Меню
Артқа » » » Материал жариялау

Экологиялық тәрбиенің мектепке дейінгі жастағы баланың жан –жақты дамуына қосатын үлесі

  • 0.0 Рейтинг
  • 1142 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 74

Экологиялық тәрбиенің мектепке дейінгі жастағы баланың жан –жақты дамуына қосатын үлесі

«Балыққа-суы, құсқа-ауасы, аңға- орманы, даласы, тауы керек. Ал адамға керегі- Отан. Ал табиғатты қорғау-Отанды қорғау»

Еліміздің ертеңі жас бүлдіршіндерді тәрбиелеу, оларға дұрыс бағыт-бағдар беру өзекті мәселе. Әрине, тәрбие жұмыстары балабақшадан бастау алып әрі қарай жалғасады. Тәрбие негізі қаншалықты сапалы болса, келешек кепілі де сондай болмақ. Тәрбиенің бір бағыты экологиялық білім саласын да назардан тыс қалдыруға болмайды. Себебі, экологиялық тәрбие ол баланың қоршаған ортасы, айналасы, болашағы деген ұғыммен тығыз байланысты. Экологиялық тәрбиені ертерек бастаса, соғұрлым пайдалы болмақ.

Мектепке дейінгі балаларға экологиялық білім берудің мақсаты: бала санасына экологиялық түсініктер мен адам – табиғаттың бір бөлігі екендігін жеткізу. Адамның өмірі оның жеке басының жағдайы мен қоршаған әлеммен үйлесімді байланысында екендігін түсінетіндей құндылықтар жүйесін қалыптастыру

Экологиялық тәрбие жұмысын жүргізу,оқытудың негізгі формалары бақылау, қызықтау, серуен.
Тәрбиешінің табиғи нысандары мен табиғат құбылыстарын бақылауды ұйымдастыруы,балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі мәселесі болып есептеледі.
Қызықтау кезінде балаларды таза ауада,көз тартар әдемі гүлдер мен ағаштар арасында болуы көтеріңкі көңіл-күймен қатар,табиғат сұлулығын сезіне білуіне әсер етеді.
Ал серуен кезінде, тәрбиеші балаларды табиғатпен таныстырып, өсімдіктерге су құю,қураған жапырақтарды бірге жинау,ағаш түптерін тазалау т.б сияқты қарапайым еңбек түрлеріне қатыстырады. Мұндай еңбек түрлерін орындау,балалардың еңбекке деген жауапкершілік сезімдерін дамытып, ынтасын арттырады. « Жер,су,ауа», «Жапырағына қарай анықта», «Кім жылдам?»,табиғат құбылыстарына байланысты сөз жұмбақтарды шешу т.б ойын түрлері арқылы бала қоршаған туралы түсінік алады,дүние сырларын түсініп,аңғара бастайды. «Табиғат-бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы,тал бесігі, өсіп-өнер мекені»,яғни табиғатты қорғау-экологиялық тәрбие жұмысымен ұштастырумен табылады.

Балаларды экологиядан ұйымдастырылған іс-әрекетінде үй жануарлары, құстар, балықтар, гүлдер, аңдар, жәндіктер, жеміс – көкөністермен таныстырып болған соң, “Қайсысы артық, неге?”, “Не өзгерді?”, “Дәмінен айыр?”, “Даусынан айыр” т. б. ойындар ойналады. “Егерде мен үлкен болсам” ойыны балаларды шығармашылдыққа, жауаптылыққа үйретеді, табиғатты қорғауға тәрбиелейді.
Сонымен қатар, экологиялық сәттер оқып беру арқылы балалардың адамгершілік, танымдық қабілетін дамытамыз. Ойын барлық оқу іс-әрекетімен тығыз байланысты, ойынсыз оқу іс-әрекеті өтпейді десем жаңылмаймын. Ойын баланы жан-жақты дамытып, оқыту мен тәрбиелеуде өз септігін молынан тигізеді.
Көркем шығармаларды сахналауды балалар өте қызығушылықпен ойнайды. Мысалы: “Аңшы мен бала”, “Гүлдер туралы аңыз” бойынша сахналауда олар жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді тауып, шығарманың мазмұнын талдағанда табиғаттың қорғаушысы болған балаларға ұқсағысы келетіндері байқалды.
Қызықты тәжірибелерге қатысуда балалардың өз жұмысының қорытындысын көруге деген ынта пайда болады. Оларды ауа мен судың қасиеттерімен таныстыруда түрлі ойындар мен тәжірибелер жасалады. Мысалы: “Кім тез үреді?”, “Толқын”. Көптеген ойындар таза ауада ойналады, балалардың қимылдауына, ойлауына септігін тигізеді. Жылдың әр мезгілінде әртүрлі ойындар ойнауға болады.
Мақсатты серуендерде ағаштарды бақылау, өзгерісті айту, құстарға қамқорлық жасау, гүлдерді суару т.б арқылы балаларды еңбексүйгіштікке, сұлулықты көруге, сезінуге тәрбиелейміз.
Ойын алаңында қимылды ойындарда ұйымдастырылады “Аю мен түлкілер”, “Қасқыр мен қояндар” т.б ойындарда балалар жануарлардың мінез-құлқын, жүрісін, даусын салады. Ойын арқылы олардың шығармашылық қиялдауы дамиды. Олар ойындарда бірнеше құбылысты біріктіреді, жаңасын қосады, кейде өмірден, ертегіден қосып алады. Экологиялық шығармашылықты ойын арқылы дамытуда бала белсенділігі мен қабілеттілігінің маңызы зор.
Балалардың дамуында экологиялық тәрбиенің маңызы зор. Балалардың барлық іс-әрекеті, ақыл-ойы осы айнала қоршаған ортамен тығыз байланыста және экологиялық тәрбие балабақшамен шектелмейді, мектепте осы білімдерін одан әрі өрбітіп, байытады.


Пайдаланған әдебиеттер
1. Мектепке дейінгі тәрбие № 6 2014 қараша –желтоқсан
2. Мектепке дейінгі тәрбие № 6 2013 қараша – желтоқсан
3. Мектепке дейінгі тәрбие № 5 2014 қыркүйек -қазан

Жакупова Анар Хибатуллаевна

СҚО Петропав қаласы №17 ұлттық өркендеу орта мектеп кешені

Логин: anara_2488

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Пікірді ешкім жазбаған.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз, ойыңызбен бөлісіңіз.
avatar