Табиғат аясында

  • Жүктеулер: 12
  • Көрсетілім: 2432
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 09/Ноя/2015

Жарияланған материалдың жеке номері: 11336


Сабақтың тақырыбы: Табиғат аясында
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жалпы табиғат жөнінідегі түсінігін, білімдерін жетілдіру, табиғат тіршілік көзі ,адамның ақыл-ойы , табиғаттың ұлы заңымен үйлесімді екенін түсіндіру.
Дамытушылық мақсаты: ой-өрісін кеңейту , жеке тұлғасын , тілдік ,сөздік қорын ,ізденісін ояту, сөйлеу дағдысын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: табиғат пен адамдар арасында байланыс қалыптастыру, туған табиғатты, жерді көздің қарашығындай сақтап , қастерлеп қадірлеуге , Отанды сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: туған жер туралы даналық сөздер , табиғат суреттері , «Қазақстанның әсем табиғаттары» , қаламыздың табиғаты туралы слайд.

Барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Алтын Күн,жарқын Күн,
Шуағыңды төге бер.
Арайыңнан нәр алған-
Біз бақытты балдырған!

Армысыз, қайырлы Күн!
Армысыз, қайырымды Аспан Ата !
Армысыз, мейірімді Жер Ана!
Армысыз, шұғылалы Алтын Күн!
Армысыздар , қонақтар!
(Судың, құстардың дыбыстары музыка арқылы естіліп тұрады.)

Табиғат – Ана құшағын саялайық,
Қорғау үшін күш-жігер аямайық,
Ол болмаса сен жоқсың, осыны ұқ,
Адамзат! Табиғатты аялайық!

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына
«Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауы, 2014 жылғы 11 қараша.

Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та,
гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр.
Отанды сүю –бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің
қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп,
табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні - осы!

Ақниет
1- Оқушы: Күн Ана.
Әлемге қуатты,
Сәуле мен шуақты
Алып күн беріп тұр.
Нұртуған
2-оқушы: Жер Ана.
Аялап анамыз,
Саялап анамыз,
Құлпырған тірлікпен,
Жер құтты гүл біткен.
Аружан
3-оқушы:Су Ана.
Өңірдің өзегі-
Өмірдің өзені.
Сусыз жер-өмір нусыз,
Өр өңір –тұз.
Айдос
4-оқушы: Ауа Ана.
Ауасыз жер шарының-
Дәу әлем,
Қоршаулы ауамен.
Ауасыз тұншығар.

5-оқушы: Перизат
1.Күн-барлық тіршіліктің құдіретті тірегі.
2.Жер тіршілікке нәр беріп анамыздай асырап жатыр.
3.Су-тіршіліктің көзі
4.Ауа-өмірдің тынысы.

“Жер –қазына, су-алтын, мал-байлық”
Табиғат – бүкіл тірішілік атаулының алтын ұясы және аялы бесігі , құтты қонысы мен өсіп –өнер мекені.Табиғат адамға қажет баға жетпес байлық .Ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі. Сондықтан халқымыз «Табиғат –адамзаттың өмір нәрі,қажеттінің табылар содан бәрі» деп дәріптеген .Десек те, табиғат пен адам қашанда егіз.
Ата-бабамыз “Жер –қазына, су-алтын, мал-байлық” Біздің күнделікті ішіп жүрген тамағымыз,үстіміздегі киіміміз, оқитын кітабымыз,жазатын қағазымыз ,ауырғанда пайдаланатын дәріміз,тыныс алар ауамыз, ішер суымыз – осылардың бәрі жомарт табиғаттың бізге тартқан сыйы.
Бүкіләлемдік тіршіліктің төрт құдіретті негізі бар.Олар:күн-ана,жер-ана,ауа мен су.Адамзат күнделікті тіршілігінде осы төрт құдіретке сүйенеді.Егер осы төрт негіздің біреуі болмаса,тіршілік тоқтайды. Сондықтан адамзат Күнді,Жерді анадай ардақтайды.

Күн – барлық тіршіліктің құдіретті тірегі. Оның нұры – сәулесі, құдіретті күші – от.
Ал жер-ана тіршілікке нәр беріп, анамыздай асырап жатыр.Қазақ халқы жер-ананы әулие тұтады.
“Баптағанға – жер жомарт”
“Жері байдың – елі бай”
“Туған жер – алтын бесік” деп жер-ананы аялайды.

