Өңірлік туризмді дамыту мәселелері

Жарияланған материалдың жеке номері: 128


Өңірлік туризмді дамытудың мәселелері


Әлемдік экономикада туристік сала – аса жанды және перспективалы салалардың бірі, кейбір елдерде туризм мемлекет кірісінің бірден-бір көзі болып табылады. Бүкіләлемдік туристік ұйымның болжамы бойынша, Қазақстан тұрақты туризмді дамыт болашағы бар мемлекет.

Әлемдік индексі бойынша туризм және саяхат сферасындағы бәсекелестік жағынан туризм Қазақстан бүгінгі таңда 140 елдін ішінен 88-ші орында тұрақтаған. 2011 жылмен салыстырғанда Қазақстан туризмі бес сатыға жоғарлаған. Болашақта Қазақстан транспорттық инфрақұрылымды және туризм инфрақұрылымын дамытуды 2020 жылы 60-шы орынды тұрақтайды деп жоспарланып отыр.

Барлық туристік нарықта Қазақстанның табиғатына, ландшафтарына және ұлттық мәдениетіне үлкен қызығушылық тудыруда. Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытуда үлкен мүмкіндігі бар аймақ – Маңғыстау облысы.

Бұл жер шөл даланың керемет ландшафтарының барлық түрін, қарт Каспийдің көкшіл суы мен шексіз құмды жағажайын, көшпелі сәулет өнерінің жарқын да, қайталанбастай үлгілерін, қазақтың алғашқы қауымдық дәстүрлі мәдениетін өзіне сіңіріп алған. Маңғыстауда туризмді дамытудың басым бағыттарының бірі – өлкенің экономикасын дамыту. Бүгінгі таңда осы сала қызметін тұтынушылардың әлемдік нарығында облыстың туристік ресурстарын белсенді насихаттаудың аса өзекті мәселелерін қарастыру қажет.

Каспий теңізі – Қазақстан, Ресей, Әзiрбайжан, Иран және Түркіменстан – бес мемлекетті бiрiктiретiн үлкен тұйықталған су қоймасы. Сондықтан Маңғыстау облысында теңіз туризмін дамыту жобасы мақұлданды. Мамандар өлкеде туризмді дамытудың басым бағыттарының бірі круиз (кемеге отырып саяхат жасау) және желкенді қайық спортын ұйымдастыру керек деп есептейді. Асау Каспийдің жағасындағы демалыс ұмытылмайтын әсер қалдырады. Жағаға соққан толқынның мейiрiмдi сыбдыры тыныштық орнатады. Теңіз суы тәулік бойында сұр түстен жасыл түске дейін өзгеріп отырады. Қарақия ойпаты – әлемнiң ең терең ойпаттарының бірі. Сонымен қатар Шопан ата, Масат ата, Қараман ата, Шақпақ-ата, Бекет-ата, Темір баба киелі орындары, Форт-Шевченко мұражай қалалары, Үстірттегі Бозжыра шыңы, Марс тәріздес Көкесем жері, Көкала үңгір тауы, Шоманай таулары, Түпқараған жазығы, Сұлтан-үпі сайы, Қаракөл көлі т.б әлі сыры ашылмаған керемет жерлер жетерлік .

Бүгінде Туризм саласын дамыту институты «Кендірлі» демалыс аймағын дамытудың 2020 жылға дейінгі мерзімді қамтитын жүйелік жоспарын жасады. Болашақ демалыс аймағының сыртқы инженерлік инфрақұрылымын жасау үшін арнайы жобалар жасалып, оларды іске асыруға қатысты шаралар қолға алынды.

Маңғыстау облысын халықаралық іскерлік және туризм орталығына айналдыру керектігін 2011 жылы Ақтауға келген сапарында елбасы Н.Ә.Назарбаев та баса айтқан болатын. Ол үшін турфирмалар арасында ұсынылатын қызмет сапасы мен бағасы жағынан бәсекелестік болуы, басқа қалалар секілді туристерді бірінші өз еліміздің ішінде тарта біліп, шетелге шыққанша жоғарыда аталып кеткен өз елімізде саяхат жасауға болатынын көрсете білу керек
Маңғыстау облысында туризмді дамытуға кедергі келтіретін мәселелерге тоқталсақ:

• инфляцияның өсуі, әлемдік қаржы нарығының тұрақсыздығы;
• мамандардың дұрыс тіл таба алмауы немесе сервис қызметінің дамымауы;
• елшіліктердің қателіктері;
• шетелдік азаматтардың виза алуы және мемлекетте тіркелуі:
• бағдарламаның толыққанды орындалмауы, стратегиялық құжаттардың сапасыз іске асырылуы;
• білікті мамандардың аздығы;
• инфрақұрылымның жеткілікті дамымауы;
• жергілікті атқарушы биліктің жеткілікті дәрежеде көңіл бөлмеуі;
• сыбайлас жемқорлықтын әсері;
• халықаралық деңгейдегі әлемге әйгілі ескерткіштердің болмауы;
• маркетингтік шаралардың жеткіліксіздігі;
• ғаламторда Қазақстан туралы ақпараттын аздығы;
• көңілі толмаған туристердің ғаламторға жазған пікірлері;
• өлкенің тұрғындарының қаржылық жағдайы ( еңбек ақының жоғары немесе төмен болуы);


Осы кемшіліктерді жою мақсатында бірнеше бағдарламалар қабылданды. Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Е.С.Никитинскийдің сөзіне сүйенсек, Кендірлі демалыс орыны Маңғыстауды Қазақстанның батыстағы туристік орталығына айналдырып қана қоймайды. Оның айтуынша, 2015 жылы Маңғыстау – әлемдік нарықтағы туристік сектордың маңызды бөлігін жаулап алуы тиіс. Сонымен қатар, Каспийде Қазақстан, Ресей, Иран, Түркменстан, Әзірбайжанның қатысуымен халықаралық теңіз круизын ұйымдастыру да қолға алынбақ.

