Заман талабындағы-технологиялардың құнды нәтижелері.

Жарияланған материалдың жеке номері: 91


Заман талабындағы-технологиялардың
құнды нәтижелері.
Бүгінгі таңда еліміздің негізгі алдына қойылып отырған мақсаттардың барлығы жүзеге асырылу үшін өмірде мұғалімнің рөлі көлемді екеніне сенеміз де және қосыла отырып,ағартушы бабаларымыздың салған сара жол – бүгінгі заманда қанатын сабадай жайған, тамырын тұңғиыққа жіберген, экономикасы мен мәдениеті жоғарғы сатыда дамыған тәуелсіз Қазақстан Республикасының білім ордаларында жалғасын кеңінен табуда. Сондықтан өмірдің негізгі талаптары да нәтижелері де білім алу,оқу үдерістерінің ең негізгі қажетті тұжырымын игерген мұғалім сапалы тәрбие берудің жолдарын іздеп соларды өмірлік жағдайда өз білім, ұғымдарын қолдана білуге нақты ықпалын тигізіп ойлау, тұжырымдау қолдануға үйретуді қарастыруда. Жаңа технологиялардың негізгі мақсаты келешекте өмір талабына байланысты табысты өмір сүруге дайын жаңа технологияларға құзырлық танытатын белсенді ел азаматы, келешекте мамандық иесі болуға дайын азамат тәрбиелеу,білім беру.Сыни түрде жүйелі ойлауға бағыт бағдар берсеңіз оқушы өз ой қабілетін өрбітіп тіпі зертеу шығармашылық шыңға жетуге талпынады. Баланың жадында жақсы және дұрыс қабылдау мұғалімнің шеберлігіне байланыты.Қандайда бір ережені теорияны практика жүзінде оқушы орындап оқып,жазып аударар болса ол үлкен табыс.Орыс мектептерінде қазақ тілін толық меңгерту оңай шаруа емес.Оқушы көзімен көрсе өзі оны құрастырса оған деген үлкен талап пен қабілет анағұрлым өрістеледі. Оқу,есте сақтау, жинақтау,қайталау барлығы осы жерде оқушыың тілдік барьерге қарамай класте,презинтация постер,эссе,мазмұндама ретінде қарастырып оқушыны танып білуге болады. Орыс мектептерінде қазақ тілін сапалы түрде оқытуға деген ынталандыру әлеуметтік сенімдер қалыптасып оқушының қазақ тілге деген сүйіспеншілігі күшейеді. Оқушының білім деңгей туралы сыни тұрғыда ойлану қорыту рефлексия дағдысын және өзін-өзі жан жақты өз білімі жетілдіру туралы,белсенді жұмыс істеу білген тұжырымын кең түрде өмір ағынында толық қолдану дағдыларын қалыптастырады.Оқушының пәнге деген қызығушылығы терең түсіну қабілеттері дамытылады әр оқушы өзіне оңай түсінікті тәсілдер ізделініп меңгертіліп,дамытылады.Оқушының шығармашылық қасиеті кең түрде дамытылып оқуға, сауаты жазуға құштарлығы дамиды. Проблемалық жағдайларға шешім іздеп оны толық түсінуге мұғалімнің көмек бағдарымен өз еркімен ізденіп оны толық жан- жақты дамытудың жолдарын іздейді.Бұл деген әр оқушының өз қабілетімен, өз идеяларымен білімді кең түрде қабылдау,сыни тұрғыда ойлау, сөйлеу нәтижелерін шығару.Оқушының метотану нәтижесінің шыңына жетер бірден бір стратегиялардың үдерісінің арқасында менің оқушыларым дистанциондық олимпияда,ғылыми жұмыстарға, аудандық әр түрлі конкурстарға жиі қатысып нәтижелі жүлделерге жетуде.Былтырғы оқу жылында «Республика күніне»қарсаңында аудандық шығармашылық конкурысынан Дзюбчук Надежда бірінші жүлделі орын алды.Биылғы оқу жылында екі оқушым КИОдан қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінен сертификаттар алды.Тоғызыншы сынып оқушысы Дзюбчук Надежда Республикалық ғылыми-практикалық дистанциондық конференцияда «Қазақстан:жаңа формат» оқушылар мен колледж студенттеріне арналған ғылыми жұмысқа қатысып, үшінші жүлделі орын алды.(Интернет журнал «Просвещение» Қазақстан). Осының барлығы білім саласындағы жаңа бағдарламалардың көптен-көп ықпалдарының белгісі.
Жаңа технологияның принциптері- оқытуды ізгілендіру,өздігінен білім алып, ізденіс арқылы дамитын, өзіндік дұрыс шешім қабылдай алатын, өмірге бейім жеке тұлғаны қалыптастыру.Жаңа оқыту технологиясы арқылы оқушы қандайда болмасын ақпаратты өздігінше игеріп,өз өміріне жарата алатын әмбебап тәсілдерді үйретуді мақсат етемін. Технологиялық жүйелікті сақтай отырып, қазіргі сабаққа қойылатын талапарды қатаң ескере отырып, оқушылар білім бәсекелестігіне дұрыс бағыт – бағдар беріп еңбектері жемісті болатынына күмәнім жоқ. Сол кезеңге лайық ұлттық санасы жаңғырған жаңа ұрпақ тәрбиелеу міндеті тікелей жауапкершілігі менің мойынымда. Барлық кедергілерді жеңу табысқа жету, биік шыңдарды,асуларды өту әр бір ұстаздың өз қолында деп білемін.

Ағзұмова Айгүл Ғабдұлманапқызы

Қарасу әкімдігінің білім беру бөлімі «Ушаков негізгі мектебі»М.М Ушаков ауылы Қарасу ауданы Қостанай обласы

Ұстаздарға арналған сертификаттар
18
Декабрь
0
1259

Пікірлер: 0

avatar