Зертханалық жұмыстар жинағы 6, 9, 11 сыныптар үшін

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 39181
  • Қосымша сабақ жоспары
  • 05/Янв/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 13062


«Садық Түкібаев атындағы Еңбек орта мектебі» КММ

Биология пәні
6.9-11 сыныптар

Шығармашылық жұмысты құрастырған: М.Құдайбергенова

2015-2016 оқу жылы
Алғы сөз
Биология ғылымының өмірде алатын орны ерекше. Сондықтан да биологиядан терең білім алып, толықтай игеріп, оқулықпен қатар оның әдістемелік кешенін пайдалану мен дамытудың ролі зор. Биология пәнінің өзіне тән ерекшелігі- биология кабинетінде, лабороториясында арнайы жүргізілетін зертханалық жұмыстар. Оқушылардың зертханалық жұмыстарға ынтасы мен белсенділігін арттыру мақсатында арнайы дәптерде жүргізуді ұсынамын. Оқулық меңгерген білімінің негізі болса, жұмыс дәптері оның көмекші құралы, қосымшасы. Оқулықтың мазмұнын толық меңгергенде ғана дәптерде берілген тапсырмаларды дұрыс толтыруға болады. Сондықтан мына ережелерді естен шығармау керек:
- алдымен тақырыпты оқулықтан әбден түсініп, мазмұнын білу;
- дәптерді қатесіз асықпай толтыру;
- берілген сұрақтар мен тапсырмаларды оқып-түсініп алған соң оған жауап іздеу;
- дәптердегі тапсырмалар, сұрақтар, сызба нұсқалардың бірін қалдырмай ұқыпты толтыру.
Дәптердің толтырылғандығына қарап, әр оқушының күнделікті сабаққа дайындалғандығын, тақырып мазмұнын меңгергендігін бірден айқындауға болады. Оқулық пен дәптерді қатар қойып, оған жауапкершілікпен қарағанда ғана толық нәтижеге жетеді.

Биология кабинетіндегі жұмыс кезіндегі
қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау

1.Зертханалық оқушы үстелдерінде биология сабағына қатысты оқу
құралдары, аспаптар мен құрал жабдықтар ғана жатады.
2.Өткір пышақпен, сапты инемен жұмыс істеу кезінде жарақат алып
қалмас үшін бұл аспаптардың кесетін немесе түйрейтін бөліктерін
ешқашанда өзіңе, жолдастарыңа қарай бағыттама.
3.Шыны ыдыс пен жұмыс істегенде сақ болу керек,оны сабынмен
жума(қолға ұстауға сусымалы болады, сол себепті
құлатып,сындырып алуың мүмкін). Егер шыны ыдыс бәрібір сына
қалса, оның жарықшақтарын қолмен жинама, дұрысы-сыпырғы мен
күрекшенің көмегімен жинап алу керек.
4.Зертханалық жұмыстар біткен соң қолды міндетті түрде мұқият
сабындап жуу қажет.

Микроскоппен жұмыс істеудің ережелері

1. Микроскоппен орындықта отырып жұмыс істеу шарт. Жұмысқа кірісер алдында оны шүберекпен сүртіп алу қажет және жұмыстың соңына дейін микроскопты орыннан қозғамайды.
2. Препаратты дайындап болған соң оны заттық үстелшеге қояды.
3. Препаратқа айнамен жарық түсіреді.
4. Реттегіш тетіктің көмегімен микроскоптың мойыны - тубусты заттың бейнесі анық көрінгенге дейін микроскопты құндағына салып қояды.
5. Жұмыс аяқталғаннан кейін микроскопты құндағына салып қояды.
6. Микроскопты химиялық реактивтермен қатар қоюға болмайды, ол таза шкафта бөлек сақталуы тиіс.

Микроскоппен жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік ережелері:

Микроскоппен отырып қана жұмыс істеу керек.
Оны үстелдің шетіне 5-8 см қашықтықта орнықты етіп қойып, жұмыс істеп болғанша қозғамайды.
Микроскопты құрғақ шүберекпен сүрту керек.
Шынымен жұмыс істегенде өте сақ болу керек!

Мазмұны:
№1 зертханалық жұмыс. Споралы және тұқымды (ашықтұқымды және жабықтұқымды) өсімдіктермен танысу
№2 зертханалық жұмыс. Ұлғайтқыш құралдармен және зертханалық құрал-саймандармен танысу.
№3 зертханалық жұмыс. Пияз өңінің, жапырақ эпидермисінің микропрепараттарын даярлау.
№4 зертханалық жұмыс. Өсімдік жасушасының құрылысын зерттеу.
№5 зертханалық жұмыс. Даражарнақты және қосжарнақты өсімдік тұқымдарының құрылысы. Көкөніс дақылдарының алуантүрлі тұқымдарымен танысу;
№6 зертханалық жұмыс. Өскіндерден тамырдың сыртқы құрылысын зерттеп білу
№7 зертханалық жұмыс. Тамырдың өсу (созылу) аймағын тауып анықтау.
№8 зертханалық жұмыс. Тамырдың түрөзгерістері.
№9 зертханалық жұмыс. Вегетативтік және гүл бүршіктерінің құрылысы.
№10 зертханалық жұмыс. Жапырақтың сыртқы құрылысы. Жапырақтағы лептесіктерді табу.
№11 зертханалық жұмыс. Жапырақтың ішкі құрылысы. Жапырақтың түрөзгерістері.
№12 зертханалық жұмыс. Ағаштың көлденең кесіндісіндегі жылдық сақиналарды қарау.
№13 зертханалық жұмыс. Тамырсабақтың, түйнектің және пиязшықтың құрылысын қарау.
№14 зертханалық жұмыс. Гүлдің құрылысы мен танысу.
№15 зертханалық жұмыс. Бунақденелілермен және желмен тозаңданатын өсімдіктердің гүлдерін салыстыру.
№16 зертханалық жұмыс. Бөлме өсімдіктерін қалемшелеу.
№17 зертханалық жұмыс. Бір жасушалы және көпжасушалы балдырлардың микроскоптық және сыртқы құрылысы
№18 зертханалық жұмыс. Мүктердің сыртқы құрылысы
№19 зертханалық жұмыс. Қырықжапырақ тәрізділердің сыртқы құрылысы
№20 зертханалық жұмыс. Ашықтұқымдылардың сыртқы құрылсы
№21 зертханалық жұмыс. Қылқанжыпырақты өсімдіктердің бүрлері мен тұқымдарының құрылысын зерттеп білу
№22 зертханалық жұмыс. Шаршыгүлділер тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы
№23 зертханалық жұмыс. Раушангүлділер тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы
№24 зертханалық жұмыс. Алқа тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы
№25 зертханалық жұмыс. Бұршақ тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы
№26 зертханалық жұмыс. Күрделігүлділер тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы
№27 зертханалық жұмыс. Лалагүлділер тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы
№28 зертханалық жұмыс. Пияз тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы
№29 зертханалық жұмыс. Астық тұқымдасы. өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы
№30 зертханалық жұмыс. Пішен таяқшасы бактериясын микроскоп астында қарап, сыртқы құрылысымен танысу
№31 зертханалық жұмыс. Бұршақ өсімдіктерінің тамырындағы түйнек бактерияларын микроскоп астында қарап құрылыс ерекшеліктерімен танысу
№32 зертханалық жұмыс. Микроскоптық мукор саңырауқұлағының сыртқы құрылысын зерттеп білу
№33 зертханалық жұмыс. Түтікшелі және қатпарлы қалпақты саңырауқұлақтардың жемісті денесінің құрылысы
№34 зертханалық жұмыс. Қабық(қаспақ) тәрізді қынаның жемісті денесінің сыртқы құрылысын зерттеп білу
№35зертханалық жұмыс. Қыналардың екі-үш өкілдерінің құрылыс ерекшелігімен танысу

