Мысойған

Жарияланған материалдың жеке номері: 259


БҚО Орал қаласы
1ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі
Аманжолова Шолпан Қазиевна
Күні 14.04.17
Сынып «2ә» Қатысқандар саны
Қатыспағандар саны
Сабақтың тақырыбы Мысойған Т.Жұртбаев
Сабақтың мақсаты Барлығы:Ұжымдық жұмыс aрқылы «Мысойған» мәтінінің негізгі идеясын aшады
Көбі;Қ.Сатбаев туралы мәліметті түсінеді
Кейбірі;Тақырып туралы өз ойларын айтады
Жетістік критерилері 1. Ынтымaқтaстық атмосферa құрaды
2.Шaпшaңдылық қaбілеттері дaмиды. Сыни ойлaу дaғдылaры қaлыптaсaды.Бірліктің мaңыздылығын түсінеді.
3.Жaңaтaқырыптымеңгереді.
Пəнаралық байланыс Дүниетану.
АКТ қолдану диалогтік оқыту, сыни ойлау стратегиялары, жеке, жұптық, топтық жұмыс, презентация
ҚҰндылықтарды дарыту Бірін бірі тыңдау,құрметтеу
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс əрекет Ресурстар
Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Сабақтың басы


Психологиялық ахуал туғызу.
Күнде шат күліп күн –
Өміріміз жайдары.
Мәңгілік бақыттың
Өзіміз – айғагы

«Сенім шеңбері» тренинг
Ынталанады, топтарға бөлінеді.

Жұмыс істеуге дайындалды, топ ішінде өзара ынтымақтастық қарым-қатынас орнығады


ширату

Сабақтың ортасы

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
«Диологттік оқыту»- әдіс арқылы сұралады

Портретті жандандыру
ІІІ. Қызықты мәлімет
-Қаныш Имантайұлы 1899 жылдың 12 сәуірінде қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында (бұрынғыСемей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысы) Имантай бидің отбасында дүниеге келді. Нәрестеге - Ғабдул-Ғани деген есім берілді. Сауатын ауыл молдасынан ашқан болашақ ғалым Павлодардағы орыс-қазақ мектебінде, Семей мұғалімдер семинариясында, Томск технология институтының тау-кен факультетінде білім алған.
ІҮ. Жаңа сабақ
Оқулықпен жұқмыс.
-Жеке, жұпта, топта талқылау
-Әр топ ортаға шығып мазмұндайды
Сергіту сәті: «Ақ бұлақ»
Топтық жұмыс «Әдеби үйірме» әдісі
І топ – Баяндап беруші (мәтінді мазмұндап береді)
ІІ топ – Зерттеуші (Геолог мамандығы туралы айтады)
ІІІ топ – Сұрақ құрастырушы (Мәтінге байланысты сұрақ әзірлейді)
ІV топ – Сілтеме табушы (әңгіменің рухани құндылығын табады)
Дәптерменжұмыс
Мысойған жер,- деп неліктен аталған?
-Қаныш Сәтпаев кім? (топтастыру)

Балалар портреттегі кім екенін, өздерінің не білетінін айтады

Жаңа мәліметтер алады.

Оқулықпен жұмыстанады

Топтан бір оқушы шығып топтың тапсырмасын айтады

Сұрақтарға жауап жазады

Видео ролик

портрет

Жаңа мәлімет

Оқулық

Видео ролик

Пайдалы қазбалар
Темір,мыс
Бор, гранит
суреттер
Сабақтың соңы
«Екі жұлдыз,бір тілек»
- Әр топ қарсы топтарға баға береді
Белсенді қатысқан оқушыларды мадақтайды
смайликтер
Үйге тапсырма Мәтін мазмұнын әңгімелеу, 173-бет
Күнделікке жазады
Күнделік
Бағалау Белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау,бағалау



Екінші сыныпта Мысойған тақырыбын өткіздім.Сабағымда ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында «Сенім шеңбері» тренингінен бастап өткіздім. Бұл тренингте оқушылар шеңбер жасап тұрады,бір-бірімен жақсы араласа қоймайтын оқушыларды жақын тұрғызып бір біріне мақтау сөзін сыйлап,бүгінгі күннің жақсы жаңалығын айтып бөлісті. Осыны айтқанда оқушылардың көңіл- күйінің көтерілгенін байқадым. Үй жұмысына берілген Тоқтар тұңғыш ғарышкер тақырыптарына жазған әңгімелерін оқыды (3 оқушы ) және әркім өз қиялындағы ғарыш кемесінің суретін тақтаға іліп шағын көрме ұйымдастырылды. Сабақта оқушыларға бір-бірімізбен серіктес бола отырып сабақтың мақсатына бірге жететінімізді ескерттім. Оқушылар жаңа тақырыптың мақсатын ашу үшін «Пайдалы қазбалар» туралы слайд тамашалады. Оқушыларға сұрақ қоя отырып бүгін сабақтың тақырыбы мен мақсатын аштық. Сабақ мақсаты анықталғаннан кейін сыныптағы келесі кезеңге өттік. Қ.Сәтбаев туралы жаңа мәліметтер тыңдады. Жаңа тақырыпты меңгерту үшін жас ерекшеліктеріне сай оқулықтағы мәтінді үш бөлікке бөліп оқуға және топ ішінде талқылауға уақыт бердім. Тапсырманың орындалу барысында оқушыларға жеткілікті уақыт қажет екенін байқадым,алдын ала араласпай ,бірақ мүмкіндігінше қолдау көрсеттім. Әр топ мәтінмен жұмыс барысында мен оқушылардың арасына зерттеушілік әңгіменің байқадым. Себебі оқушылар бір-біріне сұрақ қоя отырып ,айтқандарын дәлелдеуге тырысты. Қабілеті төмен оқушыларда сұраққа жауап іздеді. Әр топ өз жұмыстарына топтастыру,баяндалу ретіне схема құрастырып,кейбір пайдалы қазбалардың суреттерін салып мағынаны толық ашты. Олардың белсенді жұмыстанғаны маған ұнады. Сабақ соңында екі жұлдыз,бір тілек арқылы қорытындылады.Оқушылар қандай топта кім белсенді болды,кім нашар қатысқанын айтып өтті.Оқушылардың бағалауымен келесемін. Жалпы сабақ сәтті өтті деп есептеймін. Сабақ барысында мен мынадай қиындықтарға тап болдым.Постер жасаған уақытта оқушылардың көп уақыт алуына байланысты келесі тапсырмаға аз уақыт қалды, үлгермедік. Алдағы уақытта соны ескеруім керек екендігіне көзім жетті.

Аманжолова Шолпан Казиевна

Орал қаласы #1жалпы орта мектебі

Ұстаздарға арналған сертификаттар
18
Декабрь
0
306

Пікірлер: 0

avatar