"Топтық жұмыстың тиімділігі,сын тұрғысынан ойлауды дамыту" коучинг сабағына рефлексивті есеп

Жарияланған материалдың жеке номері: 11


Топтық жұмыстың тиімділігі, сын тұрғысынан ойлауды дамыту»
тақырыбында өткізген коучинг сабағы туралы рефлексивтік есеп
I.Коучинг сабақтың тақырыбын негіздеу.
Мен коучинг сабағымның тақырыбын « Топтық жұмыстың тиімділігі сын тұрғысынан ойлауды дамыту» деп алдым,өйткені мұғалімдерге топтық жұмысты жүргізу арқылы ынтымақтастықты қалыптастыру,жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып,сыни ойлауға , әртүрлі топтағы адамдармен қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беруге жұмылдыру керек. Коучинг сабағымды мұғалімдерге өткіздім.Ондағы мақсатым адамдармен қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беру,мұғалімдерге оқушылардың сыни ойлауын дамыту үшін сенімді сыйластықты, бір - біріне деген сезімді нығайту
Коучинг сабаққа 4 топта 16 мұғалім қатысты,14 бақылаушы болды.
II.Коучинг сабағының сипаттамасы және оның өтуін бағалау.
Коучингті»Өзіңді таны»тренингімен бастадым. Мұғалімдерді дөңгелете тұрғызып, өз бойындағы бір жағымды,бір жағымсыз қасиетті айту арқылы қызығушылықтарын оятып алдым. Мұнан соң «От», «Су», « Күн», «Ай» суреттерін таңдау арқылы төрт топқа бөлінді. Атауларына байланысты әр топтың мінез ерекшеліктері айтып, қатысушылардың көңілін көтеріп алдым. Байқампаздығын , ой ұшқырлығын байқау үшін «Қаздар сабағы» деп аталатын бейне жазба көрсетілді.Мұғалімдердің коучинг сабақтың тақырыбын топтық жұмыс екендігін тауып айтты.Одан соң топтың алтын ережесі құрылды. Топ басшысы сайланды.
Мұғалімдерге ой қозғау мақсатында тапсырмалар берілді.
-Керікті тоңазытқышқа қалай саламыз?
-Пілді тоңазытқышқа қалай саламыз?
Сыни ойлауға берілген тапсырмаларды 3 топ мүшелері тез әрі дұрыс таба білді.
Мағынаны тану бөлімінде «Біреуі үйде ,үшеуі қонақта»әдісі қолданылды.Төрт бөлікке бөлінген мәтін топтарға таратылды.Әр топ көшбасшысы берілген мәтінді өзінің топ мүшелеріне түсіндірді.

Осыдан соң топ басшысы өзі үйде қалды да, үшеуін басқа топқа қонаққа жіберді.Топ көшбасшылары келген қонақтарға өз тобының мәтін мазмұнын түсіндірді.Белгіленген уақыт аяқталған соң, топ мүшелері үйлеріне қайтады.Қонақтан келген үшеуі естігендерін өз тобына баяндайды.Соңынан әр топ өздеріне берілген мәтінді постерге жазып, қорғайды.

Әр топ бірлесе отырып, постер арқылы жұмыстарын қорғады. Әр топтың презентациясынан сон, бір ұсыныс, бір тілек айтылды.
. Рефлексия бөлімінде коучинг туралы кері байланысты стиккерлерге жазып ,2 жұлдыз,1 пікір ілінді.Коучингтің сәтті өткенін қызығушылықтарынан байқадым.

Жубаева Лаззат Онаевна

Ақтөбе қаласы "Ақтөбе орта мектебі"ММ

Ұстаздарға арналған сертификаттар
18
Декабрь
0
2903

Пікірлер: 0

avatar