Сабақтың конструкциялық стандарты мен логикалық құрылымы.

Жарияланған материалдың жеке номері: 244


Сабақтың конструкциялық стандарты мен логикалық құрылымы.

Педагогикалық технология оқу процесін басқа өндірістік-технологиялық процестер сияқты кепілді нәтиже беретіндей сипат алуы керек деп санайды. Осы себепті оқыту технологиясы дәлдікпен орындалатын стандарттар , нормативтермен қамтамасыз етуді қажет етеді. Технологиялық үлгідегі сабақтың 5 блоктан тұратын өз конструкциялық стандарттары бар. Осы құрылымдық үлгіге сәйкес сабақ 8 логикалық құрылымға бөлінеді. Америкалық педагог – психолог Ф. Скиннер сабақтың осындай әрбір құрылымын микросабақ деп қарастырады. Бұл жерде технология мен әдістемелік қызметтерді ажырата білген дұрыс. Технология – ғылыми жағынан негізделген жүйеге сай сабақтың конструкциялық және логикалық құрылымы. Ол белгілі бір стандарттарға , нормативтерге негізделеді. Ал әдістемелік қызмет - нақты сабақ , нақты қызмет, ол белгілі бір нұсқа мен стандарттауға келіңкіремейді. Екінші жағынан , технология – қалыптасқан кәсіби дағдылар жүйесі . Ал әдістемелік қызмет оны іске асыыратын құрал болып табылады. Технологиялық жүйе практикалық диагностимен тығыз байланысты. Олар бір – бірін толықтырады. Бейнелеп айтсақ ,технология - бұл сәнді костюм , ал диагностика оның кімге үйлесетінін анықтайды . Практикалық диагностика - әрбір тарау , тақырыптан оқушы нені білу керек ; - ол үшін оқушы қандай көлемде жұмыс орындауға тиіс ; - оқушының оқу материалын меңгеру деңгейі қандай ; - сабақ уақытын қалай тиімді пайдалануға болады ? т.б. осы тектес сауалдарға жауап іздейді.

Технологиялық үлгідегі сабақтың құрылымы.

1. Сабақ ережесі . - не істеледі , қалай істеледі ,қанша мерзімде істеледі , күтілетін болжамды нәтиже , бағалау өлшемі оқушыларға айтылады.
2. Интеллектуалдық тренинг блогы: - Оқушы назарын ,ойын жұмыс бабына келтіру, назарын сабаққа аудару, ой қоздыру үшін қолданылады.
Мұғалім оқушының қалауымен жұмыстың 3 нұсқасының біреуін таңдайды немесе қалған нұсқалармен де жұмыс жасалатын зерделік жаттығулар.
1 Н ұ с қ а : - 3 деңгейлік тапсырма , сұрақтарға жауап, практикалық жұмыс. Орындау уақыты бірдей, бағалау балы жұмыс деңгейіне қарай орташа, ортадан жоғары, жоғары болуына қарай бағаланады.
2 Н ұ с қ а : - мәтіндік тапсырмалар. Пәннің ерекшеліктеріне қарай, оқу материалы күрделілігіне байланысты 7 тест түрлеріңі бірі немесе бірнешеуі таңдалуы мүмкін.
3 Н ұ с қ а : - Пәндік топтамалар бойынша ерекшеленеді.
-а/. Математика, физика, химия : - «қызықты математика» , «қызықты физика» , «қызықты химия» жинақтарынан логикалық тапсырмалар...
-ә/. Биология, география, тарих : - «не , қайда қашан», «ол кім? ; бұл не?» зерделілік, тапқырлық ойындары.
-б/. Тіл мен әдебиет : - монолог,диалог көркем сөз оқу, жатқа айту, рольге бөліп орындау, шешендік сөз, афоризмдер, мақал-мәтелдер оқу, сатиралық,юморлық сөз тіркестерін оқу тапсырмаларын орындауға болады.