Өмір сүрудің тірегі болып тұрған құдірет-су.Өмірге ең қымбат , ең қажетті болғандықтан , халық судың шығып жатқан жерін «әулие бұлақ» дейді.Халқымыз суға байланысты қаншама даналық нақыл сөздері бар.
“Су бар жерде өмір бар”
“Сусыз өмір тұзсыз аспен тең”
“Өзің ішетін суға өлген ит тастама”

Жан дүниенің өмір ырғағын жасап тұрған келесі құдіретті нәрсе –ауа.
Ауа-өмір тынысы дейді халық.Ең қымбатты, қажетті нәрсені «ауадай қажет» деп халық ауаны қымбаттың қымбаты деп бағалайды.

Алып Жер адамның бесігі,
Тербесін сәбиін , тербесін.
Адамзат бақыт нәсібін
Абайла ,төгіле көрмесін ,-деп Мұқағали ақын жырлағандай қазақ жерін сүю,табиғатын қастерлеу,табиғатына бас ию мақсатында сайысты ұйымдастырып отырмыз.
Сынып екі топқа бөлінеді.
І топ. «Жер-Ана»
ІІ топ. «Жасыл желек»

Әділқазылар алқасын сайлау.
1.
2.
3.
Сайыстың шарттары:
1.Таныстыру
2. . Сен білесің бе?
3. «Кім жүйрік?» Тақтаға жазылған белгілі бір сөзден әртүрлі сөздер құрастырып жазу.
4. Сұрақ-жауап . Әр топтың қатысушылары бір-біріне үйден дайындап келген сұрақтарын қояды.
5.Жұмбақтар сыр шертеді
6. «Қолқа салу» (ән айту,өлең айту,би билеу)

«Сен білесің бе?»
«Жер-Ана» тобының қатысушыларына сұрақ
1. Алманың жартысы неге ұқсас?
2. Абай атамыздың табиғат жайлы өлеңдерінің атауларын ата.
3.Адам қай құсты аң аулауға пайдаланды?
4. Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі.
5. Жапырақтың түсі неге жасыл?

«Сен білесің бе?»
«Жасыл желек» тобының қатысушыларына сұрақ
1.Арқарға үлкен мүйіз неге керек?
2. Жылу сүйгіш өсімдіктерді ата.
3.Топырақ түрлерін ата.
4. Қандай құс хат тасушы атанған?
5. Елімізде өсімдіктің неше түрі бар?

3. «Кім жүйрік?»
Ғаламшар

4. Сұрақ-жауап .

5.Жұмбақтар сыр шертеді.
1.Суға батпайды,
Отқа жанбайды.

2.Жылт-жылт еткен,
Жырадан өткен.

3.Үлкен алтын табақтан
Әлемге нұр таратқан.

4.Тікен,тікен тік пісте,
Қысы-жазы бір түсте.

5.Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.

6. Екі ағайынды,
Екеуі де бір үйде,
Бірін-бірі көрмейді.

6. «Қолқа салу» (ән айту,өлең айту,би билеу)

«Ойды жалғастыр.... »

- Табиғатқа қамқорлық керек, өйткені.....

Қорытынды.
Конституцияның 38 бабында “Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті”
Бүгінгі топаралық жарыста белсене қатысып өз білімдеріңді ,өнерлеріңді көрсете білдіңдер .Бүгінгі ойыннан алған білімдеріңді әрі қарай шыңдап ,өмірде пайдаланып ,Отанымыз Қазақстанның әсем табиғатын ,жерін қорғауға ,оны шексіз сүйетіндеріңе зор сенім білдіремін.
Табиғаттың тарылтпайық мөлдір, кәусар тынысын,
Пәк табиғат! Жүрегімнің тамылжыған жырысың.
Ей, адамдар! Қалай ғана қатыгездік жасайсың,
Ол - анаң ғой, ал сен - кенже ұлысың.
Табиғатты аялайық, табиғатты қорғайық!

Пәні: әдебиеттік оқу.
Сабақтың тақырыбы: Туған жер туралы жыр
Сабақтың мақсаты: Ойға түрткі болу арқылы халық шығармаларындағыадамгершілік қасиеттерді насихаттау,оқушы үнін басты назарда ұстау.
Сабақтың формасы: топтық,ұжымдық
Сабақтың оқыту әдісі: Түсіндіру,сұрақ-жауап
Сабақтың нәтижесі: Ойлану арқылы халық шығармаларының ғибраттық өсиет сөздерінің молдығымен ерекшеленетінін түйсінеді.Ата-баба асыл мұрасын қадір тұтуға үйренеді.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
1.Оқушылармен амандасу
2. Психологиялық дайындық
ІІ.Топқа бөлу:
1,2,3-ке санау арқылы топқа бөлу
Топ ережесін құру

