Меню
Артқа » » » Материал жариялау

Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие берудегі ырым- тыйымдардың тәрбиелік мәні.

  • 0.0 Рейтинг
  • 1524 Көрсетілім
  • 1 пікірлер
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 15

Табиғат пен адам арасындағы үйлесімділік диалектикалық дамудың көзі болып есептеледі. Экология адам баласының өмір сүруіне, жалпы планетаның амандығына әсер ететін ғылым ғана емес, ол тірі организмдердің, өсімдіктер мен жануарлардың, хайуанаттардың да ортамен қарым – қатынасын зерттеуге бағытталған ғылым.

Экологиялық тәрбие бала шақтан басталуы тиіс. Баланың алғашқы қалыптасуы, көзқарасының, азаматтық санасының жүйеге түсуі экологиялық жауапкершілікті сезіну мен бірге тәрбиеленуі керек. Түпкі мақсаттың бірлігі жүргізілетін оқу -–тәрбие жұмыстарының жүйелілігін, оқу, тәрбие мазмұнының құралдарымен әдістерінің бір жүйеге ыңғайлануын қарастыруды талап етеді.
Экологиялық тәрбиенің мақсат міндеті жас ұрпаққа өзі мекен еткен табиғи ортаның әсемдігін, мөлдірлігін көре, түсіне, сезіне, сүйе білуге үйрету, тұнық ауасын бұзбауға, үйлесімділігін сақтауға, қамқорлықпен, жанашырлықпен, мейрімділікпен, сезімталдықпен, қатынас жасауға тәрбиелеу. Табиғат қазынасын ұқыпты пайдаланып, аялауға, үнемдеп жұмсауға үйрету. Жас ұрпаққа табиғатты қорғау мен байлығын ысырап етпеудің ғылыми негіздерін, басты заңдылықтарын үйрету.
Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әр түрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді. Олар тәрбие берудің жалпы жүйесінің ажырамас бөлігін құрайды. Оқушылармен оқудан тыс жүргізілетін бұл тәрбие жұмыстарының мақсаты-сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым толық ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді.

Сыныптан тыс экологиялық жұмыстарының маңызы, тәрбие үрдісінің бірізділігін қамтамасыз ету. Сыныптан тыс экологиялық жұмыстарының дәстүрлі қалыптасқан түрлері өте көп. Оны таңдау тәрбиенің жалпы немесе жекелеген оқушылардың тәрбие міндеттеріне байланысты атқарылады.

1. Тақырыптық сынып сағаттарын өткізу және оған дайындық жұмыстарын ұйымдастыру: қабырға газетін шығару, альбом жасау, плакаттар, лозунгтар әзірлеу, нақыл сөздер жазу, оқушыларға ән, би, күй, тақпақ оқуды үйрету.

2. Қызықты кездесулер, кештер, ертеңгіліктер өткізу (ақын-жазушылармен, әртістермен, соғыс ардагерлерімен және интернационалдық жауынгерлермен).

3. Сыныптағы саяси хабарламаның жүргізілуін ұйымдастыру: тақырыптық, шолулық, жедел хабар.

4. Әр түрлі тақырыпта ән айту, би билеу, өлең оқу, сурет салуға арналған байқауларды ұйымдастыру

5. Оқушылардың қолымен жасалған шығармашылық жұмыстарына сай көрмелер өткізу.

6. Көңілділер мен тапқырлар клубы байқауларының жұмысын жүргізу.

7. Оқушылармен ток-шоу, дөңгелек стол, пікір талас, әңгіме түрінде тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру

8. Спорттық жарыстар өткізу: шахмат, дойбы, тоғыз құмалақ, волейбол, баскетбол, футбол, шаңғы тебу т.с.с.

9. Оқушылардың оқудан тыс қызықты кітап, газеттер мен журналдар оқуын, оны өзара талқылауын, пікір алысуын ұйымдастыру

10. Әдебиет пәні және мектеп кітапхана қызметкерімен бірлесе отырып оқырмандар конференциясын өткізіп отыру.

18. Соғыс, еңбек ардагерлеріне, жалғызлікті қарттарға көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру.

19. Оқушылардың қысқы, жазғы демалыстары кезінде мәдени жорықтарын ұйымдастыру.

20. Мектептен тыс тәрбие мекемелерінің жұмысына қатысу.

Сонымен қатар, баланың жеке тұлға болып қалыптасуына тәрбиенің табиғаттың қатысында, табиғат арқылы берілуіне байланысты екендігін бүгінде ғылыми педагогикалық зерттеулер дәлелдеп отыр. Табиғатпен қарым-қатынас баланың ойлау, есте сақтау, бақылағыштық қабілеттеріне, сана-сезімінің жылдам өсіп жетілуіне, түйсігіне т.б. оңды әсер ету мүмкіндігі шексіз. Себебі, Адам табиғи тірі ағзаның бірі. Адам өзінің болмысы мен игерген білім жүйесі нәтижесінде өзін кейінгі өмір кезеңдерінде көрсете алады.

