мөлдір бұлақ-жасыл құрақ

Жарияланған материалдың жеке номері: 275


Өзін-өзі тану сабағына сабақ жоспары
Мектеп № 182 Мерзім: №21- сабақ
Тақырып:Мөлдір бұлақ – жасыл құрақ
Құндылық: Қиянат жасамау
Қасиеттер: Мейірімділік, қамқорлық
Мұғалім: Касенова Н.Н. 6-сынып
Сабақтың мақсаты:Оқушылардың табиғаттаң тұтастығы туралы ұғымдарын кеңейту;
Міндеттері.
Білімділігі:-оқушылардың табиғаттың тұтастығы туралы ұғымдарын кеңейту;
Дамытушылығы:-оқушылардың табиғатты сақтау, аялау сезімдерін дамытуға ықпал ету;
Тәрбиелілігі: - табиғатқа сүйіспеншілікпен, мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Тыныштық сәті:
Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!
Ресурстар:( оқулық, дәптер)
2.Үй тапсырмасын тексеру.
«Мені қоршаған табиғат» тақырыбына эссе жазыңдар Сабақ барысын талқылау:
3.Дәйексөз
Таза болсатабиғат
Аман боларадамзат
Ф. Оңғарсынова
4. Мәтінмен жұмыс
А.Сейдімбектің табиғат туралы ой-талғамын оқып түсіну арқылы білімдерің тереңдей түседі.

5.Оқу ақпараты
Қоршаған орта неғұрлым таза болса, адамның денсаулығы мықты, көңіл күйі көтеріңкі болады. Ауаның жер мен судың табиғи таза қасиеттерінің қолайсыз өзгерістерге ұшырауы – қоршаған ортаның ластануы. Олар Адамның денсаулығына, өсімдіктердің өсуіне, жануарлардың тіршілік етуіне зиянын тигізеді.

6.Шығармашылық жұмыс
Оқулықта шығармашылық жұмыс:
Өздерің тұратын жерлердегі табиғат үйлесімділігі сақталмай қамқорлықты қажет ететін жағдаяттарды шешудің жобасын жасап, жария етіңдер.

7.Тапсырма
Мәтінді оқыңдар. Түйінді бөліктерге бөліп мазмұнына сай ерекшеліктерін анықтап ат қойыңдар.

8.Үйге тапсырма
Дәптермен жұмыс.
4- тапсырма
Жойылып, құрып кету қаупі төніп тұрған табиғат атынан өтініш хат жазыңдар.
5- тапсырма
«Табиғатты қорғау және сақтау» жобасын жасап, жария етіңдер.

9.Топпен ән айту.
Өмір сүрейік алмасып
М.Мақатаев
Жапырақ-жүрек, жас қайың!
Жанымды айырбастайын.
Сен адам бола бастасаң,
Мен қайың бола бастайын.
Келісесің бе, жас қайың?
Көрінер, мүмкін, кімге ерсі,
Өміріңді маған бір берші!
Дүрбелең мына дүниені
Адам көзімен бір көрші.
Қайың боп мен де бағайын,
Орманнан орын табайын.
Беймәлім маған өмірге
Қайың көзіммен қарайын.
Сен-дағы жерден нәр алдың,
Мен-дағы жерден нәр алдым.
Біреуден сен де жаралдың,
Біреуден мен де жаралдым.
Тілің жоқ, жанды қайың сен,
Айырмашылығым – Адаммын.

10.Соңғы тыныштық сәті.
Мен осынау әсем де көрікті әлемді сүйемін.Әлем маған бар байлығын сыйлады.Мен әлемді көркейтуге бар ықыласыммен дайынмын.

Касенова Назым Назарбековна

Алматы қаласы Алатау ауданы №182 ЖББ мектеп

Ұстаздарға арналған сертификаттар
18
Декабрь
0
55

Пікірлер: 0

avatar