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Қ.Жұмаділов «Қазақстаным» өлеңін жатқа айту
І топ. Өлеңдегі бейнелі ,көркем сөздерді тап
ІІ топ. Туған жерге деген сенің шынайы сезімің,ішкі тебіренісің...
ІІІ топ. Туған жер туралы мақал-мәтелдер тізбегі

ІҮ. Жаңа сабақ
1.Білімді меңгерту
«ЖИГСО» әдісі
І топ. 1.Қытай императорына берілген сый.
2.Құсқа жасалған жағдай

ІІ топ.3.Ғұламалардың ақылы.
4.Мұңайған құс

ІІІ топ. 5.Императордың сапары.
6.Құстың тамылжыта ән салуы

2. Білімді дамыту.
Тірек сұрақтар:

1. Құстың тамылжытып ән салу себебі не деп ойлайсыңдар?
2. Мәтін неліктен «Туған жер туралы жыр» деп аталады? Басқаша қалай атауға болады?

3. Шығарма мазмұнын ассоциация әдісімен топтастыру
Императорға мінездеме беру.

4. Ертегіге кесте арқылы теориялық талдау
1.Ертегінің авторы кім?
2.Қалай ойлайсыңдар, не себепті ертегілердің авторы халық?
3.Ертегінің қандай тәрбиелік мәні бар?

Ү.Бекіту.
Эссе «Императорға хат»

5. Сабақты қорыту

6. Елбасы жолдауы: «Сендер тәуелсіз Қазақ елінің перзенттерісіңдер. Тәуелсіз елде туып,тәуелсіз елде тәрбие алдыңдар. Сендердің азат ойларың мен кемел білімдерің –елімізді қазір бізге көз жетпес алыста ,қол жетпес қиянда көрінетін тың мақсаттарға апаратын құдіретті күш.Мен барша халқымды жарқын болашаққа жол бастайтын адамзат баласының мәңгілік құндылықтары ерік-жігер мен еңбексүйгіштік ,мақсаткерлік қасиеттерді бойға сіңіруге шақырамын.Мен 21-ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін» Н.Ә.Назарбаев

ҮІ.Үй тапсырмасы: «Туған жерге деген сағыныш» Ойтолғау жазу
Бағалау . Топ бір-бірін бағалайды .

Пәні: әдебиеттік оқу
Тақырыбы: Әл Фараби туралы аңыздар. Өнерлі жігіт.
Мақсаты: Оқушылардың рухани өсуіне жағдай туғыза отырып, жаңалықтарды қабылдауға қабілетті, өз әрекеттеріне өзгеріс енгізе алатын шығармашыл тұлға тәрбиелеу.
Міндеті: 1. Мәтін мазмұнын өмірмен байланыстыра отырып, талдау арқылы идеясын түсінуге
мүмкіндік жасау.
2. Ынталы, сыни ойлау арқылы шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту.
3. Топтық жұмыстар арқылы өзгелердің пікірін тыңдай отырып, адами қасиеттерді бойына
жинау арқылы болашаққа сенімді тұлға қалыптастыру
Типі: Аралас сабақ
Түрі: тренинг-сабақ
Оқытудың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру , сұрақ-жауап
Көрнекілік құралдар: ватман,фламастерлер,кеспе қағаздар,интерактивті тақтадағы слайд-презентациялар
Оқыту формасы: топтық, жалпы- сыныптық
Пәнаралық байланыс:дүниетану, музыка, тарих,бейнелеу
Оқыту технологиясы: дамыта оқыту

Барысы: І. Психологиялық тренинг
Тақырыбы: "Мен ғажайыппын"
Мақсаты: Оқушылардың эмоционалды және көңіл-күйлерін көтере отырып, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту
Мұғалім:Саламатсыздар ма, балалар! Біздің көбіміз яғни барлығымыз биікте ғажайып болғымыз келеді. Ал енді осы "ғажайып" дегеніміз не? Біздің бүгінгі кездесуімізде осы ғажайып сөзіне балама сөз тауып көрейік. (Қатысушылар, мысалы мына сөздерді айтуы мүмкін:идеал, үлгі, нәзікке ұқсас,бір бағыттағы, ескерткіш, сондай бір өте жақсы, т.б.)
Мұғалім: Ожеговтың сөздігінде «ғажайып» сөзіне анықтама бар - бұл "барлық жақсы қасиеттер қамтылған, ең жоғарғы дәрежедегі қасиет". Енді осы қасиетті өз бойымыздан іздеп көрелік,ғажайып болмаса да, бойымызда таң қаларлық мінез болуы мүмкін. Жұмысымызды бастамас бұрын, танысып алайық, әрбір қатысушы өз атын айта отырып, бойындағы жақсы қасиетін айта кетеді. Келесі қатысушы алдыңғы қатысушының атын, жақсы мінезін айта кетеді.

