Тәуелсіздік туы

Жарияланған материалдың жеке номері: 119


Тәуелсіздік туы.


Балалар, сендер мына көгілдір тудың біздің Ұлы Даламыздың төсінде ең алғаш қай кезде, қашан, қай жерде көкке көтеріліп дәл осылай желбірегенін білесіңдерме? Осыдан 15 ғасыр бұрын көгілдір Алтай тауының баурайында, біздің түркі бабаларымыздың тайпасында, ержүрек Бумын қағанның басшылығымен осындай көгілдір байрақ көкке көтеріліп, желбіреген болатын. Біздің көк туымыз бен бабалардың көк байрағының ерекшелігі сол, оған бейнеленген бедерінде. Тәуелсіз Қазақстанның туында бейбітшілік пен еркіндіктің белгісі күн шуағы мен алып қанатты қыран бейнеленсе, көк түріктердің байрағында көк бөрінің басы бедерленген. Өйткені тәуелсіздік оңай жолмен келмейді. Оны сақтап қалу да оңай емес. Бабаларымыз намысын ешкімге жібермейтін, жауын азулы тістерімен жасқандыратын көкжал бөріні өздеріне пір тұтқан.

Елдігін сақтап, ерлігін аңыз етіп тасқа қашап жазып қалдырған түркі бабаларымыздың көк байрағы бірде Түргеш тайпаларының, бірде қарлұқ тайпаларының, енді бірде қыпшақ тайпаларының аспанында желбіреп ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырды. Бүгінгі күнге жеткенше талай тар жол тайғақ кешулерден өтіп, талай сынға ұшырады. Бабаларымыздың жауға қарсы қол бастағанда көтеретін айбынды байрағы араға 2-3 ғасырды тастап, ата- бабаларымыздың рухының қолдауымен қайта көтерілді.

Тәуелсіздікке жету оңай болған жоқ. 1986 жылдың желтоқсанында қазақтың өрімдей жастары ұлттың намысы үшін Республика алаңына шығып, қырғынға ұшырағаны тәуелсіз үшін күрестің бастамасы болды. Қазақстандағы желтоқсан оқиғасы құйтырқы саясаттың күшімен біріктіріліп отырған Кеңестер Одағының басқа республикаларында қолдау тапты. Арменияда, Азербайжанда, Балтық жағалауы елдерінде осындай қозғалыстар болды. Қоғамдық пікірдің өзгеруі, саяси – сананың өсуі, демократияның қалыптасуы, баспасөзде цензураның шектелуі Кеңестер Одағының құрамындағы 15 республиканың және социалистік системадағы 15 мемлекеттің тағдырын өзгертіп жіберді. Әр республика, әр мемлекет даму жолдарын өздері таңдады.

Қазақ еліде 1990 жылы 25 қазанда егемендігін жариялап, 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздігіне қол жеткізіп, 1992 жылы 4 маусымда көк туын желбіретті. Қазақстанның тәуелсіздігін бірінші болып таныған Туркия мемлекеті еліміздің болашағына сенім артып, бүкіл әлемге паш етті. 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан БҰҰ мүше болып, халықарадық аренаға шықты.

Максутова Алтынай Бектасовна

ОҚО Шымкент қаласы №72 жалпы орта мектебі

Ұстаздарға арналған сертификаттар
18
Декабрь
2
2694

Пікірлер: 2

avatar
#1. Гулнур Сарсенбаева в 21:37 (12/Дек/2016) Спам
Максутова Алтынай Бектасовна сіздің "Тәуелсіздік  туы" тақырыбындағы өте  жақсы  жазылыпты. Әріптес сізге  тек  сәттілік тілеймін!
avatar
#2. Гулнур Сарсенбаева в 21:37 (12/Дек/2016) Спам
мақалаңыз
avatar