Кейінгі кездегі мектептерге арналып шығарылып жатқан жаңа оқулықтарда экологиялық түсініктер беріліп жүр. Себебі, жоғары мектеп өзінің іргетасы саналып жүрген орта мектептерден сапалық өзгерістерді талап етеді. Кезкелген пәнді оқытуда, ондағы тақырып материалдарының мәтінінің мазмұнын баяндағанда, түсіндіргенде оған табиғатты қорғау және көркейту шараларын үйретуді көздейтін, табиғат байлықтарына жауапкершілікпен қарайтын, яғни экологиялық білімді орнықтырудың мүмкіндіктерін арттыратын педагогикалық іс-әрекет қажеттіігі туындайды. Осы қажеттлік қанағаттандырылса ғана тұлғаны экологиялық тәрбиеге қалыптастыру үрдісінің алғашқы сатысы жүзеге асырылды деуіміізге болады.
Сабақ оқу үрдісіндегі тәрбие жұмысының шешуші құраушыларының бірі болғандықтан, экологиялық білім берудегі оқу және тәрбие жұмысы біртұтас екендігі өзінен-өзі белгілі. Бастауыш сыныптардан бастап біліім беру үрдісінде аймақтық, ұлттық, географиялық ерекшеліктерді негізге ала отырып, экологиялық білім иен тәрбиені пәндермен өзара сабақтастыра, бір-біріне кіріктіре отырып беруді қалыптастыру қажет.

Жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беруде халықтық педагогиканың алатын орны ерекше. Себебі, ол тариха тәлімдік тәжірибелердің мәйегі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде беріліп келе жатқан, іскерлік пен дағдылардың, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптардың жиынтығы.
Экологиялық білім мен тәрбиені бала жанына сіңіруде ауыз-әдебиет үлгілерін пайдаланудың да орны ерекше. Мысалы, «Ер — еліне, гүл - жеріне», «Ер – туған жеріне», «Батыр туса – ел ырысы, жаңбыр жауса – жер ырысы», «Қарағайға қарап тал өсер, қырға қарап бала өсер», «Тау бұлағымен көрікті, бұлақ құрағымен көрікті», «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «Дәрі шөптен шығады, дана көптен шығады», «Бір тал кессең, он тал ек» т.б. Мұндағы басты насихаттайтын ұстаным:

• Тәрбиенің негізі әдептілік, сондықтан өзінің өмір сүрген ортасында әдептілікті сақтау;

• Кемтар, күші аз жандарға қайырымдылық жасап, қол үшін беруге шақыру;

• Баланы жасынан еңбек сүйгіштікке шақырып, еңбекке баулу;

• Әруақытта білімге қызығып, дүниені тануға ұмтылу;

• Қоршаған ортаны, табиғат – ананы сыйлау;

• Қолыңдағы барды ысырапсыз шашпауға, яғни үнемділікке шақыру;

• Елдің қорғаны болып, халқыңа адал қызмет жаса деген сезімді қалыптастыру;

• Оқушылардың экологиялық білімі мен мәдениетін қалыптастырудың ең тиімді жолы бастауыш сыныптарда оқылатын «Дүниетану» пәнінің сабақтарын жүйелі де, тиімді де өткізу, т.б.[8]

Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі — өмір бойы жалғасатын біртұтас үздіксіз үрдіс, оның даму барысында адамның этнос субъектісі ретінде этностық құндылықтарды, этноәлеуметтік рольдерді және өз халқының салт-дәстүрлерінде шоғырланған этностық нормаларды меңгеруі, этностық өзіндік санасын оятып, өз ұлтына, тіліне, тарихына, мәдениетіне деген мақтаныш сезімін және басқа ұлт өкілдеріне сыйластық, түсіністік сезімін қалыптастыру болып табылады

«Білім негізі бастауышта» дегендей бүгінгі өмірге білімді, мықты, Отансүйгіш, салауатты өмір салтын сақтайтын, ұйымшыл, жан-жақты өнерлі, басқа ұлттарға дұрыс көзқараспен қарайтын, халықаралық қатынас тілдерін, басқа да тілдер білетін, басқа да халықтың мәдениетін білетін,өз халқының мәдениетін құрметтейтін, жеке тұлғаны қалыптастыру бастауыштан басталады.

Халықтық дәстүрлер, ырым – тыйымдар қазақ халқының рухани мәдениетін қолдауға мүмкіндік береді. Себебі онда балаларды әдемілікке, сұлулыққа, тәрбиелеу ережелерімен нормалары сақталған.

Бүгінгі таңда ұлттық сананың рухани мәдениет пен бірлікте дамып, қалыптасуы өзекті мәселеге айналуда. Бұл мәселелердің жүзеге асуы мұғалімдердің білімі мен кәсіби даярлықтарына да байланысты.

Мектептердегі тәрбие жұмыстарын талдау негізінде мектеп пен отбасы сабақтастығы аясында ғана жүргізілген тәрбие жұмыстарының нәтижелі болатындығын айқын аңғардық. Тәжірибе көрсеткендей, бұл бағыттағы жұмыс формаларын сабақта, сабақтан тыс уақыттардағы шығармашылық жұмыстрда пайдалану арқылы ғана тиімді ұйымдастыруға болады.

Соңғы уақыттардағы қоғамдық қарым-қатынастардағы елеулі өзгерістер мен жетістіктердің мәні мәдениеттің ұлттық болмысын терең сезіндіріп, оны әлемдік өркениетпен сабақтастыра дамытуға бағытталуымен ерекшеленеді. Бұл оң өзгерістердің мәдениеттің құрамды бөлігі- ұлттық тәрбие тәжірибесі мен оның даму тарихын зерттейтін пән болғандықтан халық педагогикасы ғылымы үшін де қатысы бар екені даусыз.

Қоғамдық-әлеуметтік жағдайдың ілгерленуі педагогикалық ойлардың дамып жетілуіне ықпал етіп тәрбиенің жан-жақтылығын, жоғары шеберлікпен берілуін талап етті. Нәтижесінде тәрбиенің өзіндік бітімі мен болмысы, дербестігі айқындала түсті, ол халықтың қоғамдық қызметінің басты салаларының біріне айналды, қоғамдық сананың маңызды белгісі ретінде көрініс берді.

1. Экологиялық тәрбие берудегі ырым –тыйымдардың тәрбиелік мәні.
Бүгінгі күнде жас ұрпақтың санасында туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухына сіңіру, сондай-ақ ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, халықтық салт-дәстүрлерді аялай, ардақтай білуге тәрбиелеу –басты міндеттердің бірі.

Жас ұрпақтың ұлттық дүниетанымын қалыптастыруда қазақ халқынын тиымдары мен ырымдары, наным-сенімдерінің алатын орыны ерекше. Өйткені оларда халықтың ғасырлар бойы жинақтаған бай тәжірибесі сақталған, ұлттық рухани байлықтың қайнар көзі мен мүмкіндігі көрініс тапқан. Алайда халқымыздың осы асылмұрасын тәрбие көзөі ретінде пайдалану талапқа сай емес. Ізгі тәрбие- тағылым құралы болыптабылатын тиымдар мен ырымдар жіктеліп, бір жүйеге түсірілмеген.

Табиғатты аялай білуге, қызығушылық пен қабылдауға үйрету материалдың қарапайымнан күрделіге, жеңілден ауырға, жалпыдан жекеге қарай болуын ескерту, эстетикалық талғамын жетілдіру және т.б.), бастауыш сыныпта оқытудың дидактикалық принциптері негізіне алынды.Кіші жас балаларына өзінің туған жері мен оның табиғатына деген көзқарастары туралы терең мазмұнды түсінік беріп, қоршаған ортаға деген аялы көзқарасын қалыптастыру мақсатында біз экологиялық тәрбие беру жұмыстарының мазмұнына қазақ фольклоры жанрларын енгіздік.Өйткені өз тағдырын табиғатпен тамырластыра білген халық қана табиғатқа және оның жекелеген байлықтарына үнемі мейірімділікпен, жанашырлықпен қарауға ұмтылады. Қазақ халқының ұлан байтақ кең далада көшіп-қонып, әрбір аймақтың табиғат жағдайларына қарай бейімделіп, шаруашылық салаларын жүргізе білуінің өзі байсалды байқампаздықты, терең біліктілікті аңғартады, әрі табиғатқа деген аялы алақан, жүрек жылылығын арнап, аса зор қамқорлық көрсете білгендігін байқаймыз. Халқымыздың мағыналы да мазмұнды ұғымдары ерте кезден-ақ табиғатқа қамқорлықпен қарап, табиғат байлықтарын ұқыпты пайдалануға бағытталған.

Күнделікті отбасында қолданылатын «сүтті жерге төкпе», «тұзды, нанды аяққа баспа», «бұтақты сындырма», «гүлді үзбе» және т.б. тыйым сөздер жаман әдет, жағымсыз іс-әрекеттен бойды аулақ ұстауға тәрбиелесе, суға байланысты айтылатын «ағын суды тоқтатпа», «құдыққа қоқыс тастама», «су ішкен құдығыңа түкірме» т.б. тыйым сөздер судың тазалығын сақтаудың адам өмірі үшін

Момынова Динара Мухтаровна

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы № 28 Ақбай жалпы орта мектебі

Логин:

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

avatar
1
Жұмысыңыз тамаша. Әр бастауыш мұғалімі еліміздің болашағы- жас ұрпақты осылай ұлттық татыммен тәрбиелесе , "Мәңгі ел" болып қалуымыз айдан анық.
avatar