Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын мнемотехника арқылы дамыту.

Жарияланған материалдың жеке номері: 175


Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын
мнемотехника арқылы дамыту

Қазіргі таңда мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда мнемотехниканы қолдану өзекті мәселесі болып отыр. Бұл мақсатты іске асыру үшін, баланың тілін дамытуға әртүрлі тәсілдер мен әдістерді қолдану қажет. Қойылған мақсатты нәтижелі етуге қолданылатын тәсілдер: көрнекіліктер, дидактикалық ойындар; суреттер; буындық кестелер; тірек-сызба; жаңылтпаштар, тақпақтар, жұмбақтар, саусақ гимнастикасы, тыныс алу жаттығулары, алгоритмдік жаттығулар т.б.
Балабақша жасында көрнекілік-бейнелік есте сақтау және есту , суретін көру арқылы баланың есінде тез сақталады. Соның бірі мнемотехника. Мнемотехника - балалардың қоршаған орта, табиғат туралы білімін кеңейтуге, әнгіменің барысын тиімді есте сақтауға, әнгімені немесе ертегінің мазмұнын айтып беруге және тіл дамытудағы іс-әрекеттерінің жүйесі. Мнемотехника - оңай жолдан қиынына қарай құрылады. Жұмысты ең оңай мнемоквадраттан бастап, жай ғана мнеможолдарға өтіп, сосын мнемокестеге өту қажет.
Мнемотехниканы өлең жаттаған кезде қолданған нәтижелі болады. Оның мәні мыналардан тұрады: әр сөзге немесе кішкентай сөзқұрамына бейне ойланып табылады, сөйтіп бүкіл өлең жолдарына сызба құрылады. Кейіннен балалар графикалық сызбаны қолдана отырып, өлең жолдарын толығымен оқуға тырысады. Алдынғы кезде тәрбиеші балаларға дайын сызбаны ұсынады, кейінінен сызбаны балалармен бірге дайындауға болады.
Қорытындылай келгенде, кез келген мнемотехникамен жұмыс баланың қызығушылығын оятады. Бұл оқыту процесін түрлендіруге, тұрақты қызығушылыққа жетуге, баланың потенциалды мүмкіндіктерін максималды іске асыруға мүмкіндік туғызады. Мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыс істейтін тәрбиешілерге мнемотехника элементтерін оқу іс-әрекеттеріне енгізу маңызды болып келеді. Бұл балалардың тілі мен ойын дамытып, сөздерді есте сақтауды қамтамасыз етеді. Мнемокестелердің шартты белгілері арқылы ой белсенділігін,байқағыштығын, салыстыра білу қабілетін дамытады. Халық ауыз әдебиетіне балалардың сүйіспеншілігін тәрбиелейді.

Тлеумбетова Анара Тажимбетовна

Павлодар қаласы,№16 сәбилер балабақшасы

Ұстаздарға арналған сертификаттар
18
Декабрь
0
2618

Пікірлер: 0

avatar