«Қайрат орталау мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша жыл ішіндегі тәрбие жұмысының негізіндегі іс шаралардан бір сәт

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 444
  • Авторлық бағдарлама
  • 29/Июл/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23028


Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы , Қайрат орталау мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Карабалина Дана Канатовна

«Қайрат орталау мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша жыл ішіндегі тәрбие жұмысының негізіндегі іс шаралардан бір сәт. 2016-2017 оқу жылы

«Қайрат орталау мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау негізінде тәрбие жұмысының жұмыс жоспары 2016-2017 оқу жылына жасалып, мектеп директорымен бекітілді. Жыл ішінде осы жоспар басшылыққа алынды
Жыл ішінде және ай бойы тәрбиенің жалпы мақсат міндеттерін жүзеге асыру барысында тәрбиенің негізгі 8 бағыты басшылыққа алынды . Осы 8 бағыттарды басшылыққа ала отырып тұлға тәрбиелеу ісіне ат салыстық.

1. Азамат және патриот қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін ; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайындау.
2. Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыру.
3. Тұлғаның адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануынаықпал ету.
4. Оқушының тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейту.
5. Еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуына және саналы қарым-қатынасын , экологиялық мәдениетін дамыту.
6. Зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамыту және ақпараттық мәдениетін қалыптастыруына ықпал ету.
7. Көпмәдениетті орта құруға , жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруына ықпал ету.
8. Салауатты өмір салты дағдыларын , дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыруына жағдай жасау.
Тәрбие жұмысында жоғарыда аталған негізгі бағыттарын басшылыққа ала отырып, жыл ішінде біраз іс шаралар жүзеге асырылды
Жалпы айлықтар жоспарланып іс шаралары бекітілді. Осы бекітілген белгілі жоспар бойынша негізінен іс шаралар белгілі деңгейде атқарылды деуге болады. Қыркүйек айындағы тіл мерекесі, “қайырымдылық, “мектепке жол”” акциялары, жолда жүру ережелерін білу туралы іс шаралар, Ел Тәуелсіздігіне- 25 жыл т.б. сонымен бірге қысқы каникул шаралары ұйымдастырылып қорытынды есеп жасалды. Шағын аудандар бойынша есептер жүргізілді негізінен ата -аналарын зерттеу, шағын аудан оқушылары қандай жанұяда тәрбиеленетіндігі туралы есеп түрлері жүргізілді. Жағдайы төмен, көп балалы отбасыларына ЖББ қорынан киім кешектер түрінде көмек көрсетілді. «Қамқорлық» акциясы өткізілді. Мектеп оқушыларының сабаққа қатынасуын күнделікті қадағалап отырдық. Форма №2 есебін жүргіздік. Мектеп оқушыларының сабаққа қатынасу жайын мектеп медбикесімен, мектеп психологы біріге отырып күнделікті қадағалап отырамыз .Осы негізде мектеп бойынша себепсіз сабақ қалдыратын балалар тіркелмеді. Мектеп бойынша «қиын» балалар есебінде балалар тіркелмеген. Діни экстремизм және оның алдын алу негізінде тәрбие сағаты: «Теріс ағымнан сақтанайық» тақырыбында 8- сынып оқушыларымен өткізілді, жетекшісі Оралбайкызы Салтанат . Мектеп мүлкінің сақталуы туралы рейдтер жүргізілді. Рейд қорытындысы бойынша ескертулер айтылып, түзетулер енгізілді. Сыныптарда негізгі жоспар бойынша тәрбие сағаттары өткізілді. Мысалы ашық тәрбие сағаты Тақырыбы: «Зиянды әдеттерден аулақ бол» негізінде 9- сынып пен 8- сыныптар