Меню
Артқа » » » Материал жариялау

"Тапқыр отбасы"

  • 3.0 Рейтинг
  • 940 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 88

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ойынға қатысушылар, әділқазы алқасы, көрермендер!
«Нұршуақ» тобының ата-аналары мен балалары арасындағы «Тапқыр
отбасы» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі сайыста тамашалап
отырған мына көрермендерге көтеріңкі көңіл, әділқазы алқасына әділ бағалау
ал ойынға қатысушыларға сәттілік тілей тұрып, біз сайысымызды бастаймыз!
Ал ендеше ойынға қатысушылар өздерін таныстырып өтсін.
(Ойынға қатысушылар өздерін таныстырып, сәлемдеме жолдайды)
Жүргізуші: Бақытты отбасы - келешек кепілі
Тәрбие - отбасы шешімі
Үйрету, үлгі ету, өнеге көрсету
Әрқашан үлкендер міндеті - деген өлең жолдарының мазмұндылығын түсіне
білген ата - аналар бүгінгі сайыста өз ұрпағының қиялына қанат бітіріп,
білімді отбасының үлгісін көрсетпек.
Ал, бәрекелді, танысып болсақ, сайыс барысын түсіндіріп өтейін сайыс 7-
кезеңнен тұрады:
1-кезең: «Сұрақ-жауап» (ата-аналарға)
Шарты: Ата-аналарға түрлі сипаттағы сұрақтар қойылады, тез және дұрыс жауап берулері тиіс.
1. Жаз мезгілінің соңғы айы. /тамыз/
2. Киіз үйдің қабырғасы не деп аталады? /кереге/
3. Ресейдің астанасы. /Мәскеу)
4. Қазан сөзінің орыс тіліндегі аудармасы? (октябрь)
5. Абайдың шын аты. /Ибраһим/
6. Үш биді ата. /Төле, Қазыбек, Әйтеке/
7. Қыс мезгілінің екінші айы /қаңтар/
8. Қалталы жануар (кенгуру)
9. Киіз үйдің төбесі қалай аталады? /шаңырақ/
10. Қытайдың астанасы /Пекин/
11. Жердің ауа қабаты. /атмосфера/
12. Африкалық түйеқұс қалай аталады? /Страус/
13. «Жұлдызы қарсы болу» тіркесінің мағынасы. /Араз/
14. Францияның астанасы. /Париж/
15. Үш жүздің басын қосқан ұлы хан (Абылай)
«Түстерін ата» (балаларға)
Шарты: Экранда берілген заттардың түстерін дұрыс және тез табулары керек.
2- кезең: «Тез ойла» (ата-аналарға)
Шарты: Берілген сөз есептерді тез шешу керек.
1.Ақ балапан 2. Алма ағашта 5алма 3.Аулада 6 үйрек.
Сары балапан Қандай тәтті жесе алма Қорада 3 үйрек,
Шұбар балапан Бесеуінде жеп қойсам 1 үйрек тығылды,
Қара балапан Қалады онда неше алма? (0) 1 үйрек жығылды.
Барлағы неше балапан? (4) Қалғаны неше үйрек? (7)

4.Бір-бірімен жарысқан 4.Он асықтың үшеуін 5. Табақта 5 өрік
Бір аю,бір арыстан, Досың сұрап алады. Қолымда 4 өрік
Екі қоян,үш түлкі, Айтшы сонда нешеуі Қосқанда барлығын
Бәрі нешеу ойлан тап? (7) Өз қолында қалады. (7) Болады неше өрік? (9)

«Қандай ертегі?» (балаларға)
Шарты: Ертегінің бір бөлігі бойынша атауын табулары керек.
1. «Домалап келе жатыр, домалап келе жатыр, алдынан Қоян шығады.» (Бауырсақ)
2. «Қызым, сен орманның ар жағында тұратын әжеңе бәліш апарып бер. Мен дайындап қойдым» (Қызыл телпек)
3. «Дәулет анасының соңынан еріп келе жатса, кенеттен жерден жалт-жұлт еткен қағазды байқайды» (Балмұздақ)
4. «Әжесі немере қызын шақырады, немере қызы әжесінің белінен ұстап тартады. Әжесі атасының белінен тартады» (Шалқан)
5. «Ква-ква-ква, мұнда кім тұрады? – Мен, қорқақ Қоян, мен шиқылдауық Тышқан, ал сен кімсің?» (Үйшік)
6. «- Жоқ, ештене жасау керек емес, бәрін өзім жасаймын» (Жалқаубек)
7. «Суды ағашқа апарып құяды, ағаш оған жапырақ береді. Жапырақты алып Сиырға апарады.» (Мақта қыз бен мысық)
3- кезең: «4 сурет, 1 атау» (ата-аналарға)
Шарты: экранда берілген 4 суретті байланыстыратын 1 сөзді табу керек.
«Қандай және қанша?» (балаларға)
Шарты: экранда берілген суреттердегі геометриялық пішіндер түрлерін және санын анықтаулары керек.
4- кезең: «Әуенді тап» (ата-аналарға)
Шарты: Үнтаспадан естілген әуеннің атауын және авторын табуы керек.
1. Абай Бегей «Аспанға қараймын»
2. А.Пугачева «Позови меня с собой»
3. Бүркіт пен Аиша «Тау, тау сезім»
4. Қ.Нұртас «Алматы түні»
5. Руки вверх «Крошка моя»
6. Қ.Нұртас «Аңсайды жаным»
«Қандай жануар дауысы?» (балаларға)
Шарты: Үнтаспадан естілген қандай жануар дауысы екенін табуы керек.
1. Сиыр
2. Ит
3. Тауық
4. Жылқы
5. Қой
6. Мысық
Жүргізуші: Жанұяның тірегі әке болсын,
Шаңырақтың шуағы ана болсын.
Бар тілекті арнайтын балаңызға
Көңіліңіз ғажайып нұрға толсын.
Ақыл керек білім таңдап аларға,
Білім керек іске жақсы қарарға
Ақыл - шырақ қара түнді ашатын,
Білім - жарық нұрын саған шашатын
Біліктіні тыңда ақылдың бұлағы
Білімді сөз шырын жанның құнары - деп баршамызда білімді, білікті бола
жүріп арамыздағы жеңімпазды анықтауға әділқазы алқасына сөз берейік.
(марапаттау рәсімі)

Кинжебаева Алия Габдымуратовна

БҚО Ақтөбе қаласы, № 31 "Күншуақ" мектепке дейінгі ұйымы

Логин:

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Пікірді ешкім жазбаған.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз, ойыңызбен бөлісіңіз.
avatar