№ 1 - зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Споралы және тұқымды (ашық тұқымды және жабықтұқымды) өсімдіктермен танысу
Мақсаты : споралы және тұкымды өсімдіктерді салыстыру,олардың неліктен мұндай топтарға бөлінетіндіктерін анықтау. Өсімдіктердің мүшелері туралы түсініктерді бекіту.
Құрал-жабдықтар мен материалдар: қырықжапырақтар тәріздес өсімдік-тердің, гүлді өсмдіктердің, көкек мүгінің кеппе өсімдіктері, кәдімгі қарағай-дың өркені мен бүрлері.
Жұмыс барысы және нәтижесі:
- жабық тұқымды өсімдіктердің құрылысы.
1.Үлестірілген кеппе өсімдіктерді қарап, олардың бөлімдерін анықтау.
- ашық тұқымды өсімдіктермен танысу
1. аршаның тұқымды бүрі. Суретін салу
Қорытынды: жалаңаштұқымдылар деген не?

№2-зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Ұлғайтқыш құралдармен және зертханалық құрал-саймандармен танысу.
Мақсаты: Ұлғайтқыш әйнектің және микроскоптың құрылысымен
танысып, жұмыс істей білу.
Құрал-жабдықтар: микроскоп
Жұмыстың барысы:
1. Ұлғайтқыш қол әйнек пен микроскоптың құрылысын салыстырып қарау.
2. Микроскоптың бөліктерінің орналасуымен танысып қалай аталатынын
білу.



Қорытынды:

1. Ұлғайтқыш әйнек пен микроскоптың қызметі
қандай?_________________________________________________________
2. Микроскопқа қажетті жабдықтарды
атаңдар.________________________________________________________

№ 3 -зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Пияз өңінің, жапырақ эпидермисінің микропрепараттарын даярлау.
Мақсаты: Пияз қабықшасының өңі мен бөлме өсімдіктерінің
жапырағының көлденең кесіндісін микроскоппен қарап, екеуінің жасушасын
салыстыра отырып өзіндік ерекшеліктерін табу.
Құрал-жабдықтар: пияз, кез келген бөлме өсімдігінің жапырағы,
микроскоп, тамызғы (пипетка), сапты ине, қысқыш (пинцет) зат және жабын
шынылар, өткір ұстара, су.
Жұмыстың барысы:
1. Пияз қабығының өңінен жасалған препараттың микроскоптағы
көрінісінің суретін дәптерге салу, жасуша пішініне көңіл аудару.
2. Жеке жасушаның бөліктерінің атын жазып, оқулықтағы суретпен
салыстырып талдау.
3. Бөлме өсімдігі жапырағының жұқа көлденең кесіндісінен препарат
жасап, жасыл пластидтердің пішіні мен түсіне көңіл аудару жапырақтары түксіз өсімдіктер алынады). Тіпті жапырақ өңін азғана жұмсағымен сылып алып қараса пластидтер көрінеді.
Пияз қабықшасының жасушасы құралған:
__________________________________________________________________
Жапырақ жұмсағының жасушасы құралған:
Қорытынды:
1. Жасуша дегеніміз
не?_______________________________________________________________
2. Өсімдік үшін пластидтердің қандай маңызы
бар?______________________________________________________________
__________________________________________________________________
3. Жасуша пішіндерінің түрліше болуы неліктен деп
ойлайсыңдар?______________________________________________________
__________________________________________________________________

№4-зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Өсімдік жасушасының құрылысын зерттеу.
Мақсаты: өсімдік жасушасының құрылысын микроскоппен қарап,
екеуінің жасушасын салыстыра отырып өзіндік ерекшеліктерін табу.
Құрал-жабдықтар: өсімдігік өркені, микроскоп, тамызғы
(пипетка), сапты ине, қысқыш (пинцет) зат және жабын шынылар, өткір
ұстара, су.
Жұмыстың барысы:
1. заттық және жабын шыныны мұқият тазалап алу.
2. заттық шыныға 1 тамшы су тамызу.
3. пияз қабықшасының жұқа өңін сылып алып, заттық шыныға қойып, бетін жабын шынымен жабу.
4. Дайын болған препаратты микроскоптың үлкен ұлғайтқышы арқылы
қарау.
5. Жасушаның орналасу ретіне назар аудару.
6. Өсімдік жасушасының суретін салу.

Қорытынды. Өсімдік жасушасының құрылысы
..............................................

№5-зертханалық жұмыс.
Тақырыбы: Даражарнақты және қосжарнақты өсімдік тұқымдарының құрылысы. Көкөніс дақылдарының алуантүрлі тұқымдарымен танысу;

Мақсаты: Қос жарнақты және дара жарнақты өсімдіктердің
тұқымдарының құрылысын қарай отырып айырмашалықтарын анықтау.
Құрал-жабдықтар: қос жарнақты және дара жарнақты тұқымдардың
жинақтамалары, алдын ала суға жібітілген тұқымдар (үрмебұршақ пен
бидай), өткір ұстара, ұлғайтқыш қол әйнегі (лупа) және т.б.
Жұмыстың барысы:
1. Құрғақ және суға жібітілген үрмебұршақ тұқымының пішінін,
қабығының түсін, кіндігінің қай жерде орналасқандығын анықтап суретін
салу.
2. Жібітілген тұқымның қабығын (қауызын) ептеп сылып, ішіндегі екі жарнағы мен ұрығының орналасуының суретін салу (оқулықтың суретімен салыстыру).
3. Ұрық бөлімшелерін ұлғайтқыш қол әйнекпен қарап, атын жазу.
4. Бидай тұқымының сыртқы құрылысын, пішінін, ұрық орналасқан
бөлімі (үшкірлеу жағында) және жарнағының білеуленіп білінетінін қол
әйнекпен қарау, суретін салу, атын жазу.
5. Ойыстау жағынан (сайынан) ұзынынан екіге (ұстарамен) бөліп ішкі
бөлімдерін талдап, аттарын жазу. Қабығының (қауызының) ерекшелігіне
көңіл аудару.

