Меню
Артқа » » » Материал жариялау

Мектеп бітірушілерді физикадан тестіге дайындау

  • 0.0 Рейтинг
  • 1250 Көрсетілім
  • 1 пікірлер
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20

Еліміздің жоғары оқу орындарына студенттер іріктеу соңғы бес жыл бойы тест жүйесі бойынша іске асуда. Қоғамның қазіргі даму деңгейіндетест жүйесі білім беру саласымен қоса мемлекеттік қызметте, бизнесте де өте жиі қлданылып отыр. Осындай жағдайларға байланысты тест жүйесі мәселесінің рөлі республикамызда күн санап артып келеді. Бұл жағдай әсіресе тест жүйесінің қолдану аясының кеңдігіне байланысты жоғары оқу орындарында, жалпы білім береті орта мектептерде айқын сезіледі. Сол себепті, мектепте, оқу орындарында оқытушылардың тестжүйесінің ерекшеліктері, яғни тест жүйесінің теориялық негізі мен оның құрудың практикалық бағыттары жайлы біліммен қаруландыру кезек күттірмейтін іс демекпіз.
Тест (test) ағылшын сөзі. Оның қазақша аудармасы тексеру, сынау, байқау деген мағынаны білдіреді.
Тест ұғымының әр түрлі анықтамасы бар. Оның ішінде көп қолданылып жүргені «Тест дегеніміз- жауабы берілген тапсырма» деп тұжырымдалып жүргені анықтама. Тест мәселесінің ой- қырына терең бойламай айтылған бұл анықтама, оның мәнді белгілерін білдіре алмайды.
Жалпы, тест терминін 1890 жылы алғаш рет енгізген американ психологы Дж.Кеттел.
Емтихандарға 7 – 11 сыныптардағы физика бойынша оқу материалдары енгізілген. Бұл оқу материалдарын мұқият қайталап шығу қажет.
Әрбір тақырыпты қайталау алдында қысқаша теориялық материял беру қажет. Оқушыларды тапсырманың сұрағын оқып шыққаннан кейін, әрбір жауапқа талдау жасауға, бұл жауап неліктен дұрыс, неліктен дұрыс емес дегенді ойлануға үйретудің маңызы зор. Сонымен қатар шапшаң әрекет етуге үйретілсін. Алғашқы сабақтарда барлық тапсырманы, қайталанатын болса да, жедел түрде қарастырып шығу керек. Содан соң тапсырманың бір бөлігін сыныпта немесе үйде өздігінен орындауға беруге болады, бірақ оның орындалуын тексеру міндеттті нәрсе. Тест тапсырмалары бағдарламаның барлық сұрақтарын қамтымайды, белгілі бір тақырыпқа байланысты типтік есептерді мектептегі есептер жинағынан алып шешу керек.
Әр оқушының бір тапсырмадан екіншісіне жылдам ауыса білуді үйрену маңызды. Талапкерлердің көпшілігі қымбат секундтарын осындай сәтте жоғалтады. Бүкіл нұсқаны жылдам қарап шығып, ең алдымен оңайларын орындап, жауаптар парағындағы шеңберді бояп отыруға (кейбір талапкерлер жауаптардың кодтарын жеке қағазға жазып, оларды жауап парағына көшіріп өлгермейді), содан кейін орташа тапсырмаларды қолға алуға,ең соңында уақыты қалса, күрделілерін орындауға оқушылардың назарын аударамын. Түсініксіз тапсырмаларды бәріміз бірігіп сыныпта талқылаймыз.
Оқушыларды физика бойынша емтиханға даярлау үрдісі – оларды толыққанды студенттік өмірге даярлау үрдісі, шығармашылық қабілеттерін дамыту үрдісі, сол арқылы оқу әрекетіне ішкі ынтаның оянуына жағдай жасалады (оқу қызық бола түседі), білім мен біліктегі олқылықтарды жойылып, түйсік сезімі (тапсырманы өздігінен орындау кезінде) дамиды.

Шаймардан Хуандых

Егіндікөл ауданы, №1 Егіндікөл орта мектебі

Логин: 2016piko

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

avatar
1
ҰБТ ға дайындалуға көмегін тигізері сөзссіз
avatar