Мектепте туризм жұмыстарының формалары және әдістері

Жарияланған материалдың жеке номері: 120


Мектепте туризм жұмыстарының формалары және әдістері
«Мектептегі туризм» түсінігі «мектептегі туристік–өлкетану жұмысы» анықтамасына өте ұқсас болып келеді.
Барлық сала сияқты туризмде еңбекті талап етеді. Сонымен қатар, туризмнің де екі жағы бар – «өндіріс» және «қолдану».
Туризмнің қолдану анықтамасы –адамға беретін және бере алатын туристік сала үшін түсетіндегі нәтиже.
Сол «қолданушы» туризмді құрайды:
1. эмоционалдылық;
2. танымдық;
3. денсаулықты нығайту;
4. физикалық даму;
5. пайдалы машықтар.
Педагогика, мектеп, мұғалім туризмнің тұтынушы сипатына сәйкес келу керек.
Көптеген тәжребилелер түсінігі бойынша «мектептегі туризм» - өлкені зерттеу, яғни танымдық ретінде. Өлкетану жұмысын туризмнің негізі мазмұны деп санайды. Бұндай жорықтар туристік жорықтарда тәрбилік рөлді қамтиды.
Мектептегі туристік жұмыстардың топтық формаларының тізімі: саяхаттар, жорықтар,экскурсиялар, мектептік туристік лагерь, жарыстар, көрмелер, мектептік туристік кештер, мұражайлар.
Туристік жұмыстарда топтықты қалыптастыру үшін ең бастысы біріншіден туристік активті жүзеге асыру керек. Бұндай активтерді жорықтарды ұйымдастыру барысында және туристік саяхаттарда жүзеге асыруға болады.
Жақсы насихатталған туризмсіз туристік жорықтар, саяхаттарды ұйымдастыру мүмкін емес. Әр туристік мектептерде туристік бұрыш ұйымдастыру керек.
Туристік және мектептегі қоғамдық өмірді қызықты жасаудың ең басты құралы – мектептік лагерь. Мектеп туристік және спорттық, еңбек және демалу лагерлерін ұйымдастырады. Тағайындауға байланысты олар бірінші жоспарға туризмді, спортты, қоғамдық пайдалы еңбекті ұсынады, бірақ оның жалғыз ғана мақсаты бар: қатысушылардың денсаулығын, физикалық және еңбек машықтарын тәрбиелеуді нығайтады. Лагердегі өмірдің әр сағаты қоғамдық пайдалы еңбекпен, спорттық ойындармен, жарыстаремн, сояхаттармен, экскурсиялармен, өлкетану жұмыстарымен толуы керек.
Лагерлерде жұмыстардын жақсы ұйымдастырылуы үшін педагог тәрбиелеуші жұмыстарды бірлікте жаасу керек. Ол үшін педагог ең бастысы қатысушыларды әр қадамда тәрбиелеп отыру керек. Әр жұмыстардың кемшілігін түзеп және кеңес беріп отыру керек. Лагерді ұйымдастыру үшін барлық оқушылар топ топқа бөлінуі керек. Әр топта басшы тағайындалады.
Кеңестің мүшесі педагогтармен–тәрбиелеушілер. Лагерді басқару құрылымын, лагер мүшелері міндеттерін және т.б. Лагер басшысы тәрбиелеушімен бірге құрайды. Содан соң бұл жоспар топтар жиналысында қарастырылады. Топтық жиналыстар және кеңес мүшелері өз ұсыныстарын, қоысшыларын және өзгерістерін еңгізеді. Лагер мүшелерінің жалпы жиналысында лагерді өзіндік басқарудың жоғарғы ұйымы деп аталатын бап бойынша келісім бекітіледі.
Мектептің туристік кеңесі слетті өткіздіру орнымен және мекенің тандайды. Мектеп бойынша жарыстарды өткізу бұйрығында директор оның басшысын, топтың жорықтың басшысын, тағайындайды. Жарыстарды өткізуге халық білім бөлімі рұқсат береді.
Бағыт бойынша жарыстар өте қызықты өтеді. 5–7 сыныптар үшін азимут бойынша жүзуді ұсынуға болады, ал жоғарғы сыныпқа - бақылау пунктерін іздеу.
Жарыстардың соныңда оның қортындысы жасалады және женген топ марапатталады.
Мектептерде туристік–өлкетанудың жұмыстың соңғы қорытындысы туристік кештерде жасалады. Онда жорықтарда, саяхаттарда, слет, жарыстарда, лагерлерде жасалынған фото көрмелер дайындалады.
Туристік жорықтарға қатысты сұрақтарды шешу барысында балалардың ақылдасып жасаған дұрыс, ал біз көбінесе тек мұғалімдердің қалауларымен жүреміз.
Туризм өлкені тану элементтерінен тұрмауы мүмкін емес. Еш нәрсені білмей жатып саяхаттар жасау мүмкін емес. Мына афоризмді терең ұғынсақ көп нәрсені түсінуімізге болады «Туризм – бұл өлкетану, бірақ өлкетану бұл туризм емес».
