Меню
Артқа » » » Материал жариялау

Орталық Азия және ғылымның дамуы. Ежелгі дүниедегі халық астрономиясы

  • 1.0 Рейтинг
  • 2199 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 29

Сабақтың тақырыбы: Орталық Азия және ғылымның дамуы. Ежелгі дүниедегі халық астрономиясы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Орта Азия ғалымдарының ғылымды дамытуға қосқан үлесі туралы мәліметтер беру
Дамытушылық: Оқушының танымдық, ойын еркін жеткізе білу қабілетін қалыптастыру, қызығушылығын арттыру
Тәрбиелік: оқушыларды алғырлыққа, жауапкершілікке, саналылыққа, дұрыс пайымдауға, өзара жолдастық көмек көрсетуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың типі: аралас (жаңа білімді игерту+бекіту)
Сабақтың әдісі: кестемен жұмыс, сұрақ-жауап, топтастыру, топтық жұмыс, оқулықпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, кесте, сөзжұмбақ, физикалық диктант
Пән аралық байланыс: жаратылыстану пәндері, тарих
Сабақтың жоспары:
1) Ұйымдастыру
2) Үй тапсырмасын тексеру
3) Жаңа білімді игерту
4) Жаңа сабақты бекіту
5) Үйге тапсырма
6) Бағалау
Сабақтың барысы:
1)Ұйымдастыру
А) Оқушылармен сәлемдесу, тексеру
Ә) оқушылардың оқу құралдарын тексеру
Б) сыныптың назарын сабаққа аудару
2)Үй тапсырмасын тексеру
А) физикалық диктант
1. Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер......... деп аталады.
2. Физика, астрономия, биология, химия, география - ..... туралы ғылымдар.
3. Физиканың екінші ұстазы, біздің ұлы бабамыз-........
4. Физиканың негізгі мақсаты-........
5. Әлемде не бар болса, соның бәрі ..... деп аталады.
6. ХХ ғасырдың төртінші ғажайып жетістігі -.......
7. 1608 жылы денені үлкейтіп көрсететін дүрбі жасалған қала - ........
Жауаптары:
1. табиғат құбылыстары
2. табиғат
3. Әбу Насыр әл-Фараби
4. Табиғатта болып жатқан физикалық құбылыстарды зерттеп, оларды өзара байланыстыратын заңдарды ашу
5. Материя
6. Кибернетика және ЭЕТ
7. Голландия
Б) сұрақ-жауап (фронтальды түрде)
1. Астрономия қандай ғылым? Оның негізгі мақсаты қандай?
2. Аспан денелерін ата
3. Астрономия ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар
4. Астрономияның негізгі салалары
5. Галактика және оның түрлері
6. Күн жүйесі
3) Жаңа білімді игерту
Оқулықпен жұмыстану арқылы оқушылардың өз бетімен білім алу қабілеттетін кеңейту
А) кестемен жұмыс (оқулықпен жұмыстану)
Орта Азия ғалымдары Ғылымға қосқан үлестері Еңбектері




Ә) топтастыру

Аталған жұлдыздарды жылжымалы картадан қарап, бағытын анықтау
4) Жаңа сабақты бекіту
А) топтық жұмыс (сыныпта отырған екі қатардағы оқушыларды екіге бөліп, сөзжұмбақпен жұмыстандыру)







5. Үйге тапсырма
§4 (түсінік айту)
4 тапсырма (1)

6. Бағалау

Аманқұлова Перизат Елдібайқызы

БҚО, Орал қаласы, Зеленов ауданы. Рубежин ЖОББМ-балабақшасы

Логин: Perizat

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Пікірді ешкім жазбаған.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз, ойыңызбен бөлісіңіз.
avatar