Қорытынды:
1. Дара жарнақты тұқымның құрылысындағы ерекшеліктер
қандай?
_ ________
2. Ұрық қажетті қорек заттарын қос жарнақты тұқым мен дара жарнақты
тұқымның қай бөлігінен
алады?_ _______
_________ _________________________________

№6 - ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Өскіндерден тамырдың сыртқы құрылысын зерттеп білу
МАҚСАТЫ: тамыр типтерімен танысу, тамыр жүйесін ажырату және оларды анықтай білу дағдыларын қалыптастыру.
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР : кеппеөсімдіктер, үрмебұршақтың, бидайдың, пияздың сәбіздің өскіндері. Сабақ өтерден 10-15 күн бұрын пиязды батып тұратындай етіп суы бар ыдысқа салып қою.
ЖҰМЫС БАРЫСЫ
1.Үрмебұршақ және бидай тұқымдарын өсіру жұмыстарының нәтижесінде
талдау.
2.өскіндердің алғашқы даму барысында қанша тамыр пайда
болады............................ ...........
3. тамыр жүйесінің дамуында айырмашылықтар..........................
4. Үрмебұршақ пен бидай өсімдіктеріне тамыр жүйесінің қандай типі тән..................... ...............
5. Суретін салу.
Қорытынды: Тамыр жүйесінің ерекше белгілері
Кіндік ....................................... ...............
Шашақ....... ............................
.

№7-зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Тамырдың өсу (созылу) аймағын тауып анықтау.
Мақсаты: Тамыр бөлімдерін бір-бірінен ажыратып, өзіндік
ерекшеліктерін анықтау.
Құрал-жабдықтар: сабақтан 10-15 күн бұрын өсірілген асбұршақ пен
бидай өскіндері, микроскоп, оған керекті жабдықтары, ұлғайтқыш қол әйнегі
Жұмыстың барысы:
1. Сабақ өтерден 10-15 күн бұрын тұқымынан өндірілген асбұршақ пен
бидайдың өскіндерінің жас тамырларын салыстырып, қандай тамыр жүйесіне
жататынын ажырату.
2. Бидайдың жас өскінінің тамырын ұлғайтқыш әйнекпен қарап, тамыр
бөлімдерін (аймақтарын) анықтау.
3. Тамыр түкшелері бар аймақты тауып, алып жатқан аумағын қарау.
4. Тамыр ұшынан препарат жасап, микроскоппен қарау, тамыр оймақшасы
жасушаларының ерекшеліктеріне көңіл аудару, суретін салу, оқулықтың
суретімен салыстыру.



Қорытынды:
1. Тамыр бөліміне не кірмейді?
2. Тамыр оймақшасының атқаратын қызметі қандай?

№8 зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Тамырдың түрөзгерістері.
Мақсаты: Түрі өзгерген жер асты өркендермен танысу.
Құрал-жабдықтар: қант қызылшасының жемтамыры
Жұмыс барысы
1. тамырдың түр өзгерісіне мұқият қарау, суретін салу
қант қызылшасының жемтамыры

Қорытынды
- Жер асты өркендердің түрін өзгертуіне не себеп болды?
- түрөзгеріс деген не?

№9 зертханалық жұмыс.
Тақырыбы: Вегетативтік және гүл бүршіктерінің құрылысы.
МАҚСАТЫ: бүршіктің құрылысын зерттеу, олардың құрылысындағы ортақ
және жеке белгілерін табу, салыстыру. Бақылау қабілеттерін қалыптастыру, бақылауды түсіндіру.
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: ұлғайтқыш әйнек, әртүрлі өсімдіктердің өркендері, өткір ұстара.
ЖҰМЫС БАРЫСЫ
1. Вегетативтік және гүл бүршіктерінің құрылысыың суретін салу.
2. Бүршіктің өркеннен бөліп алып, оның сыртқы құрылысына қарау.
3. Өсу бүршігін ұзынынан теңдей екіге бөліп, ұлғайтқыш әйнекпен қарау.
Қорытынды:
1.Вегетативтік және гүл бүршіктерінің құрылысының арасындағы айырмашылық қандай?
2.Өсу бүршігі мен гүл бүршігінің айырмашылықтары.

№10 зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Жапырақтың сыртқы құрылысы.Жапырақтағы лептесіктерді анықтау.
Мақсаты: жапырақтың сыртқы құрылысын зерттеу, лептесіктерін микроскоп арқылы қарау, жапырақтың қай бөлігінде орналасқандығын анықтау.
Құрал-жабдықтар: кептірілген немесе өсімдіктен үзіп алынған жас жапырақтар, микроскоп, сапты ине, заттық және жабын шыны, тамшуыр, су құйылған стакан.
Жұмыс барысы
-Жапырақтарды қарау. Жапырақ қандай бөлімдерден тұрады; бөлім атауларын жазу.
-Жапырақтың бір үзіндісін алып, оны бүктеп, астыңғы жағынан еппен едәуір мөлшерде жұқа етіп өңін сылып алу.
-Одан препарат дайындап, микроскоп арқылы қарау.
-Жасуша қабықшасының түссіз бөлігін табу.
-Жасуша лептесіктерін табу.
-Микроскоп арқылы жапырақ қабықшасындағы жасушалардың бөлімдерін жазу
Қорытынды жасау.

№11 зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Жапырақтың ішкі құрылысы. Жапырақтың түрөзгерістері.
Мақсаты: жапырақтың ішкі құрылысымен танысу, жапырақтың түрөзгерістерін кеппеөсімдіктерден немесе суреттен қарау
Құрал-жабдықтар: микроскоп, заттық және жабын шыны, сапты ине, пинцет, ұстара, су, бөлме өсімдігі.
Жұмыс барысы
- қазтамақ жапырағының астыңғы өңінен сылып препарат жасап, микроскоппен қарау.
- Олардың пішіндері және орналасу реті қандай?

