сурет арқылы оның мазмұнын түсіндіріп, қиын, жаңа сөздердің мәнін ашып талдау жүргізіледі.1-шумақты оқып беріп, қайталау, көпше-жеке балаға айтқызу. Біртіндеп 2-шумақты жаттатып, оны да көпше-жеке балаға айтқызу. Жаттағанда кезек-кезекпен 1- бала 4 шумақты айтса, 2-бала 4 шумақты жалғастырады.
Ертегімен таныстыру әдістемесі
Балаларды ертегінің жанрымен таныстыру, тақтадағы сурет арқылы желісін көрсету, ертегі бойынша талдау жүргізу. Қиын, жаңа сөздердің мәнін ашып, ертегіні қайталап оқып беру.Жаңа әдістерге сүйене отырып, проект жобалары бойынша ертегілердің кейіпкерлерін талдау. Балаларды ертегіге енгізіп сахналау.
«Ұстаз-мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық оймен қиял әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі»-демекші Я.А.Коменский.
«Бала өмір гүлі»-демекші, сәбилерді ерекше жақсы көремін.Тәрбиешілік- ол өнер, бұл мамандық деуден гөрі жанның қалауы.
Тәрбиеші қызметін атқара келе менің байқағаным, қазіргі кезде ата-аналардың өз балаларына көп көңіл бөлмей жүруі. Себебі заман талабына сай көбісі жұмыс бастылар. Уақыт бөліп, кітаптар оқуға, ертегі айтуға уақыттары болмай жатады. Балаларға дайын теледидар көруге, планшет ойындары, және де күнделікті ұялы телефондарды беріп, сол заттарға әуес қылып қояды. Осыдан балалардың сөздік қоры таяз, ауызша сөйлеу тілдері жетік дамымаған, өз ойларын дұрыс жеткізе алмайды.
Сондай мәселелерді байқаған кезде тәрбиеші ретінде, ана ретінде жаным ашиды.
Барлық ата-аналарға айтарым бірінші мәселе бала деп көңіл бөлсе, оларды осы дайын заттардан алшақ ұстаса, болашақ ұрпағымызға сеніммен қарар едік.
Бүгінгі жас ұрпақты тәрбиелеу бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Қай елдің болмасын іргетасы, жарқын болашағы- ұрпағы екені белгілі. Олай болса тілдің қадір қасиетін бағалай отырып,
Сүйемін туған тілді-анам тілін,
Бесікте жатқаным-ақ берген білім!
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнің.
-деп,С.Торайғыров ақынның жырлағанына қарап, болашақ ұрпақты өз тілін жоғалту, су қараңғы көзсіз қалғанынан сақтауымыз керек деп санаймын.

Сүйінбаева Ж.Қ.

Логин: Ұстаз

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

avatar
1
керемет
avatar