арасында Төлешова Әйгерім Төлендіқызының жетекшілігімен өткізілді. «Халық тәрбиесі - асыл қазына» және «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында 6- сыныпта 31.01.2017 жылы ашық тәрбие сағаты өткізілді. Жетекшісі Ербекеева Анар Баккалиевна. «Діни экстремизм және оның алдын алу» жұмыстары негізінде сыныптан тыс шара өткізу жоспарланып, өткізілді. (5-9- сыныптар арасында) Айлық барысында осындай ашық тәрбие сағаттары мен сыныптан тыс іс шараларға қатынасу арқылы өзара тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілді десек болады. Сондай-ақ , жалпы осы бекітілген белгілі жоспар бойынша, негізінен іс шаралар белгілі деңгейде атқарылды деуге болады. Мысалы келтіре кететін болсам, мектеп бойынша ашық іс шара 9- ақпан күні өткізілді. М.Мақатаев өлеңдерін жатқа айтудан байқау: Тақырыбы: «Поэзияның асқар шыңы» негізінде , 5-9- сыныптар арасында Оралбайкызы Салтанаттың жетекшілігімен өткізілді. «Жас Қыран», “Жас ұлан” топтары: «Белсенді бестік» тақырыбында білімділер сайысы өткізілді (бастауыш сыныптар арасында ) жетекшісі Касымбаева Динара Биримтаевна Іс шаралар өз дәрежесінде өткізілді десек болады. Сонымен бірге балалардың жазғы демалысы да өз дәрежесінде жоспарланып жүргізілді деуге тұрарлық
Соңғы жылдары жазғы сауықтыру лагерлерін ұйымдастыруға көп көңіл бөлінуде. Көптеген жанұялардың әлеуметтік және эканомикалық тұрмыстары қиындауда, сондықтан олар балаларды тәрбиелеп, сауықтыруда үлкен жауапкершілік орындайды. Сауықтыру лагерлері балалардың тұлғалық дағдыларын қалыптастырады. Жазғы демалыс бүгінгі таңда тек әлеуметтік жағынан қорғауға ғана емес, шығармашылық дамуын, интеллектуалдық және жан әлемін байытады. Жыл сайын оқушылар үшін Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы , Қайрат орталау мектебінде де бастауыш сыныптар арасында жазғы сауықтыру лагері күндізгі ауысымда өткізілуде. Мұндағы лагерь 1- маусымнан басталып, 15- тамызға дейін жалғасын таппақ. Бұл “Балдаурен” сауықтыру лагеріне міндетті түрде бастауыш сынып оқушылары қатынасуда. Мектебімізде сауықтыру лагерінен басқа да аудан , облыс көлеміндегі лагерлерде де оқушылар демалуда Мысалы : “Таужаңашар” лагерінде 3 оқушы, “Алтын адам” лагерінде 3 оқушы, “Салем” лагерінде 10 оқушы. “ЕХРО-2017” көрмесі Астана қаласына мектеп бойынша 6 оқушы барды. Мектепалды сауықтыру лагерінде 60 оқушы демалуда. Осы демалыстардың ұйымдастырылып жүргізілуіне мектеп мұғалімдерінің де қосар үлесі шексіз. Атап атсақ, Аубакирова Сауле, Абирова Гульвира, Қасымбекова Айжан, Абитаева Анар, Жакашбаева Гульнар, Оралбайкызы Салтанат , Ербекеева Асель. Лагерь барысында үштілділік негізін жандандыру жұмыстарында мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Төлешева Әйгерімнің қосқан үлесі де аз болмады. Мектеп психологы Тасанова Гүлжазира Манкееваның да жұмысы атап айтарға тұралық .Осындай демалыстар ұйымдастыра отырып, жас жеткіншектер демалысына ат салыса білдік деп айта алар едім. Жалпы мектеп бойынша жыл ішінде тәрбие негізіндегі іс шаралар өз жалғасын таба білді деген қорытынды жасағым келеді.


“Тәрбиенің негізі, тал бесікте”
Мектеп оқушыларының тәрбие саласындағы іс шараларының бір сәттері.
Еңбекшіқазақ ауданы, Қайрат орталау мектебі.






Тәрбие.орг сайтынан «Қайрат орталау мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша жыл ішіндегі тәрбие жұмысының негізіндегі іс шаралардан бір сәт Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Карабалина Дана Канатовна

Пікірлер: 0

avatar