Батырлық, жігерлік, қайсарлық т.б жақсы қасиеттерді айттыңдар. Бұл қасиеттер кімдерге тән деп ойлайсыңдар?
- Батырларға
Халық ауыз әдебиетіне қандай шығармалар жатады?
Осы шығармалардың ішінен қайсысын өтіп жатырмыз?
Батырлар жыры.
Қандай батырлар жырын өттік?
Алпамыс,Қобыланды,Ер тарғын, Бала Бөген батыр.
ІІ. Үй тапсырмасы «Батыр бала Бөген мен Шұбар ат»
Сұрақ-жауап
1. Батыр бала Бөген қандай жағдайға душар болды?
2. Түсінде кім аян берді?
3. Мәтінде Шұбар бейнесін қалай суреттеген?
4. Шұбар ат неліктен жүргісі келмеді?
Осы жырдан өз бойындағы қасиеттерді байқадық па?
Елімізді,жерімізді сырқы жаудан қорғаған тарихта болған батырларымызды жыршылар ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырған.
Аңыздар көбінесе тарихта болған адамның басына құрылатын шығарма.Аңыз әңгімеде өмірде шын болған адамның басынан өткен жайттар мен қиял-ғажайып оқиғалар араласып келеді.


ІІ. Ойын «Шашылған буындар» Буындардан сөз құрау
(зи-ят-кер-лер, э-ру-дит-тер)
Интерпритация: Құрметті оқушылар, жаңа ғана өз бойларыңдағы жақсы қасиеттер тізбегін айтып өттіңіздер, бұл қасиеттер, осы екі сөзге де тән.
І топ: зияткерлер
ІІ топ эрудиттер
Зияткер- ой жүйесі дамыған,логикалық ойлауы терең,өз білімің терең қолдана алатын бәсекеге қабілетті адамдар.
Эрудиттер- латын сөзінен аударғанда оқымысты деген мағынаны білдіреді.

Мұғалім: Кез келген мақсатқа жеткенде біздің алдымыздан жаңалықтар ашылады, жаңалықтың шеті жоқ.
Әрбір халықтың даналарының артындағы ұрпақтарына қалдырған ұлағатты сөздері бар. Бұл сөздердің барлығы сол халықтың асыл қазынасы болып табылады. Мұны сол елдің азаматтары сөздерінің арасына қосып, әңгіменің көркін келтіріп жатады. Тарих қойнауына сүйенсек ертеде халық арасында дау жан- жалдарды шешуде өзінің алғыр ақыл- ойымен төрелік айтып, елдің бірлігін сақтаған ұлы ғұлама адамдар көп. Орасан зор еңбек сіңірген ғұламалардың бірі Қазақстан топырағынан шыққан данышпан ғұлама ғалым Әбу-Насыр Фараби.

ІІІ. Өнерлі жігіт
(Әл-Фараби туралы аңыз)

Әбу-Насыр Фарабидің ғылыми еңбектері туралы түсініктер қалыптастыру.

