« Сабақта тиімді қолданылған ойын элементтері »

Жарияланған материалдың жеке номері: 129


« Сабақта тиімді қолданылған ойын элементтері »

Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді , интеллектуалдық деңгейі биік , дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде білімнің алатын орны айрықша.
«Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжінде 11 мамандық бойынша студенттер білім алады. Соның ішінде болашақ мұғалім мамандығы үш біліктілікте «Бастауыш білім беру мұғалімі» , «Шет тілінен бастауыш білім беру мұғалімі» , «Информатика пәнінен бастауыш білім беру мұғалімі» оқытылады. Білім алып жатырған болашақ маман иелеріне ең бірінші бастауыш мектептің негізгі міндеті түсіндіріледі.
Бастауыш мектептің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып , оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету , білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып , ынтасын арттыру болып табылады.
Ендеше , осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға – Ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады.
Бастауыш саты – білім , дағды , іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады.
Білім , дағды , іскерліктің қалыптасуы мұғалімнің күнделікті сабағының түрлендіріп , қызықты өтуіне байланысты.
Өзім дәріс беретін «Математиканың теориялық негіздері және математиканы оқыту әдістемесі» пәнінде болашақ мамандарды оқушыларға тек қана білім берумен шектеліп , қалмай,қазіргі заман талабына сай тәлім-тәрбие беретін , оқушылардың ой-өрісін , қабілетін жан-жақты дамытуға толық мүмкіндік туғызатындай дайындығы бар мамандарды дайындау қажеттігі міндет етілген.Сабақтарды түрлендіріп , қызықты өткізу баланың қабылдауына тиімді әдіс екенін бәрімізге белгілі . Соның бірі – ойын сабақтар , ойын элементтері.
Сабақта тиімді қолданылған ойын элементтері – мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап , жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп , тапсырмаларды тез , әрі қызығып орындайтын болады.
Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын ойындардың бірі - дидактикалық ойындар.
Дидактикалық ойындар – көп салалы, күрделі педагогикалық құбылыс. Оны - балаларды оқытудың бір әдісі , оларды жан-жақты тәрбиелейтін құралдардың бірі деп айтуға болады.
Дидактикалық ойын оқу процесінде екі түрлі мақсатпен қолданылады: оқу (танымдық) мақсатта , екіншісі ойын ойнау мақсатында. Мұғалім өзі де ойынға қатысады, балаға үйретеді. Бала ойын ойнай отырып үйренеді.
Дидактикалық ойын – кішкене балаларға тән оқыту формасы болып табылады.Арғы тегі ойынды өлеңмен , қимылды ұштастыру негізінде жатыр.
Міндеті –ойынның оқыту сипатын , оның мазмұны баланың танымдық әрекетін дамытуға бағытталады.
Дидактикалық ойындардың бастауыш сыныптарда қолданылатын түрлеріне тоқталатын болсақ -
Математикада : санамақ – ойындар , жұмбақ – ойындар , «Тізбек» , «Поезд» , «Көрші-көрші» , «Мынау кімнің үйі?» , «Допты қай ойыншыға беру керек?» , «Керекті санды қой?» , «Айға кім бұрын жетеді?» , «Есептеуіш машиналар» , «Десанттар» , «Аң патшасы» , «Ханталапай», «Қасқыр мен қой» , «Теңге алу», т.б. «Геометриялық эстафета» , «Ою құрастыру» , «Фигураны тап» , «Бірден сызып шық» , «Себеттегі сәбіздер» ,
«Аюға көмектес» , «Фигураларда қанша бұрыш бар» , «Қоянның сәбіздері» ,
«Құрастыр, қанша балық бар?» , «Ретімен орналастыр».

Сауат ашу, тіл дамыту, көркем әдебиет сабақтарында : «Буыннан сөз құрайық» , «Алма бағы» , «Қағып ал» , «Сиқырлы сөздер» , «Орамал тастамақ» , «Дүкен» , «Орнынды тап» , «Хаттың иесі кім?» , «Күн мен түн» , «Баспалдақ» , «Сыр сандықты ашып қара» т.б.

Айнала қоршаған ортамен таныстыру: «Алақай - ау, алақай!» , «Ала қанат сауысқан» , «Ұя жасайық» , «Зымыран» , «Балық аулау» , «Нышандар» , «Қоянға көмектес», «Саңырауқұлақ жинайық» , «Кім қайда мекендейді?» , «Саңырауқұлақтар жинаймыз», «Шанамен сырғанайық», «Үйректерге көмектес», т.б.

Ойын өмірде пайдасыз көрінгенмен аса қажетті көрініс-құбылыс.
Ойын балалардың оқуға , еңбекке деген белсенділігін , қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі , шығармашылығы артады. Ал мұғалімнің міндеті - балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету.
Ойын элементтерін қолдана отырып мұғалім оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын , зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Атап айтқанда , мұғалім ойын жағдаяттарын туғыза отырып, әртүрлі заттарды қолдану арқылы сұрақтар қойып , затты көрсетіп , түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады.
Яғни , ойын ойнату арқылы баланың сөйлеу тілін , байланыстырып сөйлеуін , ойлау қабілетін , шығармашылығын қалыптастыратынын жас мамандарға түсіндіре отырып үйретіп,сапалы маман дайындау басты мақсатымыз.

Болтаева Ұлшат Ерболатқызы

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы. "Каспий" педагогика және салалық технологиялар колледжі

Ұстаздарға арналған сертификаттар
18
Декабрь
0
1077

Пікірлер: 0

avatar