3. Ақпараттық блок :
- оқушыларға алдымен сабақ материалымен жұмыс істеу әдістемесі түсіндіріледі.
- сабақ материалындағы терминдер. ұғымдар, теоремалар, формулалар шолу жасалады.
- сабақтың теориялық блогында оқу материалының мазмұны түсіндіріледі.
Жаңа материалды баяндағанда сөз бен көрінекілік құралдардың, техникалық жабдықтардың қатар жүруі маңызды. Сөз бен көрінекілікті пайдалану тәсілдерінің қаншалықты маңызды роль атқаратыны туралы ЮНЕСКО – ның оқыту заңдылықтарын зерттеу қорытындысында мына айтылғандай деректер бар. Оқу материалы ауызша баяндалғанда оқушылардың есінде материалдың 15 пайызы, ал көрінекілік арқылы баяндалса 25 пайызы сақталады екен. Егер екеуін қатар қатар қолданылса оқушылардың есінде оқу материалының 65 пайызы сақталады делінеді. Жаңа материалды түсіндіруде мұғалім мынаны ескеруі қажет Жаңа материалды пайдалануда белгілі олқылықтарды жібермеу үшін сабақты түсіндіруде сөйлеу қарқынын тездетпей, берілетін ақпарат мөлшерін көбейтпеген дұрыс. Мұғалім өзінің барлық білетінін емес, қажеттісін өлшемді мөлшермен түсіндіргені жөн. Бұған мына қағиданы ұстану да септігін тигізеді. Материалдың ең маңызды бірінші кезектегі бөлігін баяндау , екінші кезектегісін алып тастау , үшінші кезектегісін айтудан сақтану. Егер мұғалім баяндау қарқынын тездетіп, ақпарат мөлшерін 1,5 есе көбейтетін болса, баланың қабылдау мүмкіндігі 3 есе азаятыны белгілі. Сондыықтан берілетін ақпарат мөлшерін көбейтуді емес, сапасын жақсартуды көздеген дұрыс. Әрине, бұл жерде мұғалімнің технологиялық тәсілдерді қаншалықты пайдалана білуіне байланысты.

4. Жаттықтыру блогы : - орындалатын жұмыстың көлемі, шарты, орынлау уақыты көрсетілген жаттықтыру жұмыстары 3 формада - фронталды, топтық, жеке жаттығулар деп қарастырылып, қатар жүргізіледі. Жаттықтыру жұмыстарының орындалу сапасының өлшемдік көрсеткіштері :
- ғылыми көзқарастарды, категориялар, заңдылықтарды, деректерді білу.
- символдық белгілер, теоремалар, формулаларды меңгеру.
- терминдер мен ұғымдарды білу.
- қоғамдық құбылыстардың себептеріне сілтеме жасай білу.
- негізсіз немесе дәлелді бағалаулардың аражігін ажырата білу.
- іске қатысты ой-пікірлер мен іске қатыссыз ой-пікірлерді ажырату.
- сандық өлшем мен сапалық өлшем категорияларын білу.

Жаттықтыру жұмыстарының дидактикалық жүйесі : -

1. Алғашқы жаттығулар. - жаңа материал бойынша ақпарат берер алдында өтілген ұғымдар, терминдер, формулалар, заңдылықтар, фактілер, дәлелдемелерді еске түсіруге арналады.
2. Таныстыру жаттығулары. - теориялық материалды түсіндіру кезінде, аудио - видео көрсетілімдері және зерттеу, сараптау жұмыстары алдында беріледі.
3. Байқау жаттығулары. - оқушылардың барлығы бір уақытта орындап, нәтижелерін салыстырады. Бұл жаттығулар оқушылардың оқу материалын меңгерудегі білім олқылықтарының алдын алу үшін қолданылады.
4. Машықтану жаттығулары. - оқушылардың сыныпта және үйде дербес орындайтын жаттығу жұмыстары.
5. Шығармашылық жаттығулар . - оқушылардың алған білімі мен қалыптасқан дағдыларын өздігінен пайдалана білуге үйренуі үшін қолданылатын жаттықтыру жұмыстары.

5. Білімді есепке алу блогы : - оқушы білімі тарау, тақырып сайын есепке алынады. Оқу материалының тарауы мен тақырыптарын бастау алдында оқушыларға бақылау және тест сұрақтары , орындалуға міндетті жұмыстар тізімі, оларды орындау мерзімі беріледі. Әрбір сабақта осы тапсырмалар , тест сұрақтарымен жұмыс жоспарлы түрде орындалып отыруы бақыланады. Әр тақырыпты өткен сайын линиялық , қажетті жағдайда концентрлік тесті жүргізіледі. Білімді есепке алу 3 турдан тұрады.
1-ші турда 20 сұрақты тапсырма ұсынылады. Әрбір оқушының сұрақ-тапсырманы орындау деңгейі есепке алынып, балдық бағамен бағаланады. 1 турда тапсырманы 80-100 пайыз орындағандар 2-ші турдан босатылады. Бағасы – жоғары.
2-ші турда оқушылар қосымша дайындықтан өткеннен кейін 1-ші тур тапсырмасын қайта орындайды. Бұл турда тапсырманы 80-100 пайыз орындағандар 3-ші турдан босатылады. Бағасы – ортадан жоғары.
3-ші турға 1-ші және 2-ші турда сұрақ-тапсырмаларды тиісті талап деңгейінде орындай алмаған оқушылар қатыстырылады. 20 сұрақ тапсырманың 50 пайызын орындаған оқушылар білімі аттестацияланды деп есептеледі.

Сәкен Бозаев . Атырау облысы, Құлсары қаласы.

Сакен Бозаев

Ұстаздарға арналған сертификаттар
18
Декабрь
0
551

Пікірлер: 0

avatar