Өзін-өзі тану –өмір сабағы

Жарияланған материалдың жеке номері: 89


Амантоғай жалпы білім беретін орта мектебі
өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Нұрғалиева Айбаршын Тоқанайқызы

Өзін-өзі тану –өмір сабағы

Бүгінгі күні мектептің басты мақсаты және негізгі міндеті адамзаттық құндылықтары толысқан, мәдениетті, білімді, алдына мақсат қоя білетін және сол мақсатқа жету жолында табандылық көрсететін белсенді және өз-өзіне сенімді тұлға қалыптастыру.
Ал бұл міндет өзін-өзі тану мұғалімдеріне зор жауапкершілік жүктейді. Осы негізде мектебімізде оқушылардың өмірге құлшыныстарын дамыту, олардың жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін ұялата білу мақсатындағы іс-шаралар жүйелі түрде өткізіліп тұрады.
9-11 сынып оқушыларының арасында өмірді бағалай білуге, мағыналы-мәнді өткізуге бағыт-бағдар беруге бағытталған «Өмір, қымбатсың маған!» тақырыбындағы іс-шараны мектеп психологы Ә.Қ. Дүбірбаева екеуіміз бірлесіп өткіздік.
Іс-шараны өткізудегі мақсат:
1.Оқушыларға әрбір адамның өмірі өзіне қымбат екендігін, өмір сүру үшін күресу керектігін түсіндіру.
2.Жағымды ойлар арқылы өзіңдегі бар нәрселерді бағалауға, болып жатқан оқиғаларды жақсы жағынан көруге үйрету.
3.Әр адамның тұлғалық дамуы әркімнің өзіне, жасаған әрекетіне байланысты болатынын түсіндіру, өз күшіне сендіру.
Дүниеге келген әрбір адамның толыққанды бақытты ғұмыр кешуге құқығы бар. Адамның өз алдына мақсат қоя білмеуі, алдағы күннен жақсылық пен үміт күте білмеуі, алға талпынбауы кері әсерін тигізбей қоймайды. Сол себепті тәлім сабағында қамтылған сұрақтар мен жағдаяттар, әр түрлі тағдыр иелері туралы бейнематериалдар оқушыларға терең ой салды деп ойлаймыз. Психолог өткізген тренинг, психологиялық кеңестер әр оқушының жүрегінде өмірге деген сенімділік туғызды деп ойлаймын.
Іс –шараны өткізу барысында байқағаным, оқушылардың өмір туралы өзіндік пайымдаулары бар. «Өмір адамға несімен қымбат?», «Өмір туралы не білеміз?» деген сұрақтарға қысылмай жауап беріп, өз пікірлерін ортаға салды. Өз тағдырың, өз бақытың өз қолыңда, ол үшін ең алдымен өмір құндылығын бағалай білуіміз керек деген ойлар айтып, оны дәлелдей білді. Өмірді мағыналы -мәнді өткізу үшін өз алдыңа мақсат қойып, сол мақсатқа жету үшін талпынып,еңбектеніп, өзіңді жан-жақты көрсету керек деген ойларын ортаға салды. Өмір дегеніміз –тынымсыз алға ұмтылу.
Олай болса жастарымыз еңбексүйгіш,өз елінің патриоттары болып өсуі тиіс.
Сыныптан тыс іс-шараның түйіндемесі ретінде оқушыларға жапон қоғамының рухани адамгершілік құндылықтарын көрсететін үш қағида берілді.
1.Ойлай біл, өз бетіңше шешім қабылда, проблемаларды шешудің ең жақсы жолдарын іздеп таба біл;
2.Әдемілікті түсін, өзіңде әдемілік сезіміңді тәрбиеле,жаның сұлу, жүрегің мейірімді болсын, тілектес бола біл;
3.Денің сау, төзімді күшті бол.
Қорыта келгенде, баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіре білуіміз керек.Сонымен бірге оқушылардың бойында өз-өзіне сенімділікті қалыптастырып, өзіндік таңдау жасауына ықпал ете білуіміз керек.

Нұрғалиева Айбаршын Тоқанайқызы

Ұстаздарға арналған сертификаттар
18
Декабрь
0
1418

Пікірлер: 0

avatar