Ұйымдастырылған, мәдени туризм үшін белгіленген маршруттарды өту маңызды болып келеді.
Туристік өлкетану және білім саласының әр түрі бойынша өлкетану болғаны дұрыс: жорықтарда, слеттарда, жарыстарда жас саяхат жасаушылар өз саяхаттарында әр дайым білім алуда.
Туристік жорықтардың спорттық мазмұны туристердің өз күштерімен маршруттардағы әр түрлі кедергілерді жене білуі, сонымен қатар жорық барысындағы өмірде кездесетін қиыншылықтарды жене білу. Бұндай кедергілер алдын ала ұйымдастырылуы керек.
Жорықтағы спорттық міндеттер қатысушылардың жорықтың соңына дейін физикалық және рухани сезімдерін сақтаған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Шынайы кедергілерге ішіне ең бастысы шақырымды жатқызуға болады, себебі қатысушылар үшін ең басты қиыншылық ол бірнеше километ жүру.
Туристік жорықтардың спорттық мазмұнына белгіленген маршрутты дұрыс өту– карта бойынша бейтаныс жерлерге бағыттау. Бұндай мазмұнның элементі қатан интеллектуалды жұмысты, топография, география білімін, бақылау біліктілігін, жағдайларды талдай білуін талап етеді.
Жорықтардың спорттық мазмұнына күнделікті үйдегі және мектептегі тіршіліктен уақытша демалуды жатқызуға да болады. Жорық қатысушылардың көптеген нәрселерді жаңаша бағалауға және ойлауға мүмкіндік береді.
Туристік жорықтар, оның ұйымдасу формасы, мақсатымен және міндеттері бойынша спорттық, туристік экспедиция және дайындыққа бөлінеді.
Мектептерде әр түрлі мақсаттағы оқу–дайындық жорықтар ең ынғайлы болып келеді:
- Сауықтыру;
- Оқу;
- Спорттық;
- Танымдық және т.б.
Жорықтың бір ғана мақсатын нақты қалыптастыру қиын, бірақ та ол қалыптасып және әр қатысушыларға жеткізілуі керек.
Туризмнің мазмұндық мақсаты:
• Физикалық белсенділік – спорттық туризм сабағына жастармен және ұрпақты қызықтыру үшін туризм ең жақсы құрал.
• Денсаулық жағдайы – спортпен айналысатын барлық ұйымдардың ең негізгі міндеті. Денсаулықты сақтап қалу үшін барлық туризммен айналысатын балалардың қажетілігін қанағаттандыруда негізделген. Жақсы физикалық денсаулық белсенді өмір салты арқылы жүзеге асады. Спорттық туризм ол .шін ғажайып мүмкіндіктер туғызуда.
• Әлеуметтік белсенділік – спорттық жорықтағы бағдарламаны жүзеге асыру барысында белсенді әлеуметтілікті және команданы құру. Бұл бағдарламада команданы әр мүшесі үлкен құңдылық болып келеді.
Спорттық туризм мектептің тәрбиелік мүмкіндіктерін дамытады.
Туризмнің келесі тағы бір формасы – туристік–өлкетану. Бұл мектептегі сабақтардан тыс жасалатын жұмыс. Бұндай туризм формасы балалардың өз өлкесін, тарихын танып білудің үлкен мүмкіндігі.
Туризмнің осы түрі арқылы ғана оқушылардың қызығушылығын қанағатттандыруға болады, себебі олар өз өлкесіне экскурсия жасау барысында көптеген білмеген ақпараттарды біледі. Соныдықтан да мектептерде осындай туризм формаларын көп қолданған жөн. Бұндай туризм түрі жорық секілді бір мақсатта болып келеді.
Туризм әр мектептерде сабақтан тыс жүйелерде қолданылуы керек. Педагогикалық ғалым доктор В.М. Коротованың айтып кеткен тезисіне келсек «оқытушылармен туристік–өлкетану жұмыстары өткізілмейтін мектептерқазіргі заманға сай мектеп емес».
Мектептерде туризм саны қанша болуы керек?
Осыған байланысты екі шешім айтуға болады:
- сыныптық туризм және туристік салада шұғылданатын әр балалар арқылы мектептегі туризм саны анықталады;
- әр мектеп туризмнің қанша жағы болатының осы үш жағдайлар арқылы өздері шешу керек:
1. педагогикалық біліктілік;
2. біліктілік қажеттіліктер;
3. біліктілік мүмкіндіктер.
Мектептегі туризмнің жүйелік жағдайы оның әр түрлілі және формасы сипатталуы керек.
Үйірме туризм, оның сандық жағы, оқу жоспары және бағдарламасы арқылы анықталады.

Кәдірғалиев Базарғали Әбуғалиұлы

М.Өтемісов атындағы БҚМУ

Ұстаздарға арналған сертификаттар
18
Декабрь
0
2850

Пікірлер: 0

avatar