Қорытынды:
a) Жапырақтың ішкі құрылысы
ә) Жапырақтың сыртқы құрылысы неден өзгереді?
№12 зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Ағаштың көлденең кесіндісіндегі жылдық сақиналарды қарау
Мақсаты: Сабақтың ішкі құрылысын ұлғайтқыш қол әйнегімен қарап, оның қабаттарын бір-бірімен салыстырып зерттеу.
Құрал-жабдықтар: қарағаш, емен, терек ағаштарының 10 см ұзындықтағы жас өркендері, ұлғайтқыш қол әйнегі.
Жұмыстың барысы:
1. Сабақтың ішкі құрылысымен танысу
2. Шеңберлерін санап, суретін салу
3. Оқулықтағы суретпен салыстырып талдау.

Қорытынды: Жылдық шеңбер деген не?

№13 зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Тамырсабақтың, түйнектің және пиязшықтың құрылысын қарау.
Мақсаты: Түрі өзгерген жер асты өркендердің түрлерімен танысып,
өзіндік айырмашалықтарын зерттеу.
Құрал-жабдықтар:
картоп түйнегі, пиязшық (басты пияз), тамырсабақ - суреттер
Жұмыстың барысы:
1. Картоп түйнегінің түбі мен жоғарғы жағының айырмашылықтарын
қарап ажырату. Түйнектің көзшелері қай жағында көбірек орналасқандығына
көңіл аудару.
2. Түйнекті көлденеңінен 2-ге бөліп, өркенге тән негізгі бөліктерін
алдыңғы өткен сабақтың құрылысымен салыстыру.
3. Пияздың сыртқы түріне көңіл аударып, сыртқы, ішкі қабыршақтарының
ерекшеліктерін, тамыр жүйесін қарау.

4. Пиязшықты ортасынан (тігінен) қақ жарып, түбіртегін (қысқарған
сабағы) бүршіктерін қол әйнегімен қарап ажыратып оқулықтың суретімен салыстыру, суретін салу, аттарын жазу.

5. Інжугүл тамырсабағының суретін салу
Қорытынды:
1. Түрі өзгерген жер асты өркендердің қандай түрлері
бар?
2. Түрі өзгерген жер асты өркендердің қандай маңызы
бар?

№14 зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Гүлдің құрылысы мен танысу.
Мақсаты: Өсімдіктің көбею немесе генеративті мүшесі – гүлдің
құрылысын зерттеу.
Құрал-жабдықтар: гүл құрылысы
Жұмыстың барысы:
1) Гүлдің құрылысын жаз:


1.____________________________________________
2.____________________________________________
3.____________________________________________
4.____________________________________________
5.____________________________________________
6.____ ____________

Қорытынды:
__ ________
______ ________

№15 зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Бунақденелілермен және желмен тозаңданатын өсімдіктердің гүлдерін салыстыру
Мақсаты: Бунақденелілер және жел арқылы айқас тозаңданатын
өсімдіктердің өздеріне тән негізгі ерекшеліктерін анықтау.
Құрал-жабдықтар: тірі гүлдер, кеппеөсімдіктер мен ұлғайтқыш шыны
Жұмыстың барысы
1. Бунақденелілер арқылы тозаңданатын гүлдердің құрылысы
Гүлдің сыртқы белгілерін
сипатта........................................................................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ
-Тозаңдану дегеніміз не?
-Өсімдіктер бунақденелілер арқылы тозаңдануға тағы қалай
бейімделген?
-Жел арқылы тозаңдануға ше?

№16 зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Бөлме өсімдіктерін қалемшелеу.
Мақсаты: өсімдіктердің көбеюі туралы білімді бекіту; білімді іс жүзінде
дағдыларын меңгерту.
Құрал-жабдықтар: бөлме өсімдігі /қазтамақ/, топырақ, құм, гүл отырғызатын құмыра, өткір ұстара, шыны банкалар, ағаш таяқ.
Жұмыстың барысы:
1. Бөлме өсімдігінің өркенінен қалемше дайындау. Ол үшін ұстарамен
өркенді ұзындығы 5-7 см бөліктерге бөліп кесу, өркенде 3-4 жапырақ қалатын болсын. Жоғарғы кесікті жапырақтың үстіңгі жағынан, ал төменгі кесікті жапырақтан 1 см төмен жасау.
2. Гүл құмырасын дайында, ол үшін тұбіне қалыңдығы 2 см құм, ал оның үстінен қара топырақ салу.
3. Топыраққа ағаш таяқпен көлбеу қуыс жасап, қалемшені соған 2 см
тереңдікке отырғыз.
4. Қалемше отырғызған гүл құмыраны жылы және жарық жерге қою.
Қорытынды: ________

№17 зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Бір жасушалы және көпжасушалы балдырлардың микроскоптық және сыртқы құрылысы
Мақсаты: жасыл балдырлардың құрылысымен танысу; микроскоппен дұрыс
жұмыс істей білу дағдыларын дамыту.
Құрал-жабдықтар мен материалдар: микроскоп, дайын спирогира балдырлардың микропрепараттары.
Жұмыс барысы
1. Көпжасушалы балдырлар микропрепараттарын микроскоппен қарау.
Олардың құрылысының біржасушалы балдырлар құрылысының біржасушалы балдырлар құрылысынан қандай айырмашылығы бар?
2. Спирогира жасушалары құрылысының суретін салу. Олардың бөлімдерін жазу.

3. Оқулықтағы біржасушалы балдырлармен салыстыру. /81,83,84 суреттер/

Қорытынды
Біржасушалы балдырлар мен көпжасушалы балдырлардың арасындағы ұқсастық пен айырмашылық неде?

№18 зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Мүктердің сыртқы құрылысы
МАҚСАТЫ: мүктердің сыртқы құрылысымен танысу, олардың жоғары
сатыдағы споралы өсімдіктер екендігін қарастыру.
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР МЕН МАТЕРИАЛДАР: ұлғайтқыш әйнек,
қысқыш, көкек мүгінің, свагнум мүктерінің кеппеөсімдіктері, сапты ине.
ЖҰМЫС БАРЫСЫ
1. Көкек мүгінің сыртқы құрылысын зертте.
Одан сабағы мен жапырақтарын тап. Мүк жапырағының түсіне, мөлшеріне,
сабаққа орналасу ретін бақыла.
Сабақтың төменгі жағынан қоңырқай өскінді тап, оның қалай аталатындығын еске түсір. Оның қандай қызмет атқаратындығын жән тамырдан айырмашылығы қалай екендігін түсіндір.
................... .............
2. Сфагнум (ақ мүк) мүгін қара.
Мүктің бөлімдерін ата?.............................................................
Ризоиды бола ма?....................................................................
3. Мүктердің жоғары ұшынан қауашақты тауып, оны сапты ине арқылы
сабағынан бөліп ал. Қауашақтың қалпақшасын ашып, ұлғайтқыш әйнек
арқылы зерттеп, ішіндегі затқа сипаттама бер.
Қорытынды Мүктер туралы жалпы сипаттама бер
Мүктерді неліктен жоғарғы сатыдағы өсімдіктерге жатқызады?