Маңғыстауда туризмнің жағажай, экологиялық, мәдени-танымдық, қажылық, балалар, әлеуметтік және экстрималдық туризм түрлерін дамытуға ыңғайлы. Биылғы жылы 10 елге визасыз кіруді еңгізілді. Осыларға қарамастан бүгінгі күнге дейін өз елімізді сапалы түрде ұсынуды үйренгеніміз жоқ.
Шетелдік туристерден бұрын біз ең алдымен өз халқымызға қызмет көрсете алуымыз керек. Мысалға: суға тас лақтырғандай тас түскен жер ең алдымен кіші шеңбер құрап барып шеңбердің аумағы үлкейе түсетіні бәрімізге мәлім, сол сияқты біз бірінші өз өлкеміздің халқына туристік қызмет көрсетіп үреніп қалыптасуымыз керек. Бұл заңдылық осы заңдылықтан еш аттап кетпеуіміз керек.

Менің бір байқағаным Маңғыстау өлкесінің қарапайым халқы өз тұрғылықты жерінен асып ешқайда шықпайтының байқадым. Тіпті Ақтау қаласына да демалу үшін де бармайтындары бар екен. Осы өлкеде тұрып Бекет атамыздың басына бармып көрмеген адамдарда да кездеседі. Қаладан-қалаға, мемлекеттен-мемлекетке дегендей өз өлкемізде, өз халқымызға арналған туризмді дамытуымыз керек осыдан барып халықаралық деңгейге шығуымыз керек.

Жастар туризмін дамыту және сол арқылы тәрбие беру. Жасөспірімдер туризмі басқа туризм түрлеріне қарағанда тәрбиелік мәні жағынан жоғары, педагогикалық тәрбиелік жұмыстарда орны ерекшелігі нақты айтылған. Оқу - тәрбие жұмыстары арқылы туған өлкенi тануға, қоршаған ортамен, тарих және мәдениет ескерткiштерiмен танысуға ықпал етедi.

Кеңес өкіметінен бері өлкетану арқылы тәрбелеудің маңы зор екендігі бәрімізге мәлім, бірақта қазіргі таңда осы тәрбие түрі кеңінен қолданылмай отыр.
Бұл жалпы мемлекеттiк идеяны iске асыру барысында табиғат пен қоғамға ең төмен салдарға әкеле отырып, мемлекеттiң тұрақты дамуын қамтамасыз ететiн экономиканың пәрмендi секторы ретiнде туризмнiң дамуына мүмкiн береді.

Ақтау қаласында білім алатын орындарға экскурсиялық қызмет ұсынатын жеке меншік туристік ұйымдардың бар екені белгілі, ол тек сол қала тұрғындарына қызмет көрсете алады, ал қалған қала, ауыл оқушыларында бүл мүмкүншілігі шектеулі немесе жоқ деуге де болады. Осыған байланысты экскурсиялық қызметтер ұсынатын ұйымдар қызметін көбейтіп, оқу орындарында аранайы пәнер енгізілсе болашақта туризмнің дамына септігін тигізер еді.
Жеке кәсіпкерлеге салықтық жеңілдіктер берілуі тиіс. Қазіргі таңда кәсіпкерлікті дамытамын деушілерге мүмкіншіліктер беріліп жатыр. Бірақ соның кәсіпкерлікпен шұғылданатын кәсіпкерлеріміз тек табыс көзін көздеп кететіндерде бар. Түскен пайданы айналымға салмайтындығы тағы бар. Жеке меншік кәсіпорындарда өз қызметкерлеріне жылына бір реттік демалыс орындарына жолдама жағы қарастыратын болса бұлда туризмнің дамуына септігін тигізер еді. Осындай жеңілдіктер енгізген мекемелерге салықтық жеңілдіктер де қарастырылуы керек.

Осындай киелі Маңғыстаудағы тарихта өзінің ізін қалдырған әлі күнге дейін сақталып келе жатқан туристік объектілері мен мекендерін жан жақты жетілдіріп, инфрақұрылымын дамытсақ, осы жерлерге арнайы турлар дайындап, алғашқыда арзан бағадды тұңғыш тұтынушыларды жинау мақсатында, кездесетін кемшіліктер болса түзеп, сервисті жақсартып, ұсыныстарды орындап, жетілдіре білсек туристер тартып, одан әрі көркейтсек және Маңғыстау облысы туризмінің брендін ұсынып, соны жарнамалап туристер шақырсақ бұл өлкедегі туризм дамымауына кім кепіл?!

Бекбаева Арай Жанатовна

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы. "Каспий" педагогика және салалық технологиялар колледжі

Ұстаздарға арналған сертификаттар
18
Декабрь
0
2378

Пікірлер: 0

avatar