Әбунасыр әл-Фараби ғылымның сан-саласын зерттеп, жеті тілді білген ғұлама. Жүз елуге жуық еңбек жазып қалдырған ғалымдар ол заманда көп емес еді. Сондықтан да оны Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» деп мойындаған. Әйгілі шығармаларының бірі- «Ғылымдардың шығуы туралы» деп аталады. Фараби сан туралы ғылым- арифметиканың, геометрияның, аспан қозғалысы, дыбыстар заңдылығын зерттейтін музыканың, табиғаттағы құбылыстар туралы жаратылыстану ғылымын зерттей келіп, осы ғылымдарды оқып үйрену үшін қажет болатын тіл ғылымын жоғары қояды. Фарабидің көзқарасы бойынша әртүрлі ғылымдардың шығу төркіні осылай.
ІҮ. Оқулықпен жұмыс
1.Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Сөздік жұмыс
3.Тізбектей оқыту
4.Сұрақ-жауап
V. Топтық жұмыс «Сенің пікірің»
І топ: Зияткерлер тобы
- Ғұлама адам несімен сыйлы болады? Ақылын жамандыққа жұмсаған адамды дана деуге бола ма? Фараби сөзімен: Ақыл тек пайдасын адамға тигізуі тиіс.Кімде кім ақылын жамандық үшін пайдаланса, ондай адамды тез аластау керек.Ол ең қауіпті адам.
Сіздердің пікіріңіз?
ІІ топ. Эрудиттер тобы
«Өнерлі жігіт» әңгімесінің желісі бойынша Фараби өнерлі жігітке өзі оқытып, әрі оған 4 дирхем төлейді Кейін ол бала үлкен ғалым болыпты-мыс.. Фарабидің іс-әрекетіне көзқарасыңыз? Фарабидің жігітке ерекше көңіл бөлу себебін түсіндір.
Интерпритация: Өмірде шешілмейтін түйін жоқ. Өмірде талай өзгерістер болады, өз таңдауларыңды, өз көзқарастарыңды талай өзгертесіңдер, ең бастысы еш нәрседен қаймықпай, өз таңдауларыңды қазір жасай білгендерің.

Сергіту сәті

ҮІ.Тренинг «Ақиқат орындығы»
Мақсаты: Оқушыларды ашық болуға, өз ойын еркін жеткізуге баулу
Мұғалім: Алдарыңызда топтың ортасында карточкалар жиыны тұр. Енді сендер кезекпен ортаға шығып, аяқталмаған ойлары бар карточкаларға жауап берулеріңді сұраймын.
Карточкадағы аяқталмаған сөйлемдер
-Мен үшін ең үлкен қорқыныш –бұл...
-Мен мынадай адамдарға сенбеймін...
-Мен ренжимін, егер...
-Мен ұмытпаймын, егер...
-Маған , егер сенім білдірсе...
-Мен өз іс-әрекетіме жауап беремін, себебі...
-Еңбектің қай түрін болмасын, таңдамаймын, себебі...
-Егер мен сенімсіз болсам...
Интерпритация: Сөйлемді аяқтағанда сіз қандай сезімде болдыңыз? Әрине, әрқайсымыз өмірде қорқыныш, сенімсіздік, сәтсіздік сезімдерін өткереміз. Өмір дегенің дос-жаранға қамқор болу, санаңды торлаған тұманды ойларды шуақты қуанышқа ауыстыра білуің. Қызғаныштың отын бүркіп, сенім үдесінен шыға білу. Уәделі сөздеріңе берік болуың. Кісінің сыртқы емес, ішкі болмысына үңіліп қадірлеу. Ең бастысы, өзгеге жақсылық тілеуші бола білу.

VІІ. «Шығармашылыққа бастар жол» шығармашылық жұмыс
І топ: «Зияткерлер » Эссе «Аңыз адам»
ІІ топ: «Эрудиттер» Макет құрастыру«Болашақ менің көзіммен»
Интерпритация: Міне ,балалар тарих қойнауына да кіре отырып «Аңыз адам» туралы эссе жаздық. Өткенді білмей бүгінгі мен болашаққа көз жүгірту мүмкін емес. Тарихта аты аңызға айналған ұлы адамдардың еңбектерінен ғибрат алып , болашаққа нық сенімменен бара аламыз.

Қорытындылау
ҮІІІ. Синквейн әдісі

1. Зат есім Әбу-Насыр Фараби
2. Сын есім Данышпан , ғалым , философ
3. Етістік Ғылыми еңбектерін жазды
4. Мағыналы сөйлем Әл-Фараби – ұлы ғалым, ұлы ақын.
5. Синоним Ғұлама

ІХ. Бағалау «Жақсының жақсылығың айт , нұры тасысын»
Х. Үйге тапсырма.1. Мәтінді мәнерлеп оқып,мазмұнын айту
2.Әл-Фараби туралы мәнжазба жазу.

Пәні: сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: Өө дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: Ө дыбысы мен әрпін таныту ,берілген сөздерді оқу
мен жазуға үйрету .Мәнерлеп оқу дағдысын төселдіру.
2.Ө дыбысына қатысты жаңа сөздерді түсіндіру
арқылы оқушылардың ой-өрісін, тілін дамыту.
3.Ұстамдылыққа ,ұқыптылыққа,төрт түлікті құрметтеуге
тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: кеспе буындар,үлгі суреттер,интерактивті тақта.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі.