№19 зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Қырықжапырақ тәрізділердің сыртқы құрылысы
МАҚСАТЫ: қырықжапырақтәріздестердің сыртқы құрылысымен танысу,
мүктерден айырмашылығы және ортақ белгілерін анықтау.Сыртқы белгілеріне қарап, өсімдіктерді сипаттай білу дағдыларын дамыту.
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: ұлғайтқыш әйнек, қырықжапырақ тәріздестердің
кеппеөсімдіктері.
ЖҰМЫС БАРЫСЫ
1. Өсімдіктің сыртқы құрылысы. Өсімдік қандай бөлімдерден тұрады?........ ............
.... .......
...... ........... ..
2. Қырықжапырақ тәрізділердің суретін салу.
Қорытынды
- Қырықжапырақтәріздес өсімдіктер қандай өсімдіктер, жалпы сипаттама беру

№20 зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Ашықтұқымдылардың сыртқы құрылысы
МАҚСАТЫ: Қарағай және шырша өсімдіктерінің сыртқы құрылысымен
танысып, құрылысындағы ерекшеліктерді анықтау.
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: Қарағай және шыршаның өркендері, суреттер
ЖҰМЫС БАРЫСЫ:
1. Қарағай бүрінің сыртқы құрылысымен танысу.
-Бүрлерді зерттеу, қылқан жапырақтарының орналасу реті?
-Қылқандарының сыртқы көрінісі?
-Бір қылқанының ұзындығын өлшеу.
2. Шырша бүрінің сыртқы құрылысымен танысу.
Қылқан жапырақтына қарау, оның орналасуын және олардың ұзындығын
анықтау....................................................................................................................
3. Суретін салу
Қорытынды
Ашық тұқымды өсімдіктердің жоғарғы сатыдағы өсімдіктерден
қандай айырмашылықтары бар?
.....................................................................................................................................

№21 зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Қылқанжыпырақты өсімдіктердің бүрлері мен тұқымдарының құрылысын зерттеп білу
МАҚСАТЫ: қарағай және шырша өсімдіктерінің тұқымы мен бүрінің
құрылысын зерттеу, қарағай және шырша өсімдіктері жоғары сатыдағы
тұқымды өсімдіктер екендігіне көз жеткізу.
ҚҰРАЛ -ЖАБДЫҚТАР: қарағай және шыршаның өркендері, бүрлері, қысқыш, лупа
ЖҰМЫС БАРЫСЫ
1. Жас бүрдің сыртқы көрінісін анықтап қарай отырып, реңіне, мөлшеріне
назар аудару. Суретін салу
2. Әбден қалыптасқан шыршаның бүрін анықтау.
-Қысқышпен қабыршақты ашып, ішіндегі жатқан тұқымына қарау.
3. Қылқанның бұтақта орналасуын қарап, суретін салу
4. қылқанның ұзындығын өлшеу.
Қорытынды
Қылқан жапырақты өсімдіктерді не себепті ашық тұқымды өсімдіктер
деп атайды?
_____ __________

№22 зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Шаршыгүлділер тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы
МАҚСАТЫ:шаршыгүлділер тұқымдасына жататын өсімдік гүлдерінің
құрылыс ерекшеліктерімен танысу; жемісін анықтау. Өсімдіктерді сыртқы көрінісіне қарап сипаттаудың практикалық дағдыларын дамыту.
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: тұқымдастың көппеөсімдіктері.
ЖҰМЫС БАРЫСЫ:
1.тұқымдастың кеппеөсімдіктерін қарап,оларды анықтап,атауларын жаз.
2.Ұлғайтқыш әйнек арқылы гүлді қарау.
3.Гүлдерінің құрылысын олардың формулаларын көрсете отрып сипатттау.
4. Суретін салу
Қорытынды
-Шаршыгүлділер тұқымдасына жататын өсімдік гүлдерінің құрылысы

№23 зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Раушангүлділер тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы
МАҚСАТЫ: Раушангүлділер тұқымдасына жататын өсімдік гүлдерінің
құрылыс ерекшеліктерімен танысу;жемісін анықтау. Өсімдіктерді сыртқы
көрінісіне байланысты сипаттаудың практикалық дағдыларын дамыту.
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРМЕН ұлғайтқыш әйнек, суреттер, тұқымдастың кеппеөсімдіктері, итмұрынның жемісі, өркені.
ЖҰМЫС БАРЫСЫ
1.Раушангүлділер тұқымдасының кеппеөсімдіктерін қарау, оларды анықтап, атауларын жазу.
2. Суретін салу.
Қорытынды
- Раушангүлділер тұқымдасына сипаттама беру.

№24 зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Алқа тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы
МАҚСАТЫ: Алқа тұқымдасына жататын өсімдік гүлдерінің құрылыс ерекшеліктерін зерттеу, осы өсімдіктерге тән жемісінің түрін анықтау. Өсімдіктерді сыртқы көрінісіне байланысты сипаттаудың практикалық дағдыларын дамыту.
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: алқалар тұқымдасының суреттері (баклажан, қызанақ, болгар бұрышы)
ЖҰМЫС БАРЫСЫ
Алқа тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысының суретін салу
Қорытынды
Бұл тұқымдасқа жалпы сипаттама беру

№25 зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Бұршақ тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы
МАҚСАТЫ: Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің гүлдерінің құрылыс ерекшеліктері мен жемісінің түрін анықтау.
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР тұқымдастың суреттері
ЖҰМЫС БАРЫСЫ
1. Өсімдіктердің сабағын, жапырағын, тамырын және олардың ерекшеліктерін анықтап, суретін салу
2. Қалай аталатынын жазу.
Қорытынды
Бұл тұқымдасқа жататын өсімдік гүлдерінің өзіне тән ерекшелігі неде?

№26 зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Күрделігүлділер тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы
МАҚСАТЫ:күрделігүлділер тұқымдас өсімдіктердің гүлдерінің құрылыс
ерекшеліктерін зерттеу мен жемісінің типін анықтау.Өсімдіктерді сыртқы
құрылысына сай суреттеу дағдыларын дамыту.
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: күрделігүлділер тұқымдасының гүлдерінің суреттері
ЖҰМЫС БАРЫСЫ:
1. Күрделігүлділер тұқымдасының өкілдерінің суретін салу, олардың құрылысындағы ерекшеліктерді анықтау.
2. Гүлдерінің құрылысының формуласын жазу
Қорытынды
Бұл тұқымдасқа жататын өсімдік гүлдерінің ортақ белгілері?

