Дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу тәжірибемнен

Жарияланған материалдың жеке номері: 34


Ақтөбе облысы Шалқар қаласы
№4 орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі
Сарина Ғалия Асылбекқызы
Дарынды оқушылармен жұмыс жасау тәжірибемнен
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді.
Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс.Алайда, әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу-ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы.
Дарынды балалар қандай? Олар әр түрлі, бір-біріне ұқсамайды. Дарынды баланы байқамау мүмкін емес, көпшіліктің ортасында өзінің іс-әркетімен, бейімділігімен, қабілеттілігімен бірден көзге түседі. Дарынды баланы қалай тануға болады?
Белгілі зерттеуші Н.С.Лейтес қабілетті балалардың 3 категориясын анықтап берді:
І категория: Ой-өріс қабілеті ерте жастан байқалған оқушылар
ІІ категория: Жеке бір іс-әрекеттері мен белгілі бір мектептегі ғылым түріне қабілеттілігімен көзге түскен оқушылар
ІІІ категория: Дарындылық күш-қажырымен ерекшеленетін оқушылар

2014-2015 оқу жылында алғаш мектеп табалдырығын аттаған оқушылардың қабілетін анықтау мақсатында мектеп психологы А.Шанова Лосьева әдістемесін алды. Нәтижесінде музыкалық аймақ-2, академиялық жетістігі аймақ-1 бала анықталды.

Осы орайда, дарынды оқушылармен жұмыс жасаудағы мақсатымды айқындадым:
 Өздік ойлау жүйесі бар оқушыларға ғылыми білімді насихаттау арқылы ғылым саласына деген шығармашылық қызығушылықтарын ояту, ұлттық білім дәрежесін көтеру
Міндетім:

 Ғылым негіздерін оқуға бейімділік пен қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау
 Оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарын ынталандыру
 Пән бойынша теориялық білімдер мен тәжірибелік біліктілікті терең меңгеруге көмектесу
 Қазақстан Республикасының интеллектуалды әлеуетін қалыптастыруға үлес қосу
Жұмыс жоспарына сай дарынды оқушылардың тізімі жасалып, картотекасы жасалды. Кітапханамен байланыс орнатылып, мектепішілік шығармашылық, танымдық, интеллектуалдық байқауларға қатыстырылып, нәтижелі орындармен марапатталды. Үздік туындылары бұқаралық ақпарат құралдарына ұсынылды. Аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық сайыстарға қатыстырылды.
Нәтижесінде, сыныбымда дарынды оқушылардың қатары көбейді.

Сарина Галия Асылбековна

Ақтөбе облысы Шалқар қаласы №4 орта мектебі

Ұстаздарға арналған сертификаттар
18
Декабрь
0
1512

Пікірлер: 0

avatar