Қонақтарға амандасу.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
2.Өткен сабақта қай дыбыспен таныстық?
-Зз қандай дыбыс?
Неліктен дауыссыз дыбыс?
Кеспе буындардан сөз құрау.
З дыбысына байланысты тақпақтар айту.
Ережені еске түсіру.
-Әріп деген не? Дыбыс деген не?
(Дыбысты естиміз,айтамыз,әріпті көреміз,жазамыз,оқимыз)
-Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Дауысты,дауыссыз дыбыс деген не?
-Өте жақсы балалар. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты ө әрпімен танысып, ол арқылы берілген сөздерді оқу ,дыбысталуына тоқталу,жаңа сөздердің мағынасымен танысу.

Сөздің сыры-көп жұмбақ
Шешуін кім табады?
Кімдер шешсе тез ойлап,
Сол жеңімпаз болады.

1.Тоқыған ауы-
Шыбынның жауы
2 «Өрікте»-сөздің басында
«Бөрікте»-«б-ның» қасында
Бұл қай әріп ,көріңдер,
Енді айтып беріңдер.

Өрмекші,өрік қандай әріптен басталған?
-Ө әрпінен
Айтылуына қарай қандай дыбыс?
-Дауысты,жіңішке
Баспа,жазба түрімен таныстыру.
Суретті үлгімен жұмыс. Әңгіме құрастыру.

«Сөзді тап» ойыны
1.Шыбынның жауы не?
2.Түйенің арқасында не болады?
3.Мал жайылатын жерді не дейміз?
4.Доп-домалақ сары
Ішінде бар дәні
Қызығасың көріп
Оның аты- ........
(Көбелек,көз,сөмке,көл ) суреттері
Ө дыбысы сөздің басында,ортасында,аяғында келетіні туралы түсіндіру.

Кітаппен жұмыс
1.Қазақстандағы ірі өзендермен таныстыру.Өзен туралы мағлұмат беру.
2.Сөздерді буындап оқыту.
3.Оқулықтағы сөздердің мағынасын ашу.
4.Жеке-жеке оқыту
5.Мәтінді ролге бөліп оқыту
6.Сахналап көрсету

Жаңа сөздерге түсінік беру
Бөрік-бас киім
Өнер-адам бойындағы қасиет

Сергіту сәті

Ал, балалар, тұрайық
Алақанды ұрайық
Оңға қарай бұрылып,
Солға қарай бұрылып,
Бір отырып,бір тұрып
Демалып бір алайық.

Ө әрпіне байланысты өлеңді оқыту.

Өгізге келіп өрмекші
Өлеңдетті әндетті
Өнерін көріп түйе тұр
Өркешін әбден сәндепті.
Ө әрпі бар сөздерді табу.

Дәптермен жұмыс
1.Жазба әріптің үлгісін тұтас көрсету
2.Ауада жазу
3.Тақтада жазу
4.Дәптерге түсіру


Қосымша материалдармен жұмыс
1.Өрмекші сөзінен сөздер шығару.
2.Кеспе буындардан сөздер құрастырып,сөйлем айту.
3.Тест
1.Өө әрпі қандай дыбыс?
а) дауысты ә) дауыссыз
2.Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қой
а) б...рік ә) ...рік
3.Өрмекші сөзі неше буыннан тұрады?
а) 2 ә) 3

Қорытынды. Біз не үйрендік?
Ө қандай дыбыс?

Сабақта белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.

Пәні: математика
Сабақтың тақырыбы: 3-ті қосу және азайту
Сабақтың мақсаты: 10-ға дейінгі сандарға 3-ті қосу және азайту кестесін үйрету.
2. Сабақта алған білімдерін жүйелеу, пысықтау. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларды тапқырлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивты тақта.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Үй тапсырмасы
3. Жаңа сабақ

5-тік болсын алар бағамыз,
Білімменен бақыт табамыз.
Өнер-білім көп оқып,
Өсе берсін санамыз.
Кел балалар, келіңдер
Математиканы көріңдер.
Қане, қарап шығыңдар
Оқу барда білім бар.

Тест тапсырмалары

1-сұрақ. Заттарды бір-біріне қосқанда қандай амал қолданамыз?
а) азайту ә) қосу
2-сұрақ. Сандар жіне қосу таңбасы бар мысалды не дейміз?
a) қосынды ә) айырма
3-сұрақ. Заттарды бір-бірінен азайтқанда қандай амал қолданамыз?
a) қосу ә) азайту
4-сұрақ. Тура теңдікті тап.
a) 2+2=4 ә) 5-2=1
5-сұрақ. Қосылғыштарының біреуі 2 болатын қосындыларды ата.