№27 зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Лалагүлділер тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы
МАҚСАТЫ: Лалагүлділер тұқымдасы, мысал ретінде лапыз өсімдігінің гүлдерінің құрылыс ерекшелігі мен жемісінің түрін анықтау.Өсімдіктерді ішкі құрылысына сай суреттеу дағдыларын дамыту.
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: лалагүлділер тұқымдасының суреттері
ЖҰМЫС БАРЫСЫ:
1. Лалагүл тұқымдасы өкілінің құрылысымен танысу
2. суретін салу
3. гүлдерінің формуласын жазу
Қорытынды.
Лапыз қандай өсімдік?

№28 зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Пияз тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы
МАҚСАТЫ: Пияз туыстас өсімдігінің гүлдері мен жемісінің құрылысын
зерттеу
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: сарымсақ, суреттері, кеппешөптер
ЖҰМЫС БАРЫСЫ
1. пияз өсімдігінің құрылысымен танысу.
2. Суретін салу
3. Формуласын жазу
Қорытынды
Пияздар тұқымдасы______ _________

№29 зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Астық тұқымдасы. Өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы
МАҚСАТЫ: Астық тұқымдас өсімдік гүлдерінің өздеріне тән құрылыс ерекшелігі мен жемісінің түрін анықтау.Өсімдіктерді сыртқы құрылысына қарап сипаттау, кеппеөсімдіктермен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: бидай дәнегі, бидай масақшалары, кеппешөптер
ЖҰМЫС БАРЫСЫ:
1.Астық тұқымдасына жататын өсімдіктердің ерекшеліктерімен танысу.
2. суретін салу
3. гүлдерінің формуласын жазу
Қорытынды
Астық тұқымдасы _________________________ __ ________

№30 зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Пішен таяқшасы бактериясын микроскоп астында қарап, сыртқы құрылысымен танысу
МАҚСАТЫ: Микроскоп арқылы пішен таяқшасын қарау; оның пішініне
назар аудару. Өз бетінше тәжірибе жасай білуге дағдылану.
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: микроскоп, алдын ала дайындалған пішен таяқшасы,, заттық, жабын шынылар, сапты ине
ЖҰМЫС БАРЫСЫ
1. тәжірибе жүргізгенге дейінгі іс-әрекеттер
2. пішен таяқшасын көру үшін заттық шыныға бір тамшы су тамызыңдар да, оған тұнбаның бетіндегі бактериядан түзілген кілегей қабықтан иненің ұшымен алып салыңдар. Бактериясы бар тамшыны иненің ұшымен араластырып. Бетін жабын әйнегімен жабыңдар. Микроскоппен қарағанда түссіз таяқшаларды көруге болады. Олар пішен таяқшаларының бактериясы. Суретін салып, сипаттама жазыңдар.
Қорытынды _________________________________________________________________________________________________________________________________

№31 зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Бұршақ өсімдіктерінің тамырындағы түйнек бактерияларын микроскоп астында қарап құрылыс ерекшеліктерімен танысу
Мақсаты:Түйнек бактерияларының құрылысымен танысу және табиғаттағы, шаруашылықтағы маңызын білу.
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: жоңышқа суреті
ЖҰМЫС БАРЫСЫ
1. Жоңышқа тамырындағы бактерия түзген түйнектерді көру, құрылысының суретін салу
2. Түйнек бактерияларының табиғаттағы, шаруашылықтағы маңызын жазу
Қорытынды _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________
№32 зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Микроскоптық мукор саңырауқұлағының сыртқы құрылысын зерттеп білу
МАҚСАТЫ:бір жасушалы зең саңырауқұлағын зерттеу; практикалық
дағдылары мен микроскоппен өз бетінше жұмыс істей білу қабілетін дамыту.
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: зең түзілген бір үзім нан, ұлғайтқыш әйнек,
микроскоп, мукор саңырауқұлағының дайын микропрепараты.
ЖҰМЫС БАРЫСЫ
Ақ зең саңырауқұлағын өсіру
1. Тәрелкенің түбіне 2-3 қабатпен қағазды төсеп, сосын ол ылғалды болып
тұруы үшін аздап су құй.
2. Оған бір үзім нан кесегін сал да оны басқа ыдыспен (стакан) жауып қой.
3. Ыдысты бірнеше күнге жылы жерге қой. Төселген қағаздың үнемі
ылғалды болып тұруын қадағала.
4. Біаза уақыттан кейін наның бетінде мукордың ақ түсті жіпшумағы
пайда болады.
Мукорды микроскоп арқылы қарау.
1. Нандағы пайда болған жіпшумақты қара. Оның сыртқы құрылысын
сипатта........... .... ..
....................... ..............
2. Микроскоптың үлкен мөлшердегі ұлғайтқышы арқылы мукордың
препаратын қара. Жіпшумақтаты саңырауқұлақтың ұрықтұқымы нені
көрсетеді?........................................ ...............................................
3. Тұқымның жіпшумағының соңынан қара бүршікті табуға тырыс. Онда
не бар
4. суретін салу
Қорытынды ___ ___________

№33 зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Түтікшелі және қатпарлы қалпақты саңырауқұлақтардың жемісті денесінің құрылысы
МАҚСАТЫ:саңырауқұлақтардың жемісті денесінің құрылысымен танысу;
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: саңырауқұлақтардың суреттері.
ЖҰМЫС БАРЫСЫ
1. Саңырауқұлақтардың жемісті денесінің құрылысын зерттеу.
Саңырауқұлақтардың жемісті денесінің бөлімдерін
қарау.......................... ...........................................
Ол неден тұрады?.................................. .............................
Жемісті денесі неден
түзілген?................................. .........................................
2. Суретін салу
Қорытынды
-Түтікшелі саңырауқұлақтарға қандай саңырауқұлақтар жатады?
-Қатпарлы қалпақты саңырауқұлақтарға қандай саңырауқұлақтар жатады?

№34 зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Қабық(қаспақ) тәрізді қынаның жемісті денесінің сыртқы құрылысын зерттеп білу
Мақсаты: Қабық тәрізді қынаның сыртқы құрылысымен танысу
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: суреттер
ЖҰМЫС БАРЫСЫ:
1. Қабық (қаспақ) тәрізді қынаның сыртық пішінімен танысу, басқа қыналармен салыстыру
2. Суретін салу
Қорытынды
Қабық (қаспақ) тәрізді қына – ағаш діңіне жабысып өсетін, қызыл, сары, сұр, қоңыр, көгілдір, түсті, жұқа қабыққа ұқсас болады.

