Меню
Артқа » » » Материал жариялау

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын арттыру жолдары

  • 1.0 Рейтинг
  • 835 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 121

Қазіргі ұрпақты білім нәрімен сусындатуда жаңа технологияның алатын орны ерекше.Оны меңгеру және оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктеріне сай келтіріп, сабақ үрдісіне ендіру ұстаздан мол ізденушілікті талап етеді.Сонымен қатар жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, рухани, азаматтық және тағы басқа да адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытуға көмектеседі.
Мен өзімнің көп жылдық іс-тәжірибемде оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын арттыру барысында педагогика ғылымының докторы, профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясын қолдана отырып сабақ жүргіземін. Мақсатым баланың бойындағы бар қабілетті ашу, пәнге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылығын шыңдау.
Деңгейлік тапсырмалар баланың барлық пәннен өз бетінше іздене отырып жаңа тақырыпты толық меңгеруіне, олардың бір-бірімен білім алмасуына, өз бойларындағы қабілетін байқауға, шығармашылықтарын арттыруға жол ашады. Сонымен бірге балада намыс оты оянып, жолдастарынан қалып қоймауға әрекет етеді, өз мүмкіндігін пайдалана алады, әсіресе өзіне деген сенім оянады. Ал әрбір ұстаздың да өз шәкіртінен күтетіне осы емес пе?
Мен деңгейлік тапсырмаларды кез келген сабақта қолдануға тырысамын.Балалар тапсырмаларды қызығып, жарыса орындайды. Математика сабағында деңгейлік тапсырмаларды, шығармашылық, логикалық тарсырмалар беріп, баланың мүмкіндік деңгейін анықтауға болады. Қазақ тілі, әдебиеттік оқу сабақтарында ребустар түзу, оның жауабы бойынша әңгіме, мәтін немесе төрт шумақ өлең жазу тапсырылады.Бала әрбір жұмысының нәтижесін біліп отыруы керек.Бұл ұстазға да өте қажет.Себебі мұғалім оқушы еңбегінен өзінің жұмысының қорытындысын көреді.Демек, жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы.
Енді сол еңбегімнің нәтижесін сіздерге ұсынып отырмын.

Абай Қарақат Нұржанқызы
Раушан гүлі.
Гүл - өте әдемі, нәзік өсімдік. Ол жаңбырдан соң айналасына хош иіс таратады. Оның түрі өте көп. Мысалы: ең алғаш гүлдейтін бәйшешек, раушан, қызғалдақ сынды гүлдер. Маған ұнайтыны раушан гүлі.
Раушан - гүлдердің патшасы. Ол махаббат символы. Оның да түрлі түстері бар: ақ, қызыл, сары. Қазіргі ғалымдар раушанның қара, көк және басқа түрлерін өсіруде.
Раушан гүлін барлық қыздар ұнатады. Менің әжем де раушан гүлін ұнатады. Мен мерекелерде әжеме, анама, әпкелеріме раушан гүлін сыйлаймын.

Халық қаһарманы.
Ерте, ерте, ертеде «Бақыт» деген ауылда Мақсат деген батыр тұрыпты. Ол барлық ұрыста жеңіспен оралады екен. Оның ауылына қызықпаған жан қалмапты. Халқы өте еңбекқор, көңілді, ынтымақта болған екен.
Бірде сол Мақсат батыр өз сүйгеніне қосылып, той жасайды. Халқы шат-шадыман болып, батырдың куанышын бірге бөліседі.
Күндердің күнінде Мақсат батыр ұзақ уақыт соғысқа аттанады. Батыр-
дың жоқтығын пайдаланған жауыз патша сол ауылға тұтқиылдан шабуыл жасайды. Халқын, жерін басып алады. Өзі сол жерге патша болып алады. Алайда бұл уақытта Мақсат батыр еліне ұрыстан жеңіспен оралады. Батыр қолына қылышын алып жауыз патшамен соғысады. Оны өлтіреді. Осылайша батыр өз елін жауыз патшадан аман алып қалады. Оны халқы сыйлап таққа отырғызып, патша етіп сайлайды. Оған «Халық қаһарманы» атағын береді.
Осылайша Мақсат өз мақсатына жетіп, елімен бірге бақытты ғұмыр кешіпті.

Бақтығұл Іңкәр Ерханқызы.
Қыс.
Аппақ қылып ауылды,
Жапалақтап қар жауды.
Қыс та келіп аязды,
Ауыл көркін кіргізді.

Далада мен ойнаймын,
Қызыққа еш тоймаймын.
Биік дөңнен сырғанап,
Асыр салып ойнаймын.

Жазғы демалыс.
Көптен қүткен жазғы демалыста келіп жетті.Әкем бізді жазғы демалыста Алматы қаласына алып барды. Ол жерде он күндей болдық.
Алматы әсем қала екен.Табиғаты маған өте ұнады.Көрікті жерлерінің бәрін араладық.Маған бәрінен де бұрын қатты ұнағаны хайуанаттар бағы болды.Онда біздер аң-құстардың неше түрін көрдік.Інім өзімен бірге әкелген алманы маймылға берді.Маймылдың көз алдыңда алма жегені қызық екен.Сол күні кештің қалай болғанын білмей қалыппыз.Оныншы күні Алматыны қимай-қимай ауылға қайттық.
Біз келер жылы жазғы демалыста Алматыға тағы да келуге ұйғардық.

Молдақадыр Нұрман Арманұлы

16 желтоқсан
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн.
Құттықтаймын бәріңді,
Қуанышты ниетпен.

Ұстазыма
Ұлағатты ұстазым
Мейірімі мол шуақты.
Шын көңілден тілеймін,
Таусылмас бақыт қуатты.

Білім
Білім алып мектептен,
Ұшқыр ойлы боламыз.
Білім берген ұстазға,
Айтамыз біз мың алғыс.

Табынбай Нұрасыл Кенжебайұлы

Өнегелі отбасы.
Біздің сыныпта 18 оқушы оқиды.Барлығымыз өте жақсы оқимыз және өнерлі де, тәртіпті де, тату-тәтті тұрамыз.Ұстазымыз Зәуре апай бізге аналық, ұстаздық ақыл-кеңесін айтып отырады. Әр сабағымыз өте қызықты өтеді.
Жақында біздің сыныпқа өзін-өзі тану пәнінен сабақ беретін ұстазымыз Алдашева Замира апай «Өнегелі отбасы» сайысын өткізді. Сыныптан 5 оқушы қатысты. Бақтықұл Іңкәр әкесімен, Молдақадыр Нұрман әкесімен, Абай Қарақат әкесімен, Аманжол Аяна анасымен, Абдуәлиев Асылмұрат анасымен сайысқа түсті.Сайыс өте қызықты болды.Достарымыз әр қырынан танылды.Олардың ата-аналары да қарап отырмады. Аяна анасымен бірге би билесе, Іңкәр әкесімен бірге салат жасады.Асылмұраттың анасы ән шырқаса,Нұрман әкесі екеуі ағылшынша ән айтты.Ал Қарақат сурет салса, әкесі өлең оқып берді.
Сайыс соңында бас жүлдені Аманжол Аянаның отбасы алды.Сайыс өте қызықты және тартымды өтті.

Максутова Зауре Бектасовна

ОҚО Мақтаарал ауданы Қ.Аманжолов жалпы орта мектебі

Логин: zauremaksutova70

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Пікірді ешкім жазбаған.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз, ойыңызбен бөлісіңіз.
avatar