Мағынаны табу. ІІІ. Жаңа сабақ
a) 1. Өлең есеп оқыту

1.Алты асықтың үшеуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы, сонда нешеуі,
Өз қолында қалады.

2. Табақта 5 алма,
Қолымда үш алма.
Қосқанда барлығын
Болды неше алма?

ә) 3 санына байланысты білетіндерін сұрау.
Үштік ұғымдар туралы не білеміз?
3 би, 3 арсыз, 3 жұрт, 3 жүз


3+3

4+3

5+3

6+3

7+3

2 тапсырма

0 3 1 4 2 5 3 6

Сергіту сәті
Біздің келер шамамыз,
Оннан үшті аламыз.
Үшті қосып екіге
Жауабын тез табамыз.
Екі амалды тең білер
Өте зерек баламыз.

Дәптермен жұмыс
№3
1+3 5+3
2+3 6+3
3+3 7+3
4+3 0+3

№4. Асхат-3 жаста
Талғат-? 3 жас үлкен
Ш: 3+3=6
Ж: Талғат 6 жаста

Ойын “Гүл теру”
“Кім жүйрік?”
(Қызықты есептер)

1. Көлден ұшты 7 қаз,
Қайтып қонды 2 қаз
Қонбады оның нешеуі?
Қане кім тез шешеді?

2. Аулада 5 үйрек
Қорада 3 үйрек
1 үйрек тығылды
Қалғаны неше үйрек?

3. Маратта бар алты іні,
мұратта бар 2 іні.
Қоссаң 6 мен2-ні
Неше болады шешуі?

Математикалық диктант
3 пен 7-нің қосындысы
4 пен 3-тің айырмасы
8 бен 3-тің айырмасы
5 пен 3-тің қосындысы

“Көңілді есептеулер”

Шығармашылық тапсырма
1. Көйлекке он түйме қадалды. Олардың үшеуі ақ түсті. Басқа түсті түймелердің саны қанша?
2. Пошташы ауыл тұрғындпрына 3 көңілді жіне 2 мұңды хат әкелді. Тұрғындар барлығы неше хат алады?
3. Дүкенге кеп сабын алдым,
Оның және қабын алдым
2 дәптер, 1 қалам
Есептеші сонда бәрі,
Қанша болды , қолда бары?

- Қорытынды: -Бүгінгі сабақта біз нені оқып үйрендік, таныстық?
-Санға 3- ті қосу және азайтуды.

Бағалау:
Үйге тапсырма: 140-бет №6

Күнделікті енді ашайық,
Үй тапсырмасын жазайық
3 – ті қосып, азайтып
Ұмытпай есте сақтайық

Пәні: әдебиеттік оқу
Cабақтың тақырыбы: С.Сейфуллин «Біржан»
Сабақтың мақсаты: 1. Өлеңді мәнерлеп оқып,мазмұнын түсіндіру.Мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру.Біржанның өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет бере отырып,өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу.
2.Ұлттық өнерді насихаттау арқылы мәдени мұраларды қастерлей білуге шақыру,өнер адамдарын құрметтеуге тәрбиелеу.
3.Оқушылардың танымдық қабілетін дамыта отырып, өз бетімен жұмыс жасай білу қабілетін жетілдіру.Шығармашылық қиялын ұштау.
Сабақтың түрі: Дамыта оқыту технологиясына негізделген сабақ
Сабақтың типі: Іскерлік-дағдыны қалыптастыру
Оқыту формасы:топтық,жұптық
Оқыту әдісі: Түсіндіру,сөздік,оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан дамыту.Шығармашылық ізденіс,кітаппен жұмыс
Пәнаралық байланыс: музыка,әдебиет,тарих.
Оқытудағы техникалық құралдар:үнтаспа,интерактивті тақта

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі
Қоңырау сыңғыры үнімен
Сыныптың есігі ашылды
Қарсы алып қонақты иілген
Көреміз әдепті ұл-қызды
Отырып жайғасып алайық,
Түгел ме,құралдар қарайық
Ұстаздар келіпті қонаққа
Бұрылып сәл назар салайық.

Күй күшті,тауды,тасты бұзатұғын
Орнына өз өрнегін сызатұғын
Талқандап тас керенді үн оятып
Дүкені дүниенің қызатұғын.

Ой шақыру
Сабағымызды күймен бастағалы отырмыз.Тыңдайтын күйіміз өткен сабаққа қандай қатысы бар деп,ой тастамақ мақсатымен сұрақ қоямын.