№35зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Қыналардың екі-үш өкілдерінің құрылыс ерекшелігімен танысу
Мақсаты: Қыналардың саналуандылығы, олардың өзіндік ерекшеліктерімен танысу.
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: қыналардың суреттері
ЖҰМЫС БАРЫСЫ:
1. Кладония қынасының сыртқы құрылыс ерекшелігі. Суретін салу.
2. Цетрария қынасының сыртқы құрылысының ерекшелігі мен танысу, суретін салу
Қорытынды
....................................................................................................................................................................................................................................................................

Практикалық жұмыстар (Сарамандық жұмыстар):

№1 Мектептің оқу-тәжірибе учаскесінде және мектеп айналасында өсімдіктер бірлестігін құрастырып, оны жабдықтау бойынша жүргізілетін көктемгі жұмыстар
№2 Бөлме өсімдіктерін көктемгі күтіп-баптау жұмыстары
№3 Мектептің оқу-тәжірибе учаскесінде орындалатын жұмыстар
№4 Жылдың күзгі мезгіліндегі өсімдіктердің тіршілігі.

Топсеруен:
№1Айналамыздағы өсімдіктер әлемі, өсімдіктер тіршілігіндегі күзгі құбылыстар
№2 Өсімдіктің қысқы тіршілігі. Жапырағын тастаған ағаштар мен бұталар
№3 Терезе алдындағы өсімдіктер әлемі.
№4 Қалалық саябақтағы және мектеп маңындағы өсімдіктер дүниесінің өкілдерімен кездесу, танысу
№5 Өсімдіктер дүниесі өкілдерінің көктемдегі оянулары
№6 Бірлестіктегі өсімдіктер тіршілігі
№7 Орман (саябақ) табиғи бірлестік екендігі
№8 Табиғи бірлестіктегі көктемгі тіршілік
№9 Жылдың көктемгі маусымындағы өсімдіктердің тіршілігі

9 сынып

Мазмұны:
№1 зертханалық жұмыс. Тірі ұлпаларда ферменттердің катализдік белсенділігі
№2 зертханалық жұмыс. Пияз қабықшасының жасушасындағы плазмолиз және деплазмолиз
№3 зертханалық жұмыс. Өсімдік, жануар және бактерия жасушаларының құрылысы. Олардың құрылысындағы айырмашылықтарды табу
№4 зертханалық жұмыс. Модификациялық өзгергіштіктің вариациялық қатарын және вариациялық қисық сызығын құрастыру
№5 зертханалық жұмыс. Организмдердің өзгергіштігі
№6 зертханалық жұмыс. Жергілікті өсімдік іріктемелерінің фенотиптері
№7 зертханалық жұмыс. Әр түрге жататын өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктері
№8 зертханалық жұмыс. Организмдердің мекен ортасына бейімделуі
№9 зертханалық жұмыс. Өсімдіктердегі ароморфоздар және бунақденелілердегі идиоадаптациялар

№1 зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Тірі ұлпаларда ферменттердің катализдік белсенділігі
Мақсаты: Жасушадағы ферменттердің рөлі туралы білім беру, микроскоппен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.
Құрал-жабдықтар:сутек пероксиді 30 % ерітіндісі, өсімдік (шикі және піскен картоп кесіндісі), жануар (шикі және піскен ет кесіндісі), құм, ұнтақтаушы құрал.
Жұмыстың барысы:
1. 5 сынауық алу, оның 1-еуіне құм, 2-не піскен ет, 3-не шикі ет, 4-не піскен картоп, 3-не шикі картоп.
2. Сынауықтардың әрқайсысына сутек пероксидін тамызу. Реакцияны байқау.
Қорытынды:
- Қай санауықта ферменттің белсенділігі байқалды?
- Өлі және тілі жасушаларда фермент белсенділігі қандай дәрежеде болады?

№2 зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Пияз қабықшасының жасушасындағы плазмолиз және деплазмолиз
Мақсаты: Микропрепараттар жасау дағдысын жетілдіру, плазмолиз және деплазмолиз құбылыстарын түсіндіру.
Құрал-жабдықтар: микроскоп, заттық және жабын шынылар, су, тамшуыр, сапты ине, пияз қабықшасы
Жұмыстың барысы:
1. Пияз қабықшасының жұқа өңінен препарат дайындау, оны микроскоппен қарау, суретін салу. Белгілерін жазу.
2. Құрылысын көріп болған соң, жабын шынынынң бір жағынан 5%-дық ертінді тамызу, плазмолиздің жүруін бақылау.
3. Плазмолиз жүріп жатқан кесіндіні сумен шайып, препарат дайындау, жабын шынының бір жағынан дистилденген су тамызып, 2-ші жағынан сорғыш қағазбен сорып алу, деплазмолизді бақылау.
Қорытынды:
1. Плазмолиз деген не?
2. Деплазмолиз деген не?

№3 зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Өсімдік, жануар және бактерия жасушаларының құрылысы. Олардың құрылысындағы айырмашылықтарды табу
Мақсаты: Өсімдік және жануар және бактерия жасушасы құрамының ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау.
Құрал-жабдықтар: Өсімдік және жануар, бактерия жасушасының суреттері.
Жұмыс барысы:
1. Өсімдік және жануар, бактерия суреттерін зерделеп қарау.
2. Толық деректер негізінде кестенің бірінші бөлімін («+»немесе «-» белгілерімен) толтыру.
3. Оқулықтағы суреттерді пайдаланып, кестенің екінші бөлімін («+» немесе «-» белгілерімен) толтыру.
4. Осы жасушалардың ұқсастық және айырмашылық себептері туралы жалпы
қорытынды жасау.
Микропрепараттары бойынша мына кестені толтыру:

Жасушаның бөліктері мен органоидтары Өсімдік жасушасы Жануар жасушасы Бактерия жасушасы
• Қабық
• Цитоплазма
• Ядро
• Үлкен вакуоль
• Пластидтер
(Хлоропластардың, лейкопластардың немесе
хромопластардың біреуі.
• Лизосомалар
• ЭПТ(Эндоплазмалық тор)
• Митохондриялар
• Гольджи жиынтығы
• Рибосомалар
• Микроденешіктер
• Талшықтар/
кірпікшелер
• Хромосомалар
• Ядрошықтар

Қорытынды: ....

№4 зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Модификациялық өзгергіштіктің вариациялық қатарын және вариациялық қисық сызығын құрастыру
Мақсаты: Өзгермелі нұсқа қатарын құруды үйрену. Сыртқы орта жағдайларына байланысты кейбір белгілердің ( адам бойының биіктігі) өзгергіштік шегі немес реакция нормасы кең көлемді болатынына және модификациялар топтың өзгергіштік екеніне тәжірибе жүзінде көз жеткізу.
Құрал-жабдықтар:
1) бой өлшегіш, дәптер, сызғыш, қарындаш, қаламсап
Жұмыс барысы.
1. Адам денесінің өсуін (сыныптастарының аяқ басы немесе басқа мүшелерінің өсу деректерін пайдаланыңдар) өлшеуге арналған кесте және график құрастыру.

/ Оқушылардың бойы/ 170,175,178..... тсс
Қорытынды:
1. Модификациялық өзгергіштік деген не?

№5 зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Организмдердің өзгергіштігі
Мақсаты: Өзгергіштіктің формаларымен тереңірек таныстырып, тұқым қуалайтын өзгергіштіктің себептері мен нәтижелері туралы мағлұмат беру.
Құрал-жабдықтар: электронды оқулық, суреттер, плакат
Жұмыс барысы:
1. Адамның тұқым қуалайтын ауруларының хромосомалық, гендік мутацияларға байланыстылығын анықтау.
2. Тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу нәтижелілігі.
Қорытынды: ..... ......

№6 зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Жергілікті өсімдік іріктемелерінің фенотиптері
Мақсаты: Заманауи сұрыптаудың міндеттері туралы оқушылардың білімдерін арттыру.
Құрал-жабдықтар: электронды оқулық, қызанақ іріктемелерінің суреттері
Жұмыс барысы:
1. Қызанақ іріктемелерінің тұқымдарын салыстыру, сипаттама беру, жемісінің пішініне, түсіне назар аударып, суретін салу.
2. Кесте толтыру
Іріктеменің ерекшеліктері 1-ші іріктеме 2-ші іріктеме
Фенотиптік белгілер
Топыраққа қойылатын талаптар
Егу мерзімі
Пісу мерзімі
Өнімділігі
Дәмдік сапасы

Қорытынды: Қызанақ іріктемелерін салыстыру.

№7 зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Әр түрге жататын өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктері
Мақсаты: Әр түрге жататын өсімдіктердің ерекшеліктерімен, олардың сыртқы белгілерінің жиынтығын сипаттайтын морфологиялық критерии ретінде таныстыру.
Құрал-жабдықтар: кеппешөптер, сызғыш
Жұмыс барысы:
1. Барлық мүшелерінің құрылысымен танысу.
2. Кесте толтыру

Өсімдік
атауы Жапырағының құрылыс ерекшелігі Сабағының қ.е Тұқым-ң қ.е Гүлінің қ.е Жемісінің қ.е


Қорытынды:
- Әр түрге жататын өсімдіктердің ұқсастықтарымен айырмашылықтары.
- Морфологиялық ерекшеліктері.

№8 зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Организмдердің мекен ортасына бейімделуі
Мақсаты: Ағзаның тіршілік ортасына бейімділік белгілерін анықтап, олардың салыстырмалы сипатын түсіндіру.
Құрал-жабдықтар: кеппешөптер / таңдау бойынша/
Жұмыс барысы:
1. Қуаңшылық жағдайда, ылғалды ортада, жарық және көлеңке ортада өсетін өсімдіктердің кеппешөптерін қарау.
2. Өсімдіктердің сыртқы құрылыс ерекшеліктеріне қарап, қандай ортада өсетінін анықтау.
3. Тіршілік ортасына байланысты қалыптасқан бейімділік белгілерін жазу.
4. Кесте толтыру
Өсімдіктің атауы Мекен ортасы Бейімділік белгілері


Қорытынды:
1. Бейімділік деген не?
2. Бейімділік белгілері қалай қалыптасқан?

№9 зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Өсімдіктердегі ароморфоздар және бунақденелілердегі идиоадаптациялар
Мақсаты: Өсімдіктердегі ароморфоздар мен бунақденелілердегі идиоадаптациялармен танысу
Құрал-жабдықтар: суреттер, электронды оқулық
Жұмыс барысы:
1. Өсімдіктердегі ароморфоздарды анықтау
2. Бунақденелілердегі идиоадаптацияларды анықтау

Қорытынды: Ароморфоздар және идиоадаптациялардың эволюциядағы маңызы қандай?

Сарамандық жұмыс:

№1 Қарапайым генетикалық есептер шығару
№2 Өз ататегіңе шежіре құрастыру

Топсеруен
№1 Тіршілік әлемінің көптүрлілігімен танысу мақсатында табиғатқа топсеруен жасау.

11 сынып
Мазмұны:

№1 зертханалық жұмыс. Мәдени өсімдіктердің іріктемелерін пайдаланып қолдан сұрыптаудың нәтижесін, түр критерийлерін, өзгергіштікті зерттеу
№ 2 зертханалық жұмыс. Организмдердің тіршілік ортасына бейімділігін зерттеп білу

№1 зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Мәдени өсімдіктердің іріктемелерін пайдаланып қолдан сұрыптаудың нәтижесін, түр критерийлерін, өзгергіштікті зерттеу
Мақсаты: Мәдени өсімдіктердің іріктемелерінің суреттерін қолдана отырып түр критерийлерін, өзгергіштіктерін зерттеу.
Құрал-жабдықтар: суреттер
Жұмыс барысы:
1. Итмұрынның гүлін, жапырағын мәдени раушангүлділердің іріктемелерімен салыстыру. Ұқсастықтықтарымен айырмашылықтарын қарап, жазу.
2. Қырыққабат іріктемелерінің суретінен жабайы тегі мен қолдан шығар-ның белгілі бір мақсатқа сай өзгерген мүшелерін қарау.
Қорытынды:
.... ....

№ 2 зертханалық жұмыс
Тақырыбы:Организмдердің тіршілік ортасына бейімділігін зерттеп білу
Мақсаты: Ағзалардың тіршілік ортасына бейімделушілігі туралы мағлұмат беру
Құрал-жабдықтар: коллекция /бунақденелердің/
Жұмыс барысы:
1. Көбелектер мен түкті ара, балара, қоңыздардың бүркеніш реңінің формаларын ажыратып, жазу.
2. Бүркеніш реңнің маңызын сипаттап жазу.
Қорытынды:
Организмдердің тіршілік ортасына бейімділуі деген не?
..................... Тәрбие.орг сайтынан Зертханалық жұмыстар жинағы 6, 9, 11 сыныптар үшін Қосымша сабақ жоспары материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Құдайбергенова Мадина Айтқазықызы

ШҚО, Катонқарағай ауданы, Еңбек ауылы, "Садық Түкібаев атындағы Еңбек орта мектебі" КММ

Пікірлер: 0

avatar