Күй тыңдау. «Қызыл қайың»
-Қандай күй? Кімнің күйі?

2. Үй тапсырмасы
Ә.Кекілбай «Күйші» мәтінінің мазмұны сұралады.

«Күй атасы Құрманғазы» шағын әңгіме жазғанын оқыту.
Күй дегеніміз не?
Күйді орындайтын адамды кім дейміз?

Қазақтың атақты күйші –сазгері Құрманғазы туралы білсек ,енді сондай біртуар ұлы адамдарымыз С.Сейфуллин «Біржан» өлеңімен танысамыз.

1.С.Сейфуллиннің өмірбаянымен таныстыру.
2.Біржан салдың өмірбаянымен таныстыру.
3.Өлеңді мәнерлеп оқу
4.Әр шумаққа талдау жасау.

Бірінші шумағында суырып салма ақын екендігі,сөздері маржан,терең мағыналы ойлар айтатындығын жазған. Бұлар дала сахнасының майталман өнерпазы.Елден ерекшкленіп көрініп,үкілі домбырасымен,зерлі шапанымен, құндыз бөрігімен ерекшеленіп халық назарын өзіне аудара білген сегіз қырлы,бір сырлы жан.

Cегіз қырлы,бір сырлы дегеніміз-бір өзінің бойынан ақындық,суырып салмалылық,білімділік ,көрегендік табыла білген жанды айтамыз.
Екінші шумағында ақындық қырынан ғана емес,даусы зор,әнді керемет орындайтындығымен көрінеді.

Үшінші шумағында сөзге шешен,тілге жүйрік Біржан салды білмейтін адам жоқ, көптеген ақындармен айтысқанда бәйгені бермегендігі туралы айтылады.Мұнда Біржанды айтыскер екендігін жырлайды.Міне осындай терең мағыналы ,өнегелі сөздерімен өрнектеген ақынды,сол әнді шебер орындай білетін әнші Біржандай біртуар дара тұлғаны халықтың ерекше құрметтейтіндігі жөнінде айтады.

«Біржан мен Сара»айтысы тарихта ең үздік айтыстардың бірі,бүкіл халық игілігі.Осы айтысты жоғарғы сыныпта толығымен танысасыңдар.

Ү.Тізбектей оқыту
ҮІ. Үнтаспадан «Теміртас» өлеңін тыңдату.
Бұл өлеңді балаларына арнап мұра етіп қалдырған.

ҮІІ.Оқулықпен жұмыс.
Тапсырманы талдау
Сал-әнші,ақын,сазгер,сегіз қырлы,бір сырлы өнерлі адам.Қасына өнерлі жігіттерді ертіп, ел аралап өнер көрсеткен.
«Ағызған қызыл тілден шекер балды» жолдарының мағынасын қалай түсінгенінді әңгімеле.
ҮІІІ. Шығармашылық тапсырма.
1-топ.
«Жыр жазамын жүрегіммен»
2-топ.
Біржан ақын, өзінің асқан зор даусымен әндерді қандай аспаппен орындаған?
«Нағыз қазақ домбыра» (сурет салу)
ІХ.Бекіту
Не себепті халық Біржанды дәріптеген?

Біржан тек қана сазгер емес,айтыскер ақын емес ,әнді керемет орындаумен халықты баурап алған шебер орындаушы.Күні бүгінге дейін айтыстың орны ерекше.Халық айтысты қызыға тыңдайды.Біржанның ізін қуғанайтыскерлер көбейіп келе жатыр.Өзіміздің жергілікті жерімізде қандай айтыскерлер бар?

Біржан туралы не білесіңдер?
Сазгер,ақын,айтыскер,әнші,Теміртас өлеңі,Ләйлім шырақ,Жанбота,Көкшетау т.б өлеңдері бар.
Х.Қорытынды.
«Әнге әуес, күйге құмар бала,өмірге ғашық,жаны сұлу болып өседі»М.Әуезов айтқандай халқымыздың осындай біртуар ақын,әнші,сазгерлерді құрметтеу,оның шығармаларын жалғастыру біздің міндетіміз.
ХІ.Үйге тапсырма: Өлеңді түсініп,мәнерлеп оқу.
ХІІ. Оқушылардың білімін бағалау. Тәрбие.орг сайтынан Табиғат аясында Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ашықбаева Жаңылсын Қостайқызы

Ақтөбе облысы Шалқар қаласы №3 орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar